ҰБТ-да физикадан кездесуі мүмкін сұрақтар жауабымен

0
2042

1. Лездік жылдамдық — траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы [м/с], вектор.

2. Иінтірек дегеніміз – жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене.

3.Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.

4. Тұйық жүйе деп — сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

5. Жұмыс — күш әсерінің кеңістіктік сипаты болып келетін скаляр физикалық шама.

6. Оптика — жарық электромагниттік толқындарының пайда болуымен, таралуымен және затпен әсерлесуімен байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін физиканың тарауы.

7. Тербелістер — белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалыс немесе процесс.

8. Потенциалдық энергия — денелердің немесе олардың бөлшектерінің өзара әсерлесуіне байланысты энергия [Дж]

9. Энергия — дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын физикалық скаляр шама. Е [Дж]

10. Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.

11. Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.

12.Орташа жылдамдық- барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама [м/с], скаляр.

13.Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс – кезкелген бірдей уақыт аралығында дене бірдей орынауыстыру жасайтын қозғалыс.

14. Қозғалыстың салыстырмалылығы — әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.

15.Инерциялды санақ жүйесі — денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын санақ жүйелері.

16.Теңүдемелі түзусызықты қозғалыс – дене кез келген тең уақыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс.

17. Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.

18.Еркін түсу — бастапқы жылдамдықсыз ортаның кедергісі болмағанда дененің Жерге тартылу салдарынан құлауы.

19. Қозғалыс траекториясы – дене бойымен қозғалатын сызық.

20.Қисықсызықты қозғалыс – траекториясы қисық сызық және шеңбердің доғасы болып келетін қозғалыс.

21.Сызықтық жылдамдық – бірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама.

22.Бұрыштық жылдамдық – бірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама.

23. Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала – мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала – ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.

24. Векторлық шамалар — өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б.

25.Статика – дененің тепе-теңдігін және тепе-теңдік шарттарын қарастыратын механиканың бөлімі.

26.Күш моменті — күш модулі мен күш иінінің көбейтіндісіне тең векторлық шама.

27.Күш иіні (рычаг) – айналу осінен күштің түсу нүктесіне дейінгі аралық.

28.Жай механизмдер — күшті түрлендіру үшін қолданылатын тетіктер.Олар: иінтірек (рычаг), блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұрама (винт).

29. Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.

30.Күштің иіні — тіреу нүктесімен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа арақашықтығы

31.Блок дегеніміз – остің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар, өзі құрсауға орнатылған тегершік.

32.Жылжымайтын блок — жүк көтергенде осі жоғары, төмен қозғалмайтын блок.

33.Ешбір механизм жұмыстан ұтыс бермейді. Күштен неше есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз. Осы ереже «механиканың алтын ережесі» деп аталады

34.Пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы механизмнің пайдалы әсер коэффициенті(ПӘК) деп аталады.

35.Денелердің тепе-теңдігі дегеніміз дененің таңдап алған санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалмайтын күйі.

36.Сақталу заңдары — импульс пен энергияны, олардың сақталу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.

37.Дене импульсі(грекше impulsus-соққы дегенді білдіреді) — қозғалыстағы денені оның массасы мен жылдамдығына байланысты болатын физикалық шама. Кейде қозғалыс мөлшері деп аталады.

38. Жылдамдық — бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама [м/с]. Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі – км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ.

39.Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

40. Период Т[с] – дененің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кеткен уақыт

41.Бірлік уақыт ішінде атқарылатын жұмысты сипаттайтын скаляр физикалық шама (жұмыстың істелу жылдамдығы) қуат деп аталады

42. Үдеу [м/с²] – бірлік уақыт ішінде жылдамдық өзгерісін көрсететін векторлық физикалық шама.

43.Кинетикалық энергия (кинема – қозғалыс деген грек сөзінен шыққан) — дене қозғалған кезіндегі энергиясы (дене қозғалысын сипаттайды) [Дж].

44.Дененің массасы мен жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы кинетикалық энергия деп атайды.

45. Жиілік v[Гц=1/с] – бірлік уақыт ішіндегі тербелістің саны:

46.Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды,ол бір күйден екінші күйге айналады. Бұл қағида – энергияның айналу және сақталу заңы барлық жерде орындалады.

47.Механикалық тербелістер мен толқындар — қозғалыстың ерекше түрі тербелістер және тербелістің кеңістікте таралуын қарастыратын механиканың бөлімі.

48. Жер бетінің маңында тек ауырлық күші ғана әсер етсе барлық дене тік төмен бағытталған бірдей үдеумен қозғалады, бұл еркін түсу үдеуі деп аталады

49.Механикалық тербелістер механикалық шамалардың (ығысу, жылдамдық, үдеу, энергия және т.б.) тербелісі.

50. Жылдамдық – дененің бірлік уақыт ішіндегі орынауыстыруын көрсететін векторлық физикалық шама υ-const

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ