Пайдалы конспекті қалай жазамыз?

0
1033
Иллюстрация: Freepik.com

Оқушы үшін де, студент үшін де конспект жасау — басқа жазылған тағдыр. Тіпті қарапайым адамдар үшін де оқыған кітаптарына конспект жасай білу маңызды.

Шұбыртып бәрін жаза бермей, айтылған мәліметтің ең маңыздыларын теріп жаза білу, жүйелеп жаза білу, кейіннен іздеген кезде оңай табатындай етіп оңай жазу үлкен қасиет. Бүгін сіздерге осы қасиетті қалай тез меңгеріп алуды үйретеміз.

Келесі жолы конспект жасарда суреттегідей етіп дәптердің парағын үш бөлікке бөліңіз.

Оң жақ бөлігіне лекцияны өз сөзіңізбен жазыңыз. Мысалы, Қазақ хандығының құрылуы жайлы.

Сол жақ бөлікке мәтіндегі кілт сөздерді жазыңыз. Мысалы, Керей мен Жәнібек, Қозыбасы деген жер, т.б.

Астыңғы бөлікке лекцияға қысқа қорытынды жазасыз.

Міне, болды. Келесі жолы дәптерден мәлімет іздегенде кілт сөздер арқылы лекцияның не туралы екенін біле қоясыз. Қорытынды арқылы негізгі ойды түсінесіз. Санаңыздан ешқандай ақпарат ұшып кетпейтін болады.

Лекцияны жыдам жазу үшін:

Сонымен қатар, лекцияны жылдам жазу үшін өзіңізге ғана арналған қысқарған сөздерді құрап алыңыз. Мысалы, @ — интернет, & — және, тсс – тағы сол сияқты, т.б. бұдан кейін ешкім сіздің дәптеріңізді «көшіріп алайын» деп сұрамайтын болады. Қайдан сұрасын, сіздің қысқарған сөздеріңізді түсінбейді.

Мұның бәрі сіздің өміріңізді жеңілдетуге арналған лайфхактар. Қолданыңыз да, өзгеге үйретіңіз.

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ