ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары

0
969
Иллюстрация: Freepik.com

1. 140 алуға керек барлық ақпаратты сапалы түрде алып үлгересің. Мысалы, таңдау пәндерінің оқулықтары мен «Қазақстан тарихы» оқулықтарын жаттап үлгеруге, кейінгі жылдардағы тест нұсқаларын талдауға уақытың болады.

2. Уақыт интервалдарымен қайталау әдісінің бар күшін пайдаланала аласың. Мысалы, флеш-карта, анки, қолдан жасалған сұрақ-жауап карталар ұзақ уақытқа дейін есте сақтауға арналған. ҰБТ-ға аз уақыт қалғанда осындай тәсілмен дайындала бастау эффективті болмауы мүмкін.

Себебі ақпарат уақытша жадтан ұзақ уақыттық жадқа ауысып үлгермейді. Ал егер осы бастан уақыт интервалдарымен қайталау тәсілін (бүгін — ертең — 3 күннен соң — 1 аптадан соң — 2 аптадан соң — 1 айдан соң — 2 айдан соң — 4 айдан соң, 8 айдан соң — т.с.с.) пайдалансаң, есіңде қалуы керек ақпарат таңертең оятып сұраса да жауап бере алатыныңдай жадыңда қалады.

3. ҰБТ-ға дайындалудың неше түрлі амал-тәсілдерін сынап көруіңе уақытың бар. Біреуі ұнамаса екіншісін, ол ұнамаса үшіншісін байқап көріп, саған қандай әдіспен ҰБТ-ға дайындалған тиімді, ыңғайлы, эффективті екенін анықтап, қалған уақыттың бәрінде соны қолдана аласың. Жалпы, ҰБТ-ға дайындық бірсарынды болмау үшін, дайындық құралдарын араластыра қолданған жөн.

4. Өз өміріңді өзің басқарып жатқандай сезім болады. Істейтін нәрсең болса, әлдене істеу оңай, болмаса, әлдене істеу қиын. ҰБТ арқаларыңнан дем алып тұрмаған кезде ҰБТ-ға дайындықты бастау қиын. Себебі тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Бірақ сонда да сен дайындықты бастап, күніне мақсатыңа бір-бір қадамнан жасасаң, өзіңді қандай жігерлі адам сезінетініңді білесің бе!?

5. Саған енді тоқыраулар қорқынышты емес. ҰБТ-ға аз уақыт қалғанда дайындықты бастасаң, жоғары темппен бірнеше апта сабақ оқығаннан кейін энергия жетіспеушілік, шаршаушылықты сезінетін едің. Сосын өзіңді «Неге ертерек дайындала бастамадым?» деп жазғыратын едің. Енді қазір көтерілумен қатар арасында шаршаушылық, тоқыраулар болса, сен қамықпайсың. Сәл демалып, оқуға шабытың оянатын кезді күте тұрасың да, дайындығыңды демалыстың алдындағы қарқыннан да жоғары қарымда жалғастырасың! Себебі асығатын және өзіңді жазғыратын дәнеңе жоқ.

6. Курстарға барсаң да бар ақпаратты асықпай қорытуға уақытың бар. Нейро курстар болсын, басқа курстар болсын, асықпай, аптықпай, байыппен ғана барлық ұстаздарыңның айтқан нәрселерін істеп, тапсырмаларын орындап үлгересің.

7. Неше түрлі челлендждер жасай аласың. Мысалы, «7 аптада 4 оқулық жаттау», «1 айда Қазақстан тарихынан барлық база сұрақтарын жаттап алу», «Жан төзгісіз апта» (Адская неделя), «Жан төзгісіз ай», т.с.с. Солайша ҰБТ-ға дайындық бірсарынды іш пыстыратын нәрселерді істеу емес, толған челлендж бен миыңа «вызов» болады.

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ