Диаграммаларды салу (сабақ жоспары)

0
1791
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы:           Диаграммаларды  салу

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру   туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Диаграмма  тұрғызудың  негiзгi  қадамдарын  орындай отырып, өз бетiнше жґмыс iстеу дағдысын қалыптастырып, логикалық  ойлау қабiлетiн дамыту.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Қолданылатын пед.технология: 

Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/

Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/

Оқыту әдіс-тәсілдер:   Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, деңгейлiк  тапсырмалар, бiлiмдi  бағалау  парағын  қолдану.

Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер, интерактивтік тақта, электрондық оқулық,  слайд,  оқулық.

Оқушы білуі қажет: Excel программасында диаграмма құру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Жаңа сабақтың  мақсаты  мен  мiндетiн  хабарлау.

Сұрақ –жауап ретiнде  қайталау  жүргiзе  отырып  жаңа  бiлiм  хабарлау, бекiтуге  жеке  топтарға  деңгейлiк   тапсырмалар  беру, бiлiмдi  бағалау  парағы  арқылды  оқушылар /эксперттар/  бiрiн-  бiрi  бағалау.

  1. Сұрақ-жауап, өткен тақырыптар  бойынша  сұрақтар, математика  пәнiнен  диаграмманы  есiмiзге  түсiремiз.
  2. Деректерді  сақтау үшін қандай амалдар орындаймыз?
  3. Формула қандай символмен басталады?
  4. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.
  5. Сандардың қосындысын есептейтін формуланы атаңыз
  6. Excel – де функциялар қайда қолданылады?
  7. Функциялардың жазылу түрін көрсетіңіз
  8. Тригонометриялық функцияларға қандай функциялар жатады?
  9. ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ қандай функциялар?
  • Жаңа бiлiмдi  хабарлау, түсiндiру.

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Бірақ бұл біз  бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 %  -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.

Дөңгелек  диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.

Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі  отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:

  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
  • Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
  • Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
  • Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
  • Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған  белгілеу  маркерлерін  жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның   оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete  пернесін басыңыз.

Microsoft  Excel  электрондық  кесте редакторының  ең  көзге  түсер  ерекшелiктерiнiң  бiрi   сандар қатары  мен  бағаналардағы  информацияны  толық  көрнекi түрде  кескiндей  алатын  графиктер  мен  диаграммаларға  айналдыру  болып  саналады. Диаграммалар-мәлiметтердi  графиктiк  түрде  кескiндеудiң  ыңғайлы  түрi. Олар берiлген  шамаларды  салыстырмалы  түрде  бағалау  мүмкiндiгiн  бередi.Бұл  редакторда  14  түрлi  диаграммалар  бар. Диаграмма  тұрғызу  жолы  төрт  қадамнан тұрады немесе  төрт  сұхбат  терезесi  арқылы  орындалады.

Бiрiншi  қадам   /диаграмма  типi/, диаграмма  шеберi  терезесiнен  диаграмма  типiн  таңдау.

Екiншi  қадам  /диаграмма  деректерiнiң  көзi/диаграмманы  тґрғызу  арқылы көрсетiлетiн терезе  пайда  болады.

Үшiншi  қадам  /диаграмма  параметрлерi/  диаграмманы  безендiру  ұсынылады.

Төртiншi  қадам  /диаграмманы  орналастыру/ бұл  терезе  диаграмманы  жеке  бетке  немесе  осы  тұрған  орнына  орналастырады.

Ескерту!

Диаграмма  тұрғызу  кезiнде  олардың  әр   түрлi  типтерiн  қарап отырып, iшiнен  ең көрнектi, тиiмдi  деген  бiреуiн  таңдап  алу  керек.

  1. Практикалық бөлім
  2. Практикалық кезеңде 5 тақырыпқа  арналған  8.5 тапсырма практикумын компьютерде орындау.
  3. SIN_kaz электрондық оқулығындағы “Есептеулер және диаграммаларды құрастыру” бөліміндегі тапсырмаларды орындау.
  4. Деңгейлiк тапсырмалар  Үш  топқа  бөлiнедi:

p -жеңiл  тапсырмалар

¢ -стандартқа  сәйкес  тапсырмалар

l-күрделi  тапсырмалар

Оқушыларқа  сабақтың  басында  есекертiледi:  әрбiр  оқушы  жаңа  технология  бойынша   өз  деңгейiнде  тапсырмаларды  таңдап  алып, бағаланады.

Деңгейлiк  тапсырмалардың үлгiсiнiң бiр  нұсқасын   ұсынып  отырмын.

Берiлгенi бойынша  дөңгелек  диаграмма  тұрғыз:

Қазақтар 7913,2
Орыстар 5286,3
Украиндар 750,6
Өзбектер 354,1
Татарлар 258,3
Немiстер 370,7
Басқа  ұлттар 1081,1

 

¢ Функция  шеберi  арқылы  у=х3  функциясының  мәнiн  тап. Аргументтерi  берiлген:

Х 1 3 4 6
У=х3

 

Формула  енгiзу  арқылы функцияның  мәнiн  тап. Диаграмма  тұрғыз.Графиктi  бөлек  бетке  орналастыр.

l Кеңейтiлген  фильтрдi пайдаланып, мынадай тапсырманы орында: Күннен  1000  млн  км-ден  аса  қашыктықта  орналасқан, әрi  бiрден  артық  емес  серiгi  бар  планеталарды  анықта.

  1. Сөзжұмбақ шешу.
  2. Бекіту. Сұрақ саған, жауап маған.
  3. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
  4. Аңыз не үшін қажет?
  5. Диаграмма осьтері.
  6. Тақырып не үшін қолданылады?
  7. Диаграмма типтерін атаңдар.
  8. Диаграмма элементтері.

VII. Сабақты  қорытындылап,бағалау  парағы  арқылы бағаланды.

Бiлiмдi  бағалау  парағы.

Р/с Оқушының

аты-жөнi

Қайталау

cұрақтары

 

Жаңа сабаққа қатысуы Практикалық кезең Балы Бағасы
1 2 3
 

 

 

Критерийлерi  1-4 балл  жинаса « 3» бағасы,  5-8 балл  «4»  бағасы,  9-12  балл жинаса  «5»  бағасы 

VIII. Үйге тапсырма беру:   Диаграммаларды салу

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материал:

  1. Информатикадан глоссарий тізімі. 3D панорама, дендрит, синапс деген не?
  2. Информатикадан тест тапсырмалары
  3. Жасанды интеллект деген не?
  4. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  5. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  6. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы
  7. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  8. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  9. Анимация және мультипликация, анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу
  10. Алгоритм және визуалды программалау технологиясы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ