Ел аңыздары және жыраулық мұра

0
867
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Асанқайғының қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінен алатын орны жайлы Ш.Уәлиханов пен Құрбанғали Халидұлынан бастап қазақ оқымыстылары үзбей жазып келеді.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы М.Әуезов, С.Сейфуллиндердің әдебиет тарихына  байланысты белгілі еңбектерінде де, кейінгі  Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ә.Дербісәлин, Ш.Сәтбаева, М.Мағауин, Ж.Тілепов, М.Жармұхамедов, т.б. әдебиетшілердің  ежелгі жыраулық мұра жайлы зерттеулерде мүмкіндігінше сөз болуда. Бұл ретте жыраудың өмір сүрген уақытын айқындауға бірден бір жәрдем беретін 1897 жылғы газетінің 47-ші санында жарияланған төмендегі халық аңызынша ерекше назар аударған жөн деп білеміз.

«Бұрынғы заманда Еділ мен Жайықтың арасында бір үлкен патшалы жұрт болған. Ханы Жәнібек хан деген екен. Оның жұртында бір Асанқайғы деген жұрттың қамын ойлаған данышпан адам болыпты.  Өзінің ақылдылығы сондай екен, ілгері де не болатынын болжап, күні бұрын халыққа айтады екен, сондай-сондай болады деп… Жәнібек хан дегеніне жетіп тұрған кезінде асанқайғы 95-ке келген кезі екен»… делінеді де, одан әрмен Жәнібектің сарай салдыру үшін Ресейден орыс шеберлерін алдырып, ғимаратты бітіртіп той жасататындығы, кейін Қарашаш атты күңін некелеп, әйелдікке алып, құладын құсты баулып, оған аққу ілдіріп, осылардың бәріне той өткізіп,  соларға Асанқайғының риза болмай, сарайың оны салған орыстарға бұйырар, күңді әйел еткенің тұқымың хандықтан айрылар, құландынға қудың олжа болғаны көңіліңнің, жеріңнің шын иесінен айырылып, жар жұрттыққа бодан болатындығына көрінер деген болжамдары әңгімеленді.

Екінші аңыз да осынған ұқсас. Тек онда Әз-Жәнібек ханды «ойлы кісі екен» деген тіркес бар. Сосын бұл әпсанада Асанқайғының қазаққа қоныс етер жайлы мекен іздеп 17 жыл дүние жүзін кезетіндігі сөз болды. Ал, осы жайлардың барлығында Асанқайғы жырлаған.

Аңыз бен жырау сөздерін өзара салыстырғанда бірінде айтылатын ой екіншісінде түгелдей дерлік қайталанады. Және көріпкел жанның айтқандарының кейін барлығының да іс жүзінде дәл солай болып шыққандығы таңқалдырады.

Жыраудың осы күнге дейін өмір сүрген кезеңі туралы айтқанда, жобалап та болса ол қай кезде туып, қай тұста дүниеден өтті деген мәселе де зерттеушілердің көп күмілжитіні аян. Ол заңды да. Бірақ, бір нәрсеге ден қою керек сияқты. Егер Асанның осы мезгілге жеткен шығармаларын өзінікі екендігі, оның Әз-Жәнібекке айтқан сөздерінің деректілігін мойындар болсақ, сол шығармалардағы барша мәліметтерді Әз-Жәнібек пен Асанқайғы туралы әпсаналар жарыса баяндап, көмескіліктің пердесін ысырып отыратындығы тегіннен тегін емес деп білу керек. Сөйтіп, әпсананың берер дерегін мойындасақ, Әз-Жәнібектің абырой-беделі дәуірлеп тұрған тұс 1460 жылдардың ақырында Асанқайғыны 95 жаста. Демек, көпті көрген көне көз жырау1360 жылдардың ақырында дүниеге келген азамат болып шығады.

Жыраудың өмір сүрген дәуірінне байланысты осы тұста оның «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларының мәні түсіндіріледі.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  2. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  5. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  6. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  7. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  10. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  11. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  12. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  13. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ