Есептеудің ең тиімді бес жолы

0
793
Иллюстрация: Freepik.com

Калькулятор қолдануға үйреніп қалғанымыз соншалықты, кей жағдайда қарапайым есептерді де шеше алмай ойланамыз. Бүгінгі материалда калькулятордың көмегінсіз есептеудің тиімді әрі жеңіл бес жолын айтамыз.

1. Беске көбейту

Санды 5-ке жеңіл көбейту үшін, алдымен санды 2-ге бөліп, содан соң 10-ға көбейткен жөн. Бірақ ол сіздің үйреншікті есептеу жолыңызға да байланысты. Біреулерге 5-ке көбейткен ыңғайлы.

Мысалы: 22 х 5 = 110 немесе 22 / 2 = 11, 11 х 10 = 110

2. Төртке көбейту

Санды 4-ке көбейту кезінде көбейту кестесін еске түсіріп отырудың қажеті жоқ. 2-ге екі рет көбейту арқылы есептеген жеңілге түседі.

Мысалы: 9 х 4 = 36 немесе 9 х 2 = 18, 18 х 2 = 36

3. Үшке бөлінгіштігін тексеру

Кез келген санның 3-ке бөлінетіндігін білу үшін сол санды құрауыштардың қосындысы 3-ке бөліну қажет.

Мысалы: 126, 1 + 2 + 6 = 9. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 126 саны да 3-ке бөлінеді.

4. Үш таңбалы санды 1001-ге көбейту

Үш таңбалы сандарды 1001 санына қарапайым жолмен көбейтуге болады. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткен кезде, сол бірінші көбейткіш сан екі рет қайталанады.

Мысалы: 589 х 1001 = 589589

5. Тоғызға көбейту

Егер санды ойша 9-ға көбейту қиынға түссе, сол санды алдымен 10-ға көбейтіп, одан сол бастапқы санды азайтып тастаңыз.

Мысалы: 24 х 9 = 216 немесе (24 х 10) — 24 = 240 — 24 = 216

Басқа материалдар:

  1. Математика туралы қызықты фильмдер
  2. Математиканың өмірде қандай пайдасы бар?
  3. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  4. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  6. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  7. Математика туралы қызықты деректер
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ