«Excelдегі» формулалар (сабақ жоспары)

0
1078
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

Білімділік: формула енгізуді, функция батырмасы көмегімен формула шақыруды, сілтемелерді көшіруді үйрету.

Тәрбиелік: Өзгенің ойын тыңдай білуге, сыйлауға, уақытты үнемдей білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Формула енгізу ережесін дәлелді жеткізе білуге, өз ойын түйіндеуге, бірнеше тапсырма түрлерін орындағанда қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Практикалық шеберліктерді дамыту сабағы

Құрал-жабдықтар: көрнекті құралдар: компьютер, үлестірмелі топшамалар, «Дана ағашы» суреті, бейнежазба, PREZI бағдарламасында жасалған презентациялар т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (3 минут)

Студенттермен амандасу, олардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныптың оқушыларын жапырақ түстеріне қарай топтарға орналастырамын. Топқа атау беріледі.

1-топ: Автоқосынды
2-топ: Максимум
3-топ: Минимум

Көшбасшыға бағалау парағын тапсырамын

10 балдық жүйе:
10-9 балл — «5»
8-6 балл – «4»
5- балл – «3»

Оқушылардың аты-жөні Үй тапсырмасы (1 балл) Постермен жұмыс (2 балл) Компьютермен жұмыс (5 балл) Барлық балы Бағасы
1            
2            
3            

 

Студенттерге дербес компьютермен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жайлы нұсқау беру.

ІІ. Үй тапсырмасы: (7 минут)
Ойын: «Үш қақпа» ойыны.

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша білуге тиісті сұрақтар қарастырылады.

Шарты: Әр қақпада 5 сұрақтан беріледі. Экранда жабық ұяшықтар бойынша 15 сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға толық жауап берген студенттер балдық жүйемен бағаланады.

1-топқа «Жасыл қақпа» сұрақтары.

1. MS Word кестесінің соңғы ұяшығына қатар қосу үшін қолданылатын перне? Tab
2. Мәтіннің оң, сол жақ шекарасын және азат жолды бірінші жол шегінісін көрсету үшін
қолданылатын құрал ? Сызғыш
3. Word кұжатында кестені жою үшін не істеу керек? Кестені белгілеп, Backspace пернесін басу.
4. Word редакторында буферден деректерді ағымдағы құжатқа кірістіру пернелер
комбинациясын атаңыз? Shift+Ins
5. Word редакторында <Стильдер және пішімдеу> командасы орналасқан мәзір атауы? Пішім (Формат)

2-топқа «Сары қақпа» сұрақтары.

1. Word редакторында <Тізім> сұхбаттық терезесінде нені өзгертуге болмайды?
( Тізім элементтерінің мазмұнын)
2. Word редакторында деректерді буферге қиып алу пернелер комбинациясы? (Shift+Del)
3. Word редакторында саймандар панелінің санын анықтайтын команданы атаңыз? (Түр)
4. Кестеде алфавит бойынша тізімді сұрыптау қалай іске асады? (Таблица – Сортировка)
5. Word мәтіндік редакторының қандай командаларының кӛмегімен құралдар тақтасына қажет пернелерді шығаруға болады? (Сервис – Настройка – вкладка «Команды»)

3-топқа «Қызыл қақпа» сұрақтары

1. Word редакторында ерекшеленген мәтін фрагментін баспаға шығару жолы ? (Файл– Баспа – Ерекшеленген фрагмент)
2. Word редакторында терілген мәтін қандай кеңейтілумен (типпен) жазылады ? (DОС)
3. Word Шрифт өлшемі қалай өзгереді? (1-ден 1638-ге дейін)
4. Word, Excel, Access, PowerPoint бағдарламалары басты менюдің қандай категориясында орналасқан? Бағдарламалар (Все программы).
5. Microsoft Word бағдарламасында формула редакторының атауы: Microsoft Equation

ІІІ. Ой қозғау: «Excelдегі» формуланы қалай түсінеміз? (5 минут) Сұрақ қоямын, ойларын жапырақтарға жаздырамын. «Дана ағашына» жапырақтарды ілдіремін. Бұл жерде «Болжау» стратегиясы қолданады. Студенттер жаңа сабақ бойынша болжау жасайды, әркім өз ойларын айтады.

ІV. Жаңа сабақ:

Бейнежазба көрсету арқылы сабақты бастаймын. (8 минут) Жаңа тақырып демонстрациялаудан тұрады, оқытушы жаңа тақырыпты PREZI программасында жасалған слайдтар бойынша түсіндіреді. Оқушылар мұғаліммен бірге ілесіп
көріп, оқып, қажетті жерлерін дәптерге жазып отырады.

«Excelде» кез келген формуланы жазу үшін ―=‖ белгісінен басталып жазылады. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында сол белгісінін басса жеткілікті. Мысалы, =В3+С3+D3 ұзын формуланың орнына Е3 ұяшығына =СУММ (В3:D3) формуласын енгізуге болады.

Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер. Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан-ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді. Мысалы, А3 ұяшығындағы =А1+А2 формуласын В3 ұяшығына көшіру барысында формула =В1+В2-ге өгереді.

Абсолют сілтеме ұяшық мекенжайын белгілеу үшін қолданылады. Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $
белгісі пайдаланылады, мысалы, $A$1, $C$3. Кейде формуланы ауыстырғанда немесе
көшіргенде тек жол нөмірі мен қатардың атын сақтау қажет. Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді. Мысалы, $А1 (көшіру кезінде қатар аты А өзгермейді) немесе С$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді).

V. Топтық жұмыс жаңа тақырып бойынша постер құрастыру: (6 минут)
Постерге түсіріп, әр топ өз жұмысын қорғайды

VI. Практикалық бөлім (10 минут)

1-тапсырма: Жұппен жұмыс. Студенттер жұптасып компьютерде орындайды.
Бұл бөлімде оқушылардың жаңа тақырыпты компьютерлік технология көмегімен қалай
меңгергендерін тексеруге арналған тапсырма беріледі. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

45 45 78  
12 61 45  
36 25 65  
25 85 23  
       

2 — тапсырма
Сандардың арифметикалық ортасын табу

5 7 2 9 4 5 3 1 5  

 

VІI. Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырамын. Бейнежазба қарап көзге арналған жаттығуды орындайды.

VІІI. Ой толғаныс: Топпен жұмыс

Сабақтың немесе үзіліс ұзақтығының өзгеруімен бірге қоңырау кестесінің өзгеретін электрондық вариантын құрыңдар:

Орындау реті:
1. Ұяшықтарға мәтіндер енгізу: А1-«Қоңырау кестесі», В3-ке «Сабақтың басталуы», С3-ке «Сабақтың басталуы», А4:А10-ға «1 сабақ», «2-сабақ» …, «7-сабақ», D3 «Сабақтың ұзақтығы», Е3-ке «Үзілістің ұзақтығы»

2. Бастапқы мәндерді енгізіңдер: В4 ұяшығына 8:00, F3-ке ұяшығына 0:45, F4 ке 0:05
3.Қалған ұяшықтарға мынандай формула енгіземіз:

Сабақтың аяқталуы: «Сабақтың басталуы» +«ұзақтығы» формуласымен есептеледі. Бұл үшін қандай формула жазу керек?

4.Қалған сабақтардың бәрінің басталуы алдыңғы сабақтың аяқталуы уақыты мен үзіліс
ұзақтығының қосындысы ретінде анықталады. В5 ұяшығына қандай формула жазылады?

5. Енгізілген формулаларды ұяшықтардың сәйкес аймақтарына көшіріңдер, абсолюттік
адрестеуді ұмытпаңдар.

ІХ. Рефлексия (3 минут) қайта ораламын. Оқушылар ойын сұраймын.

Мақсаты: Оқушылар сабаққа кері байланыс жасау арқылы білімдерін жүйелеу үшін
қолданамын. «Алма» стикеріне ойларын жазғызамын «Дана ағашына» ілдіремін. Ой қозғау бөліміндегі пікірлерінің дұрыстығына көз жеткізеді.

Х. Үйге тапсырма: (1 минут) Формуланы енгізу және көшіру тақырыбын толықтырып келу. Автомобиль бөлшектерінің құнын шығаратын кесте құрып келу.

ХІ. Бағалау: (2 минут) Көшбасшы бағалау парағы бойынша қорытындылайды. Хабарлайды. Қорытынды бағаны өзім қоямын.

Студенттер алдарында жатқан түрлі «Смайликтерді» көтеру арқылы бүгінгі сабақтың
қаншалықты ұнағандығын білдіреді.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Эрудит» зияткерлік сайысы. Сыныптан тыс шара (5 сынып)
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ