Фельетонның түрлері

0
4977
Freepik.com

Фельетонның туылған күні – 27.01.1800ж. Парижде «Де Пари» журналына 1 бетіне қосылды. Онда күлкілі әңгімелер, анекдоттар,хабарламалар жазылған. Фельетон (франц. – бір парақ бет).

Түрлері:

  1.  Адрестік фельетон – біреуге арналған
  2.  Адрессіз фельетон
  3.  Фельетон-мақала
  4.  Фельетон-корреспонденция
  5.  Фельетон-драма
  6. Фельетон-өлең
  7.  Фельетон-баллада
  8.  Фельетон-ертегі
  9.  Фельетон-хат
  1. Жанболат Аупбаев — журналист, редактор
  2. Болашақ тележурналистерге Айнұр Омардан 15 кеңес
  3. Журналистиканың басты кейіпкері — шындық
  4. Эпиграмма жанры кімнің шығармасында жиі кездеседі?

Фельетон. Сатиралық жанрдың бір түрі — фельетон. Фельетон дегеніміз — шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады.

Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.

Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу мол кездеседі.

Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған.

Сатира — І.Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира «Тілші» (1923 — 25), «Еңбекші қазақ» (1928 — 31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 1929 жылы «Сықақ» атты жинақ шығарды.

І.Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 1935 жылы «Құқ»деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді.

20-жылдардағы сатираға А.Сегізбаев т.б өзінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы «Түйреуіш» атты жинақ шығарған Қ.Қуанышбаев, «Тоқсан» атты кітабы шыққан Ж.Сәрсеков,

«Күлмескене» жинағы басылған Қ.Тайшықов пен «Шаншу» атты кітаптың авторы Е.Дүйсенбековтерді айтуға болады.

Дереккөз: «Тұран» университеті, журналистика мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Сұхбаттасу процесіндегі сөздер
  2. Отандық тележурналистика тарихы
  3. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  4. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  5. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  7. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  8. Ежелгі дәуір әдебиеті
  9. Лиро-эпостық жырлар. Халық ауыз әдебиетінің рухани қазынасы
  10. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ