Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі

0
3876
Freepik.com

Тақырыбы: Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі.

Жоспар:

1. Философия және дүниетаным.
2. Дүниеге көзарас: мифология, дін және философия.
3. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі және философиялық білім
құрылым.
4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі
Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.

1. Философияның пайда болуы дүниеге көзқарастық сұрақтардан бастау алды.
Дүниеге көзқарас – дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама
көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі.

2. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері:
1. Мифология;
2. Дін;
3. Философия.

Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы
тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы, қияли түсініктерге негізделген.

Дін – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке
сенімге негіздеп жасады.

Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде
құрастырылған, рационалды дүниеге көзқарастың жүйесі. Философия – адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты салаларының бірі. Алғаш ертедегі Үнді, Қытай Грецияда б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып, қоғамдық сананың мықтап бекіген формасына айналды.

Философия  қалыптасқаннан-ақ дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді. Табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың  дағдарысы кезінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туғанда философиялық дүниетаным қалыптасты. Философия – болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.

3. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүйенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді
емес. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады, философия
рационалды танымды негіздейді.

Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:

онтология – әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы
ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;

гносеология – таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы
жөніндегі ілім;

әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен
табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;

антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.

аксиология – құндылықтар туралы ілім;

этика – адамгершілік, мораль туралы ілім;

логика – ойлау заңдылықтары туралы ілім;

эстетика – сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.

4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық
қызметтрінен көруге болады:

1. дүниетанымдық — дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;

2. методологиялық – қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді,
нақтылайды;

3. теоретикалық – концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені
барынша жалпылауға үйретеді;

4. гносеологиялық – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді;

5. аксиологиялық (гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;

6. әлеуметтік – қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау;

7. тәрбиелік – гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға
керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;

8. сындарлы – білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;

9. болжамдық (футурологиялық) – қолда бар философиялық білімдерге, таным
жетістіктеріне сүйене отырып таным процесстерінің, адамның, табиғаттың, қоғамның
даму тенденцияларын болжау.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Дүниеге көзқарастың сенім мен догмаларға негізделген тарихи түрі –
A. онтология
B. философия
C. дін*
D. Миф
E. өнер

2. «Философия» термині грек тілінен аударғанда:
A. пікір таластыру
B. әлем мен адам туралы ілім
C. даналыққа құштарлық*
D. жан бақыты
E. әлемге деген құштарлық

3. Дүникөзқарастың анықтамасын көрсет:
A. қоғам туралы білімдер
B. адамгершілік туралы білімдер
C. әлемге деген діни көзқарас
D. әлемге, әлемдегі адамның орнына деген көзқарастар*
E. практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы

4. Миф деген сөздің көне грек тілінен аудармасы қандай?
A. сөз құрылымы
B. оқиғалар желісі
C. Аңыз*
D. жалған мен ақиқаттың үйлесімділігі
E. Ақиқат

5. Ғылыми білімнің әдістемелік белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның қызметі:
A. аксиологилық
B. реттеуші
C. гуманистік
D. методологиялық (әдістемелік)*
E. гносеологиялық

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

  2. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  3. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  4. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  5. Витаминдердің аталуы және жіктелуі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ