Фонетикалық заңдар

0
1498
Иллюстрация: Freepik.com

Дәріс жоспары: 

  1. Фонетикалық заңдар.

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.

Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады.

Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.

Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы.

Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.

Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.

Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.

Сөздік

Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы

Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы

Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім

Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин

Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин

Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім

Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы

Лингвистика – тіл туралы ғылым

Лингвист – тіл маманы

Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі

Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім

Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин

Омограф — грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин

Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала

Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім

Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Семиотика – таңбалар жүйесі

Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді

Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі

Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала

Синхрония – гректің бір кездегі

Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы

Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс

Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім

Энклитика — өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Басқа материалдар:

  1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
  2. Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде) (Дипломдық жұмыс)
  3. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  9. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг
  10. Сөйлеудің фонетикалық бірліктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ