Геометриялық оптика тарауы бойынша ҰБТ-да кездесетін сұрақтар жауабымен

0
3150
Иллюстрация: Freepik.com

Егер линза жинағыш болса, d > 2F жағдайда линза беретін кескін:
● шын, төңкерілген, кішірейтілген

F < d < 2F болса, линза беретін кескін:
● шын, төңкерілген, үлкейтілген

d<F болған жағдайда линза беретін кескін:
● жалған, тік, үлкейтілген

Шашыратқыш линза беретін кескін:
● жалған, тік, кішірейтілген

Дөңес айна әрдайым беретін кескін:
● жорамал

Көз бұршағы көмегімен көз торында алынатын дене кескіні:
● кішірейтілген, төңкерілген, шын

Фотоаппараттың беретін кескіні:
● шын, кішірейтілген, төңкерілген

Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның бергі жағында пайда болады. Көздің кемістігі және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линза:
● жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза

Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның АРҒЫ жағында пайда болады. Көздің кемістігі және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линза:
● алыстан көргіштік, жинағыш линза

Жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы:
● сфералық аберрация

Линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы:
● хроматтық аберрация

Линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау:
● астигматизм

Кескіннің қисаю құбылысы:
● дисторсия

Көздің жақсы көру қашықтығы:
● 25 cм

Оптикалоық аспаптар:
● лупа, перископ, микроскоп, телескоп, фотоаппарат, диаскоп, эпидиаскоп, көз, көзілдірік

Қиылысатын жазықтықтармен шектелген мөлдір дене:
● призма

Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене:
● линза

Фокус арақашықтығына кері шама:
● линзаның оптикалық күш

Линзаның оптикалық күші өлшем бірлігі:
● 1 дптр (диоптрия)

Жарықтың түзусызықты таралуына негізделген құбылыc:
● көлеңке және жартылай көлеңкенің пайда болуы

Астрономиялық әдіспен жарық жылдамдығын анықтаған:
● Оле Ремер мен Джеймс Брадлей

Лабораториялық әдіспен жарық жылдамдығын анықтаған француз физигі:
● Луи Физо

Шағылудың түрлері:
● диффузиялық(шашырау) және айналық

Жарықты барлық бағытта біркелкі шашырататын бет:
● тегіс бет

Жазық айна формуласы:
● d=-f

Шағылдыратын беттері қисық болып келетін айна:
● cфералық айна

Жарық сәулесі таралады:
● түзу сызық бойымен

Жарық сәулесі түзу сызық бойымен таралады:
● біртекті ортада

Ферма принципі:
● жарық кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен таралады

Басқа материалдар:

  1. Электромагнетизм тарауы бойынша ҰБТ-да кездесетін сұрақтар жауабымен
  2. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  3. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  4. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  5. Тербеліс түрлері
  6. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  7. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  8. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  9. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  10. Физика пәнінен кроссворд
  11. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ