Гоболен өнері туралы не білеміз?

0
4119
Гоболен
Тоқыма өнері – қолөнердің көнеден келе жатқан түрі. Кілем тоқушы шеберлер қазақ тың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді.
Тоқыма өнерінің түрлері: кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері – жылдан жылға дамып келеді.
Суретті кілем – гобелен өнерінің шығу тарихы ХV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия, Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Гобелен тоқуға кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланды.
Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінесе табиғат көрінісін белгілесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпо тарды бейнеледі. Ресей суретшілері 
тақыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды.
Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы 1970 жылдардан басталды. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алға қы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен
тоғысты.
Құрасбек Тыныбеков (1947–1980) шығармашылығының  дамуы тікелей гобелен тоқу өнері мен байланысты. Оның шығармашылық ізденістегі басты жетістігі – классикалық
гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыруы.
Ең алғаш орындаған гобелендері: «Шолпан», «Отбасы», «Көк тем», «Тау мен дала» – композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар еді. Қ.Тыныбеков гобелендер, текеметтер жасау барысында әртүрлі техникада жұмыс істеді.
Дереккөз:
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
2. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық, 2019 жыл
Басқа да  материалдар:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ