Грек жаңғағын қандай емге қолдануға болады?

0
1086
Иллюстрация: Freepik.com

Қазан айының соңында пісетін, нағыз емге қолданатын жеміс–грек жаңғағы.

— Жаңғақтың жас тамырын қазып алып жуып, көлеңкелі жерде кептіріп ұнтақтайсыз. Осы ұнтақтың жарты стаканын суға салып, 10-15 минут жай отынға қайнатасыз. Бір күн тұндырып, үстіне 100 грамм алма сірке суын қосасыз. Ол ТАМАҚ ауырғанда ( фарингит, ангина) аузын жиі-жиі шайса, тез жазылады. Сондай-ақ тістің етін жетілдіріп, ісуін, қан ағуын тияды. Осы тұнбамен жас баланың аузы улып, сілекейі тоқтамаған кезде дәріге дәкені матырып, сүртіп отырса, бір күннің ішінде жазылады.

— Жаңғақ майының бір қасығына бір жұмыртқаның ағын қосып, ыстық судан, жалыннан, күйген жерді сүртсе, тыртықсыз тез жазылады.

— Құлағы ауырған адамға жаңғақ дәнінің майын ысытып, күніне 1-2 тамшыдан 7 күн тамызуы керек. Міндетті түрде осы кезеңде басты орап жүрген дұрыс.

— Жаңғақтың сыртқы сүйегін күлдей етіп ұнтақтап бір қасығын жарты литр алма сірке суына салып бір ай тұрғызады. Солан соң 10 күн үзбей кешке сол тұнбамен сүрту керек. Аяқтан иіс шығу кетеді.

— Грек жаңғағының діңінен, тамыр қабықтарынан алынған шырынына (сөлін) дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Іріңді жараларды емдейді.

— Бронхит кезінде ЕРЕСЕКТЕРДЕ: жарты кг грек жаңғағына 300 гр бал, 100 гр алоэ шырынын және де 4 лимонның шырыны қажет. Барлығын жақсылап араластырасыз. 2 сағат қараңғы жерге қоясыз. Күнде тамақтың алдында жарты сағат бұрын 1 үлкен қасығын жеу керек. Күніне 3 мезгіл, 10 күн бойы. Бұл ем балға аллергиясы жоқ адамдарға арналған.

— Бөтелке алып, оның 1/3 бөлігін грек жаңғағымен толтырып, үстіне су құйыңыз. Шамамен 2 аптадай ұстап, сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан тамаққа 15 минут қалғанда ішіңіз. Бұл тұнба қалқанша безінің қабынуы мен сүйектеріңіздің сырқырап ауырған кезде де көмектеседі.

— Грек жаңғағы ми үшін аса пайдалы. Күнделікті бір шай қа­сық жаңғақ майын жеу керек.

— 2 кг грек жаңғағының жапырақтарын 1 литр суға салып қайнатасыз. Дайын тұнбаны 10 литр суға қосасыз. 5 минут тұрады, сол суға жуыныңыз. Ағзаның қан айналымын жақсартады, түрлі экзема, жаралардың алдын алады.

Грек жаңғағын қандай емге қолданасыз?

Басқа материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ