Тұмаудың алдын алу үшін

0
875
Иллюстрация: Freepik.com

Көктемде тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталады. Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін бұл екі вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Сол себепті олардың алдын алу маңызды. Төменде көрсетілген емдер— ТҰМАУДЫҢ алғашқы белгілері байқалған кезде өте тиімді.

— Тұмау кезінде денеңіз қатты қызып тұрса— жарты литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

— Тұмау кезінде дәрілік шөптермен және лимонмен шай ішіңіз. Әсіресе жалбыз, қырмызы, шатыраш секілді шөптермен ішкеніңіз жақсы. Мұндай қоспалар ағзаңыздағы кальций мөлшерін көбейтеді. Ал кальций қызуыңыз көтерілгенде керемет көмектеседі.

— Стақанның 1/3 бөлігі болатындай пияз шырынын сығып, бір стақан табиғи балмен араластырыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір шай қасықтан жеп тұрыңыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады.

— Тыныс алу жолдарына суық тигенде жарты шай қасық ұнтақталған қара бұрышты 1 стақан таза балмен жақсылап араластырыңыз. 1 шай қасықпен күніне 3 мезгіл жылы сумен ішіп жіберіңіз.

— Жылы шырғанақ (облепиха) немесе итмұрын майын мұрынға тамызып көріңіз. Сонымен қатар, сарымсақ тамшысын дайындауға болады. Ол үшін 2-3 сарымсақты ұсақтап, оған шамамен 50 мл қайнаған су құйып, жылы жерде 2 сағаттай ұстау керек. Алынған тұнбаны күніне 3 рет тамызу керек.

— Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Ауырған кезде сүті бар шайға бал қосып, және сүтке сарымай қосып ыстықтай ішіңіз.

— Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық
шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.

— 240 миллилитр стақанға жылы су құйып, оған ½ шай қасық тұз бен бір шымшым ас содасын қосыңыз. Мұрныңызды осы ерітіндімен күніне 3-4 рет жағымсыз симптомдар жойылғанша шайыңыз.

— Орташа көлемдегі 2 пияз алып, қабығын аршисыз. Ұсақтап турап, 1/4 стақан секер (сахар), 3/4 стақан су құясыз. Газға қою болғанша араластырып тұрып қайнатасыз. Қою тұнбаны әр 3 сағат сайын 1 қасықтап жеп тұрасыз.

Басқа материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ