Ұлылықтың бастауы – Ұлы далам

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда өмір сүріп
жатырған біздер, өте бақытты халықпыз. Жерұйығында шалғынын суарып,
жылқы басына иелік етіп, дәстүрлі кәсібін жалғай, даңқты ел болып, қазіргі
таңда «Ұлы дала» ізгі бастауын дамытып келеміз. Қасық қаны қалғанша
қыршын болған сонау ата-баба қалап кеткен елді мекенді одан әрі
ұластырып, тек биіктетер біздің еншімізде. Туған жерді сөз еткенде, жүрек
елжіреп, бойыма ерек сезім дари түседі. Махаббатымның зорлығы соншалық,
жерімді өзге ұлтқа беруге қимаймын. Ұлы даланың баласы болу кімге де
болмасын зор қуаныш екендігі сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз –
бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға кәміл сенеміз. Біздің
жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық
мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің
азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің»
перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың
жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет. Мемлекет ұстанған оңтайлы
саясат барша қазақстандықтардың, әсіресе, ауыл жастарының келешегіне
үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық
біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің
беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған
тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен
тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі
көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан
ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен
ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.
«Елім» деп еміренер , «жұртым» деп жаға жыртар патриоттар
көбейсін!Сонда ғана ұлылықтың бастауы ұлы дала төсінде береке, бірлік,
ынтымақ, бейбітшілік орнайды және де лайым солай солай болғай!

Өзімді 5 жылдан кейін қалай елестетемін?

Мен Төлепов Нұр Айбекұлы Еуразия Ұлттық Университетінің тарихшы
мамандығында ілім мен білім нәрімен болашаққа қадам баса, тағылымды
тарихтан дүйім жұртқа арқау етіп шыңдалуға бет бұрысқан студенттердің
бірімін. Елдің ертеңі мен келер кемел болашағына үлес қоспаққа бағыттап,
ертелі – кештен тыңбай ізденіс пен табандылық қасиеттеріме сүйеніп
келемін. Мамандығым тарихшы болғандықтан, өткен күннің еншісі мен
келер күннің легі біздің мойынымызға тағылмақ іс – әрекет. Осындай тапшы
болған таптырмас мамандықтың алдағы уақытта сөнбес алауын лаулатып,
студенттік шақтан қиғаштай, 5 жылдан кейін өзімді қалай елестетіндігімді
сөз етіп көрсек.

Тарихшы мамандығы — бұл біздің елге қызмет ету және тарихымызды
қорғау. Сондай-ақ — жаудың өзін риясыздықпен жеңу мүмкіндігі. Бұл патша
патриоттарының пікірі. Уақыт өте келе тарихшы болашақтың кәсібі. Қазіргі
шыңдалып жатырған университетімді тәмәмдап, тарихшы ретінде зерттеу
жұмыстарында өз атымды алтын қаріппен жазылатындай еңбек атқарып
жатқандаймын. Ел алдында ескі үннен естелік мұралардың ашылмағанын
жария қылып, нақты шыққан тегіміздің айқара ашықтығын жазғандаймын.
Сонымен қатар, ұстаздық қабілетімді қатар ала жүріп, жаңа шәкірттерімнің
қызығушылықтарына хәм тамсанатындай ерек көріністер елең етеді.

Жалпы тарихшы маманы түрлі тарихи фактілер мен процестер туралы
білімді қолдана отырып, ол әртүрлі уақыттағы мемлекет, халықтар мен жеке
адамдар өмірінің суретін қайта жасайды. Ол қоғам дамуының
заңдылықтарын белгілейді және оқиғалар арасындағы себептік қатынастарды
анықтайды. Әр саланың маманы белгілі бір бағытта мамандандырылған:
алғашқы қоғамның тарихы, ежелгі әлем, орта ғасырлар, қазіргі заман,
жекелеген елдер мен халықтар тарихы. Кейбір сарапшылар саланың тарихын
зерттейді және түсінеді.

Адамдардың өмірі жұмбақ және шытырман құпияға мол. Біз тарихты
қызығушылықпен зерттейміз, кейде сол немесе басқа дәуірге көз жүгірткіміз
келеді. Мұны қалай жасауға болады? Алдағы уақытта уақыт машинасы ойлап
табылады деп ойлаймын. Осы жаңалыққа байланысты уақыт өте келе
тарихшы мамандығын жаңаша көрініс табатындай. Өткеннің идеясын
өзгертетін көптеген тарихи жаңалықтар ашылады! Мен сол уақытысында
азулы тарихшы болғым келеді. Менің арманым — ұзақ уақытқа өткенге
экспедициялар ұйымдастыру. Елестетіңіз! Мектептерде, тарих сабақтарында
оқушылар өздерін қызықтыратын әртүрлі дәуірлерге саяхаттайды, олар тіпті
жер бетінде динозаврлар болған кезге қайтып келе алады! Менің ойымша,
бұл мамандық өте жоғары төленеді. Қалай басқаша болуы мүмкін!?
Тарихшының қаупі үлкен, өйткені уақыт машинасы кез-келген машина
сияқты сәтсіздікке ұшырай алады және ол бұрынғы қалпында қалады! Әрине,
қауіпті, бірақ алаңдаудың реті емес! Тарихшының міндеті оңай емес: біздің

күндерімізге жетпеген көрікті жерлерді көру, суретке түсіру, сол дәуірде өмір
сүрген адамдардың өмірін суреттеу. Уақыт өте келе тарихшы мамандығы өте
қызықты. Бұған немқұрайлы қарайтын адамдар бар ма? Әлбетте, олай болуы
мүмкін емес-ті! Өйткені тарихшы маманы қай кезде де болмасын, өз
қоржыны мен қазынасы арқылы бай тұлға..!

«Үш бәйтерек – үш алып»

Бүгінгі заманда әр алаштың перзенттерін, ұлан-ғайыр жеріміздің шығыс
күнгейінен, әр күн сайын тәуілсіздіктің ақ таңы қарсы алуда. Осынау кең-
байтақ жеріміздің топырағын емін еркін басып, азаттықтың ауасын жұтып,
келер күнге қорқынышпен емес, үмітпен қарауымыз үшін қаншама жан өлім
кешіп, ата-бабаларымыз сұрпалаң күнді бастан өткізіп еді.

Кеңес үкіметі түп-тарихымызға балта шауып, саяси және мәдени қөз-
қарасымызға сілкініс жасаған кезде, бабаларымыздың көзсіз ерлігін, келер
ұрпаққа ұғындырып, байтақ өлкеміздің тәуекел жанкештіліктің арқасында
сақталып қалғанын, жас буынның санасында сақталып қалу үшін жанын пида
еткен алаш ұлдары аз емес еді. Солардың бір қатары, қазақтың "Үш
бәйтерегіне" айналып кеткен — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс
Жансүгіров. Тәуілсіздіктің ақ таңын арман етіп, келешек жастарға сыйлауды
арман еткен ұлы тұлғалар, ел есінде мәңгі сақталады.Қазақтың әдеби тамыры
мызғымаз берік екенін ұғынған олар, осы сала бойынша көлемді еңбектер
жазып, түп тамырдан ажырамай, бірақ жаңа ғасыр жастарына ұғынуға
тұрарлық болуы үшін, заманға сай түрде параққа түсіріп, елдің сауатын
ашып, ой-өрісінің өсуіне ықпал етіп, білім алуға шақырған қазақтың "Үш
бәйтерегі" 1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген, замандастар еді.

Дархан даланың әр бөлік топырағында туған ұлы тұлғалардың, ел сауатын
ашудағы салары да әр түрлі еді. Сәкен Сейфуллин қазақ даласын түгел
қамтитын газеттер таратып,ғылым-біліммен қоса, ел санасын саяси
сауаттылықтың тұманынан босатқан еді.
Еліміздің теріскей бетінде дүниеге келген Ілияс Жансүгіров, қоғам
қайраткері ғана болмай, ел арасында болып жатқан сұрқия көріністерді қара
өлеңге түсіріп, ащы шындық аралас жыр жолдарын қалың оқырманға
ұсынып отырды. Ел есінде том-том романдар жазып қазақ әдебиеті жанрына
өзіндік үлесін қосқан тұлға ретінде сақталды.

Ал Бейімбет Майлин сияқты очерк жазған қазақта ешқандай жазушы
болған емес. Қараңғы қоғамға емін-еркін түсінікті шығармаларды, ел
сүйсініп оқыды. Газет беттеріне бүркеме атпен талай мақаласын, кеңес
үкіметінің былығығын әшкерелеп шығарған ұлы алып, империяның ашуына
тиген болатын.

Үш бәйтеректе  қазақ әдебиетінде азулы ақын, өткір ой шебері, қарымды
жазушы ретінде алтын әріппен қалды. Ел мұратын мақсат етіп, қалам тартқан
тұлғаларымыз 1938 жылы репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген
болатын. Қысқа ғұмырларын ел келешегі үшін құрбан еткен бір туар
азаматтар, ұлт руханиятын, теңдессіз туындыларымен, жанрлық
қырларымен, көркемдік ой-қиялдарымен байытты.

Қазақ елімен Түркия арасындағы экономикалық қарым қатынас

Әлем шаһарында алысқа ұмтылып, дамыған елмен иық теңестіресе білген
асқарлы қазақ еліміздің бүгінде сонау тағылымды тарихтың легінде ата –
бабаларымыздың алпауыт арманына жаңғырту жоспарлай, жаңа жобалардың
іргетасын қалап жатқандығын көргенімізде, алдағы күнімізге шүбәсіз
сенімділік қалыптаса марқайып қалатындығымыз рас. Көне тұстан көзайна,
ғасырлы тұқымның асылы санала білген, билік төрінде шарықтап, қарабайыр
халқының көңілін бағысып таба білетін қамқор әрекеттер жолында елеулі
еңбек сіңістіре жүрген тұлғаларымызға жеткізер алғысымыз да, тілер
тілегіміз де ұшаң – теңіз. Әсіресе, әлем еншісінде өзекті қақ жарып, қалың
жұртшылығының қауқарлы қызметі мен елеулі елдігімен таныла білген
саяси, әрі экономикалық достық орнатқан – Түркия мемлекетімен қарым –
қатынасы көңілді қуантады.

Тілі мен ділі, тағылымды тарихы бірге дем
құрған , алар салауаты мен сарынды жырлары сағымда шыңдала берген бұл
елдердің достығы барша жұртқа аян екендігі ақиқат. Қай жағалаулы қырдан
алып қарасақ та, зайырлы мемлекеттердің зәулім шыңдарына куә боламыз.
Ұлысты Түркия мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен
табыстары жайлы баян еткенде, алдымен Қазақстан Республикасымен
арасындағы саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық
әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет
салаларындағы жемісті байланыстары сөзге иек. Байырдан Қазақ елімен
тарихы терең тамырлы бауырластығы бар Түрік елімен Қазақстанды
азаттығын жария еткен күннен бастап екінші күні таныды.

Барша ғаламшар алдында ерекшелігімен дараланып, аса жоғары
мәртебенің мәйегімен мақтаулы жұрттың мақтаны болысқан мемлекет болу
үшін біздің елімізге, ежелден езгі жолдан қауіп – қатердің саңлағын таба,
тәжірибенің тәлімін бойына дарыта білген Түрік елі үдемелі үлгі болғаны
даусыз. Тереңді ұғымды түсінген Қазақстан басшылығымыз нарықтық қоғам
қайраттауда Түркия үлгісіне аса назар аударды. Сонымен қатар, қырық
пайызы түрік тектес орнамаған халықтар тұрақтағандықтан, қазақ еліміз
демографиялық жағдаяттарды да ескере, этникалық, діни ахуалды
мәселелерге сақтық қортып, сантараптан сан түрлі ойластыра білетін
салиқалы саясат жүргізуге ықпалды болды.

Байрақты еліміздің тек Түркиямен емес, бөгде шет елдерменде арадағы
арқалы сауда заты көпшілігінде шикізат боп келетіні ешкімге жасырын
еместігі мәлім. Алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев арнаулы
сөздерінде айрықша атап кеткен, мардымша нақтылай түскен, Қазақстан
шикізатты молынша өңдеуге, қостыртын құнын көтеруге басты баңдарлы
назар аударғаны маңызды болмақ. Былайынша айтқанда, сыртқы
экономикалық байланыс байламында орнын еңгезердей, қалыпты рөлін
қомақты арттыруға қолға алатын жұмыс әбден орасан. Дүние жүзінде
дарынға тимекті, даңғыл деңгей легіндегі жаңа технологияларды
пайдалануды алдағы саналы мақсат деп білуде өзіндік үлесін әкелмек.

Түркия мен Қазақстан еліміздің аралығындағы қарым – қатынасы ай мен
күннің жылжуы жиегінде мардымды дамып, осы екі елдеріміздің татулық
көзі арнайы бағамдалған жобалардың іргетасын қалауымен тыңғылықты
тұрақтала түсті. Шаршы алаңда сантарапты екі еліміздің алтын көпірі бола
білген, ерек ықпалын тигізе білген бірден – бірі көзі — экономика, саудалық
байламдары екендігі сөзсіз. Түркия мемлекеті – қазақ еліміздің сауыттай
сенім артатұғын экономикалық серіктесі. Осыдан 4 жыл алдынғы есептің
нәтижесі бойынша екі еліміздің алтын көпірінің саудалық жүрісі екі
миллиард АҚШ долларын қорытты. Тұңғыш екі елдің арасындағы алғашқы
байламның негізі жасала бастаған жылдардан бері Қазақстан мемлекетімізде
кәсіпкерліктің жекелік түрі мен құрылыс саласының табысты өркендеуіне
ауыз толтырардай еңбек сіңісті. Дәл бүгінгі сәтті асқарлы елімізде мың бес
жүзге тарта Түркия елінің зауыт, комапаниялары қарқынды жұмыс көзін
арттыруда. Және де, Түркия елінің білікті құрылыс мамандары қазақ
жерімізде бағасы жиырма миллиардтан АҚШ долларынан асатұғын жүйелі
жоспарларын іске асыра білді. Осындай парасатты ақылдың арқасында қазақ
еліміздің түрік экономикасының қоржынына еншілеткен қомақты қаражаты
шама шарқы жиырма миллиард АҚШ долларына жетісіп бағысты.

Ағымдағы
табысты жыл бойында қазақ экономикасына барлық қорытпаны қорытқанда
шамасы екі миллиард доллар жобасында Түркия мемлекетінің инвестициясы,
Қазақстаннан түрік мемлекетіне көлемі бір миллиард доллар жобасында
инвестиция толықтырылды. Қазақстан Республикасының қаржы топшалау
министрлігінің жария қылған мәлімдемесіне пара – пар , екі мың он бесінші
жылдың легінде екі ордалы елдеріміздің аралығындағы тауар жиегі екі
миллиард АҚШ долллары, тиісінше есеппен бір миллиарды экспорт
бөліндісіне үлестірленген. Зайырлы еліміздің экономикалық парақтамадағы
аралық ишара істерді от жалынын жандандырудың ең басты бағдары — екі
мың он екінші жылы діңгегі шек құрған жоғары нәтижеге иеленуші стратегия
татулығының еңбектерін, сонымен қатар «Жаңа Энергия» бірлескен
экономика жүзіндегі болашаққа жоспарлары аясындағы еібектенуді
мардымды түрде оң нәтиже үшін жалғау. Осы бағдар қазақ елімен түрік
мемлекетінің аралығындағы экономика бағыты шарасындағы құраушы
қызметтерін кеңейте түсе, жаңа келешек ұрпақ алдындағы атқарылатын іс –
әрекетке тікелей мақұлданған.

Түркия елі көшбасшымыздың дарабозды түркі елдік бірлесуге қатысты
ұсынылған бастамаларына әрдайым оңды қолдау демін білдіріп отырады.
Түрік кеңесінің жиегінде ишараластырылған иекті шараларға жоғары
лауазымды билік көсем иегерлері белсене ат салысады. Қазақ еліміздің
беделі қақ жара білген қол бастаушы кәсіпкерлеріміз экономиканы саласын
сарындай, туризм тұңғиығынан танымды түрік мемлекетінен тәжірибе
алмасып, құлақдар етіп, алдыдағы тарапты тапсырмалардың түпті
келіссөздерін жүргізді. Айтулы тақырыптар тізбегінде қазақ елінің
Түркиядағы елшілігі іскер тұлғалардың сан түрлі өнімді өрнекті өрбете
білген мекендер мен экономикалық аймақтарын аралай, тыңғылықты
тұрақты жұмыс бабымен танысып – білісуге ұдайы қолдауын көрсетеді.Сан
салалы аумағына қарай бөліскен ордалы кәсіпкерліктің орасан озар тұсын
таба білген азаматтарымен тіл байласып, Қазақстандағы қомақты қаражаттың
сантарапты көбейту амалдарымен танысырып отырады. Жалпы
қорытқанда, екі мың он бесінші жылы Түркияның ірі бизнес-
делегацияларының Қазақстанға сегіз ресми сапары, Түркия аумағында
Қазақстаннан келген іскер топтардың сапарларын қоса есептегенде,
инвестицияларды тарту бойынша он төрт іс-шара ұйымдастырылды.

Айтулы тақырыбымда тоқтам еткен, екі ел арасында айрықша орныққан
рухани, экономикалық салалардың ауқымды белең алып тұрақтанғандығына
байланысты – ынтымақтастық алауында алпауыт қатынастары осы күнге
дейін айбынды шеңберінде жүйелі алға даму үстінде. Екі кербезді түбі бір
қан туыстығы, өткені ортақ, этнологиялық жақын, экономикалық
баяндамадан бастау алатын шаралары бірлікті нығайшылықтың бастауы
болмақ. Даңқты Түркия елімен ынтымақтастық қазақы жұртымыздың
Азияның жаһанды әрекетіне сұғына сінісуіне, бағзы түркі өркениетінің
лебінің жаңғыруына үлкен жәрдем. Басқа да түркі тағдарлы мемлекеттердің
арасына тыңғылықты тығыз қатынастарды алға тартуына елеулі ықпал.
Тоқсанды ауызды тобықтай келгенде, бұл қатынас тарихи бастауымыздың
көлемді кезеңдерін насихаттаған тұста келешектегі бағдарымызды айшықтап
беруімізге шуақты қадірін айқындап бермек…!

Туған күнімдегі тарихи оқиға

Жайдары кештің жарасымды жұлдыздарына тамсанып, арайлап атқан
таңдарымызға дейін күнжиектен күн көрісуге асыққан шақтарымыздың
көбісі — туған күн мерекеміз де орын алған болар. Ізгі махаббаттылық пен
ілтипаттылықтың, ақжарма тәтті тілектер мен тосынды сыйлықтарға малына
шаттанатын туған күн мерекесі қайсы біріміз болмасын, өте ыстық. Өз
басым, бұл жеке мерекемді асыға күтемін.

Кей сәттер де күн санаулап, тіптен
күнтізбе тізгініне күніне он шақты рет телміретін кездерім де болған-ды.
Ертесімен тұрып ап, туған – туыс бауырларымның, құрбы – құрдас, жора –
жолдастарымның көңілінен шығатындай тағамдар әзірлеп, ыстық мезгілде
ып-ыстық шәйлі кеседен тартқанды сағынып та кетемін. Ыстық дегенімнің
себебі, мен атаулы «еліміздің Тәуелсіздігіне 11 жыл» болысып, «Сыртқы
саясаттың жемісті жылы» мен «Денсаулық жылы» атанған 2002 жылдың
шырайлы шілде айының жиырма сегізінші жұлдызында дүниеге келгем. «Үш
жүз алпыс екі» әулиесінің әруағымен қадам басып, ұлылардың ұлықты
мекені болысқан,тағылымды тарих шежіресінен киелі қоныстың құшағы боп
тербелген Маңғаз Маңғыстау өлкесінің Шебір елді мекенінде туылғанмын.
Туған күнімнің еліміздің тарихы үшін де, әлем елдерінің жаңа ашылыстары
үшін де әкелген пайдасы мен жаңалықтары өте көп. Қанша жерден шіркей
қаптаған шілде айы шылдыр жылы лептің легінде болсадағы, қызулы іс –
әрекеттер мен мойыннан асар шаруалар шегі толассыз. Жеке мерекемнің
қарсаңында Каспий теңізінің жағасында жараса күлісіп, кеме мен
қайықтардың қызықтарын көрісетін теңіз портының саясаты жыл өткен
сайын жаңарып келеді. Ендеше, атаулы туған күнімдегі тарихи оқиғалардан
сөз сарынын шертіссек.

Қазіргі сәтте әлем елдерін дүрліктірген, төрт қабырға ішінде күн кешуге
тура еткен аурумен етене жақын «Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күресу
күні» осы шілде айының жиырма сегізімен тұспа – тұс. Бұл күресу мерекесі
көптеген мемлекеттерде аталып өтіліп келеді. Сонымен қатар, Нобель
сыйлығының лауреаты, атақты дәрігер Баруха Самюэля Блумберганың
өмірге келген күні. Самюэля «В» гепатиті вирусын ашқан дәрігер ретінде
таныс. Гепатит бауыр тінінің қабынуы деп аталады. А, В, С, D және Е типтері
ретінде анықталған бес негізгі гепатит вирусы бар. Олардың әрқайсысының
өзіндік сипаттамалары бар және өткір де созылмалы түрінде болуы мүмкін.
Сонымен қатар, бұл ең қауіпті, өйткені ол өзін алдын-ала танымайды және адаммен өмір бойы қалады. Жедел гепатит 90% жағдайда пайда болады — тері
мен көздің ақтары сарғайған. Алайда емдеуден кейін пациент көбінесе ауруға
қарсы иммунитетті дамытады. Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні, ең
алдымен, қоғамның және мамандардың назарын осы проблемаға аударуға, әр
ел азаматтарының профилактикалық шараларды өткізуге қызығушылығын
арттыруға бағытталған. Гигиеналық білімді тәжірибеде әр адамның
қолдануы, А және В гепатиттерін иммунизациялаудың маңыздылығын
мойындау, сондай-ақ вакцинация науқандарына қатысу халықтың
денсаулығын әр жекелеген елдердің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшар
тұрғындарының да денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Бұл мереке ең алғаш 2018 жылы тойлана бастады. Ресми түрде 2011 жылы тізгінделген. Дүниежүзі
бойынша күнтізбеге қызыл қаріптермен белгіленді. Американдық дәрігер
және ғалым Самюэля Блумберг, 1976 жылы физиология және медицина
саласындағы Нобель сыйлығын Карлтон Гайдузекпен бірге В гепатитінің
вирусын ашқаны үшін және В гепатитін емдеудегі зерттеулер үшін
қанжығасына байлады. 2005 жылдан бастап Американдық философиялық
қоғамның президенті боп қызмет етеді.

Әлем елдері үшін тағы да осы жиырма сегізінші шілде айы өте
таңғажайып күндердің бірі, өйткені 1951 жылы қиялы мен мюзиклі арқылы
жүректі баураған, шытырман оқиғаға негізделген американдық «Алиса
ғажайыптар әлемінде» атты мультфильмнің премьерасы өткен болатын.
Бұл Дисней туындысы — әлемге әйгілі Льюис Карролл ертегісінің тағы бір
бейімделуі. Бала кезімнен мен оны бұл сиқырлы және басқа ертегілерден
айырмашылығы үшін жақсы көремін, сондықтан мен оның фильмге
бейімделуі үшін, сан құпиясын аңғару үшін барлығын бақыладым.
Сюжет әйгілі ағылшын жазушысы және математигі Льюис Карроллдың
әңгімесіне негізделген. Мультфильмнің сюжетін тек «Алиса ғажайыптар
әлемінде» кітабы ғана емес, сонымен қатар «Алисадағы көрінетін әйнек» де
құрды. Дисней әр түрлі болып көрінетін осы екі әңгімені бір-біріне шебер
түрде жинақтады. Бұл өте органикалық ұтыс болып шықты. Егер мен екі
кітапты оқымасам, Льюис Карроллдың түпнұсқалық шығармасы осылай
көрінеді деп ойлаушы едім.

Және де Диснейдің бірде-бір мультфильмі
таңғажайып музыкалық сүйемелдеусіз аяқталған емес. Оливер Уоллес
Дисней мультфильмінің бүкіл әлемін музыкамен өрнектеген жан. Біз оның
әуендерін Леди және Трамп, Питер Пан және Гоффи, Дональд Дак және
Мики Маус туралы түсірілген анимациялық фильмдердің алғашқы
шығарылымынан білеміз. Сіз мультфильмдер жасаудың қазіргі
технологиялары қайсысы жақсы екендігі туралы көп пікір айта алсаңыз да,
бірақ барлық пікірталастар бір нәрсеге келісетініне сенімім шүбәсіз.Өйткені,

қолмен боялған Уолт Дисней мультфильмдері, тіпті, 3D анимациялық
технологиялардың өздері қолмен салынған бейнеге сұранысы көп боп келеді.
Шынында да, қозғалған, созылған, сыпайы және күлімсірейтін суреттің әр
сантиметріне суретшінің жан дүниесі енеді. Дисней мультфильмдерінің
жанды түстері көрерменді әрқашан осылайша қуантып келмек.

2007 жылы Қазақстан мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы «Білім туралы заңға» 28-ші шілде күні қол қойған
болатын. Бұл ұтымды шешімнің еліміз үшін де, қалың қазағымыз үшін де
атаулы, мерейлі күн болып келеді. Бүгін де бастау алған білімнің алар орны,
келер күндегі жемісі ерек. Өйткені, Қазіргі адам өзінің өмірін білімсіз
елестете алмайды. Көбісі көбірек білуге, жетілдіруге ұмтылады. Білімнің де
бірнеше деңгейлері бар: бастауыш, аяқталмаған орта, толық орта, орта
кәсіптік, бакалавриат, магистратура, аспирантура, докторантура. Әркім өзіне
сәйкес келетін нәрсені, қол жеткізгісі келетін нәрсені таңдауға құқылы …
Бірақ бізге білім керек пе? Қазіргі теорияны оқып-үйренуге көп күш пен
уақыт жұмсамау керек шығар, өйткені қазіргі жас адам басқа салада маман
дипломын алғанға дейін оқулықтармен уақыт өткізуге мәжбүр.

Менің
ойымша, бұл бізге сөзсіз қажет. Қазіргі әлемде бәсекелестік бар, және
қызметтің барлық саласында білім беру ауыз толтырардай ерекшелік емес.
Қазір беделді жоғары оқу орындарына түсу өте қиын, талапкерлердің қатаң
таңдауы өршіп тұр. Бұл адамдардың жалақысы жоғары жұмыс істегісі
келетіндігіне тығыз байланысты. Ал оны жоғары кәсіби білімі бар маман ғана
алады, оны университет қабырғасында оқу кезінде алады, содан кейін іс
жүзінде жетілдіруге бағыттанбақ. Білім әрқашан мемлекеттік саясаттың
маңызды бөлігінің бірі болып келеді, өйткені елдің болашағы оның сапасына
байланысты. Сондықтан үнемі жетілдіріліп отырады. Біз, студенттер, жаңа
нәрселерге ұмтылуымыз керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар екендігі
көрер көзбен, естір құлаққа аян. Атап айтқанда, Интернет білім алуға және өз
көкжиегін кеңейтуге көмекші болып табылады. Біз бәріміз әртүрлі
болғанымызбен, бізді бір нәрсе біріктіреді, ол – «өмірден өз орнын табуға»
деген ұмтылыс. Мұнда бізге тек қазіргі заманғы білім көмектесе алады, бұл
біздің мүмкіндіктерімізде шек жоқ дегенге сенуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 1969 жылдың шілде айының жиырма сегізінде еліміздің
қасиетті, өзіндік шикізат өнімдерімен танылған, қазақы дәстүрмен
дәріптелген Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының негізі қаланған
болатұғын. Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік орталығына
қарасты ауыл ретінде танылған болатын. 1969 жылға дейін — Жанатас ауылы
деп аталып келді, бүгін де қала атауымен жазылады. Жалпы қала 1964 жылы
Қаратау фосфорит бассейнінде фосфорит өндірудің басталуына байланысты

пайда болған-ды. Жаңатас — Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы
Сарысу ауданының әкімшілік орталығы. 2018 жылғы халық санағы бойынша
қалада 23307 адам тұрады. Тараз — Жаңатас теміржол желісінің терминал
бекеті ретінде жолаушыларға таныс.КСРО ыдырағаннан кейін қала апатқа
ұшырады, бірақ 2012 жылдан бастап жаңа инвесторлардың пайда болуымен
қала екінші өмірге ие болды. Елес үйлерінен арылып, көшеде тәртіп орнату
арқылы өзінің келбетін едәуір түзетті. Қазіргі таңда, қалада жиһаз бен
гидравликалық мотор өндірісі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, металл прокат
шығаратын «Жаңатас металлургиялық зауыты» ЖШС-де металлургия цехы,
«Жамбыл цемент компаниясы» ЖШС-де цемент зауыты бар. 2019 жылдың
басында қала халқы 22 364 адамды құраған болатын. Және 2019 жылы Орта
Азиядағы ең ірі Жаңатас жел электр станциясының құрылысы басталған-ды.
Бұл жобаны «China Power International Holding Limited» компаниясы салып
жатыр. Болашақ жаңартылатын электр станциясы бүкіл Жамбыл облысының
электр қуатына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді деген ынта-ниеттеріне
сәттілік тілестім.

Осындай әлем мен еліміздің тағылымды тарихында ерекше орын ала
білген шілде айының 28-ші күнінде дүниеге келгеніме қуанамын. Заңғар
биікке ұмтылған ғұмырлы кезеңнің төріне өз атымды алтын әріппен жазсам
деген игі ұмтылысыма шабыт бермек. Ұлылардың тұлғалардың ұлы күнінде
өнертабыс ашсам, менен асқан бақытты жан болмайтын болар..?

Сатиралық ертегі

Айдын жүзі арбаша домалана өткен күнінің бірінде сал-серілерден
тәрбиені инемен құдық қазғандай басына құйып алған ауылдың баласы мен
заманның ырығында қылтым дүниеге масайған қала баласы азулы талас
әңгіменің үстінде бір – бірімен «кім мықты» дескен сұрақта мақтана
шүйрігеді. Қазақтың қара боп ескен ауылдың торы баласы асық ойнаудан
бері, ұлт дәстүрінен бірнеше иірім тарта дәріптеуге тырысқанмен, қаланың
баласы инстаграм желісіндегі жасаған небір челендждері мен түсірген «тик-
ток» бейнелерімен дес бермейді. Одан аса «Ютуб» каналындағы контентпен
қанша қаралымға ие болғандығымен танау көтеріп, «жақында әкем «Iphone
11 Pro» ұялы телефонын алып береді» деп сескіндірмек болады. Қаймықмай
азуын қиыстырған ауылдың баласы да қанша баланы осы уақытқа дейін
қазақша күрестен жеңіп, әлемдік дода да қаншама жанның арқасын қызыл
кілемге байлағанын жеткізеді. Екеу ара біршама қызу талқыластың әсерінен
жандарында тұрған балалар да бөліскендей, тең жартыдан екі санасқан
баланың қолдаушысына айнала «алға, бас!» деп қояды.

«Осы уақытқа дейін дым бітірмеген екенмін-ау» деген сынды оймен
қалалық бала айлалыққа басып, «Корей» жігіттерінен өнеге аламын деген
сөзін аңдамай айтып қалады. Ашуы ыршыға түскен ауылдың баласы шыдамы
таусылып, намысқа тырысып, онымен ауыр тас көтеруден, күрестен, асық
ойнаудан, теңге алудан батлға шақырады. Қалалық бала да бірден келісе
кетіп, бес минуттың ары-берісінде дайын болып шыға келді.

Ортада шаңмен арпаласқан екі баланың боқтық сөздері желдей гуілдеп,
көше бойындағылардың барлығын өздеріне телміртіп қойды. Қанша жерден
тырысқанмен қалалық баланың ебедейсіздігі бір елі қылығынан шығар емес.
Ұяттық сөздермен оқтауласа, барлық ойыннан жеңіліс тапқан қалалық бала
екі беті қызыл қызанақтай қоюланып, әп-сәтте жыларман күймен қаша
жөнеледі.

«Қазақ жігіттерінен үлгі ал!» деген соңғы сөзімен ауылдық бала да өз
жөнімен Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әуенінің ыңылымен кете
береді…!

Ажырасу мәселесі жөнінде…

Қазақ тағылымды тарихымыздан сыр шертіп, әлем әдебиетінен құлаққабыс
етсеңіз де, жылулық пен сыйластықты сезіндіре білген биік шоқтық –
махаббат тақырыбында әсерлі баян ете біліскен. Ішкі ойдан тәтті сезімге
жетіліген мұндай керуеннің қай кезде, қандай жолмен келеріне ешбір тұлға
дәлелдеуге қауқары жетпеген-ді. Махаббат желісімен бақытына асық болған
«Қыз жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты
шығармашылықтарынан оқығанымыздай, бұл жалынның арбауы да, өзіне
баурап алуы да үлкен тосынсыйларға толы. Бүгінгі арайлы таңымызда өмір
кезбесінен ғашықтық отын жандарып, жарқ еткізіп сүйіп қосылған жандарды
да көріп, естіген жаннан да құлақдармыз. Алайда, күйбең тірліктің тізбегі
мен алапат тұрмыс – тіршіліктің тарылуымен толғаулы махаббат айнасына
дақ түсіріп жүргендерді де көріп, еселі хабардан естуге үйреніп-ақ кеттік.
Жас жеткіншекті жетім етіп, есті әйелді жесір қылмақ, саналы ерді сарынсыз
әңгіме арасына топ еткізген ажырасу мәселесі көлемдей тақырып алып, десе
де, әлі күнге дейін өз себептерімен нақты сарапталар емес.

Қазіргі ахуалымызда сантарапты әлеуметтік негізде өзекжарды
мәселелердің бірі болып отырған – ажырасу мәселесі ауыз толтырардай ұзақ
шығарма іспеттес. Айтар ойдың ең сорақысы, бұл проблема жыл ағымында
еселене шарықтамаса, әлі күнге дейін азаюынан тысқары. Ұзақ айлар мен
жылдарды артқа тастап, етене жақын танысқан жастарымыз, үйлі – күйлі
болғаннан бастап қылт еткен қиыншылық атауына мүлдем төзімсіз бола
бастағандай. Күнделікті тұрмыс – тіршіліктің зу етер ауыртпашылықтарының
көбеюуіне мардымды көңіл бөліспейтін, жауапкершіліктің маңыздылығының
алғашқы орында болу керектігінен көбісі бейхабардай. Мемлекетіміздің
Ұлттық деңгейде экономика нарығы бойынша статистика сараптаушы
комитеттерінің орташа есебі бойынша, елімізде жылына сүйіп қосылар
отбасы бағамы жүз елу мыңға толықтырылса, осы жандардың қырық
мыңынан астамы ажырасу мәселесімен қош айтысқан. Қорытылған елеулі
негіздің жеткізуі бойынша, шәйі бұлттардан шәлі байлаған Алматы,
орыстану қапысында көзге түсер Қазақстанымыздың Солтүстік аймағы және
қауқарлы Қостанай өңірлерімізде неке қиысқан отбасылардың әрбір үшіншісі
ажырасуға бел байласады екен. Сонымен қатар, орда құрасқан Оңтүстік
Қазақстанымыз бен Жамбыл мекенімізде есеп деңгейі еке есеге төмен
түскендігі әсте қуантады, өйткені бұнда әрбір алтыншы отбасы ғана осындай
проблемамен тұспа – тұс келеді екен. Көлбеу көрсеткіштің көлеңкесі осы

аймақтарымызда көне қазақы салтымыздың саралы сағымы әлі де есіп
тұрғандығының дәлелі десек те, айып емес-ті.

Қоршаған ортамызда қонақы өмірімізде қадірлеудің шегін түсінісе
білмеген, сыйластық пен құрметтіліктің ерекшелігін жалаң етпек, күн көрісті
ер мен жұбайлары өте көп кездеседі. Атаулы мәселемізді әлеуметтік үн мен
психологиялық сарынның сипатымен байлам жасайтын болсақ, көптеген
салдарынан ақпаратқа еселенесіз. Отбасының ұйымшылдық қаймағының
ашынуына : күнделікті тұрмыс легіндегі материалды жетіспеушілік, қоғам
деңгейімен ел қатарлы күн кешпеуі, ерінің немесе жұбайының жұмыссыз
халдің өршуі, жылжымайтын мүлік ішінде өз қазан – ошағы, баспанасың
болмаушылдығы.

Тағылымды тарихымызға көз жүргізсеңіз, ешқай уақытта ажырасу
мәселесінің орын алмағандығын, болған күннің өзінде-ақ бірең – сараң
кездескендігіне куә бола аламыз. Кездеспегендіне дәлел, қазақы
салтымыздағы «әмеңгерлік» дәстүрі, ешбір жалғыз басты әйел атаулысының
қаңыраған күйде сұрыптаулы күн кешуіне, келте ғұмырда панасыз қалған
жетім балалардың жетесіз өспеуіне қиғаш қарсылығын көрсеткен.

Тоқсанды түйінді тармақтай келгенде, ажырасу мәселесінің себептерін
толығырақ ашыла зерттеліс таппады. Түрлі салттың торабын жиыстыра
білген елімізде , бұл проблеманың орнығуына өз бетінше әртүрлі факттарды
келтіруге болады. Өзге шетел асты елдерге қарасақ, ажырасу мәселесі
күнделікті қалыпты жағдаймен тең. Өйткені, шет елдерде «нуклеарды»,
«азаматтық неке» дескен отбасының болуы да, осы тақырыптың көлем
жинауына жол берместей. Сонымен қатар, шет елдерде екі жастың арасында
періштелерінің туылмауы аса маңыз иеленбейді. Себебі, уақыт еншісінде
өзара түсіністіктің арқауымен балалар үйінен сәби асырап алуға қалтсыз
даяр, «қиналысты босанудан асыранды бала тәтті» деген ойға томшаласақ
болатындай.

«Отан отбасыдан басталады» деп ата – бабаларымызыдң мардымды
мақалды дәріптегендей, бүгінгі күні еліміздің елеулі абыройын бақ таласқан
мемлекеттер арасында байрақ көтеруіне ең өзекті тұғыры, іргетасы. Талапты
ер жігіттің тынбай еңбек жолында адалды нәпіақымен сүйіп қосылған
сүйіктісін қуантатұғын көрінісін көргендей, келер ұрпаққа бізде осындай үлгі
боларымызға күмәніміз шүбәсіз. Кез – келген іргесін мықты, арқауы берік
болысқан, керегесін кең қылмаққа ниет қылған ерлі – зайыптыларымыз
өмірдің өзі кино кейпіндегідей романтика мен фантастикалық сәттерден ғана
тұрмайтындығын, онымен қатар, ащы бел байласпақ бейнетті тұстары мен
қан сонардай тізбексіз мәселелердің де болатындығын түсінісіп, толғаулы
ақыл жиысуға бағытталғаны жөн. Айрандай ұйыған отбасыдан бақытты
баланың шығатынына сенім мол. Сондықтан балаларымыз үшін,
болашағымыз үшін отбасын сақтап қалу әрекеттерін аянбай жасау керек-ті.
Қандай қиындық, қандай түсініспеушілік болса да шаңырақты сақтап
қалатын жылы сөз бен сыйласымдылық екендігін еншіңізден жырақтатпаңыз.
Әр адам кінәні біреудің бойынан емес өз бойынан іздесе неке сақталып,
шаңырақ ошақ – қазаны берекелі де, мерекелі болмақ..!

«Ана тілім – арым бұл!» Ана тіліміздің тарихы

Еліміздің бетке ұстар тұлғаларымыз талай жыл бойы дау мен қырғын
жолында берілмей, ұлтымыздың келешегі, келер ұрпақтың ғұмыры үшін еш
нәрседен тайынбай күресіп, асқан қайсарлық пен қайтпастық арқасында бізге
осы — ұлан байтақ жерімізді мұра етіп, «Тәуелсіздік» бағын қалдырды.

Ұлыларымыздың ұлы бастамасымен бұйырған егемендік бізге қуаныш пен
шаттық сыйлады. Қазір де азаттығымызды ту етіп, әлем алдында елеулі
болғанымызға жиырма сегіз жыл толды. Сонау қырбалаң қырғын Ұлт-
азаттық көтелістер, сағын сындарған Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан
оқиғасы, байрақты ел құрау жолында беріспеген жандардың арқасында,
біздер өмір сүру ризалығын еншіледік. Тұңғыш тізгін ұстаушы Елбасының
біз мақтар саясаты қазақ елін биіктеткені де рас. Осыншама сантарапты
қиындықтың арқасында келген, мұра еткен байлықты жерін көркейту үшін
қолымыздан келгенінің барлығын жасауымыз шарт. Осындай ғажап
мемлекетте тұрақтап, шаттықты күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен
қуаныш. Қаншама нағыз патриотшыл қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған
бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу –
біздің парызымыз болмақ. Еліміздің елдігін танытар, кең тарапқа тобықтай
мақтанар ең басты құндылығымыз – ана тілімізді, айбынын асқақ етіп
қалдырғаны бізге таптырмас сый бола білді. Шырайлы шешендіктен
басталған тарихы тамыр жиысқан қазақ тілі бүгінгі күнде де өзіндік
мазмұнымен орныққаны аян. Қазақстан Республикамыздың Тұңғыш
Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры»
жобасында « Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз
Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес,
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп сөз еткендей, бұл
құндылығымыздың біз үшін аса қымбат екенін түсінгеніміз қажет-ті.

Ана тіліміз – қарабайыр халқымыздың бағалы діңгегі. Елміз деп жар
салған мемлекет өзінің туа біте қалыптасқан ана тілін қадірлеп, мақтан етуі
тиіс. Себебі, өткен өренді тарихтың ширегінде халқының ширақты шежіресі,
пір еткен тұлғалары туралы дастандар, жырлары халықтың тілімен баян
етілген. Кез – келген ұлтты алсаңыз да, тіл – қастерлі түйін. Тіліңіз шыр етіп
кербез дүниенің сылдырына етене енгеніңде анаңның сүтімен қаныңа еніп,
тұла бойыңда қалыптасады. Сол себепті, бұл ұғым елдің жаны, келбеті,
бүтіндей болмысы. Біздің көлденең көкке көтерер ана тіліміз – қазақ тілі.
Түркі тайпасынан айрықша алпауыттылығымен заңғарға ұмтылған
халқымыздың тілі ең таза және көсемді ой тербетер бай тіл.

Біздің тіліміз – тек хәл сұрасар ара – қатынасымыздың тілі емес, ол –
байрағымыздың байлана самғататын, ұлтымыздың ырыстығын арттыратын
мәдениетіміздің шоқтығы. Сол себепті тіліміз әлем елдерімен мәдениет
есебінде иық тіресуге иек бола білетін басты құралымыз. Біздің көне
шешендеріміздің, жырауларымыздың, даналарымыздың нақылдарын тіліміз
арқылы оқып, үлгі, өнегемен сусындаймыз. «Өнер алды – қызыл тіл» дескен
ғибратты сөзіміз осыдан туа біткен болар, бәлкім? Осындай ұлылардың
іргетасымен ұлы болған алтын қасиетімізді мадақтай, қадірін біліп, сақтай,
ұлықтау біздің алды парызымыз. Өзінің ана тілі, дүлдүл ұлттық сипатты тілі,
мәдени ошағы болмаған ел мемлекет болып гүлденуі екіталай. Шалғайдағы
кез – келген «мен» дескен мемлекеттің барлығы делік, тәуелсіздігінің тірегі
ана тілін сақтауға қолдан келгенше күш – жігерін салатынына күмәніміз жоқ.
Осы тәрізді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та әрбір Жолдауында қазақы
ана тілімізді жоғарғы биікке бағалап, аманатты қиянат қылмауға барынша
қозғалыс жасауға насихаттаған болатын. Елбасымыз билік төріне келгеннен
ана тілімізге ерек мемлекеттік мәртебесі еншіленген болатұғын. Тіл туралы
заңнама қабылданды. 2003 жылы қараша айының он бесінші жұлдызында
Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының үшінші апталығы Қазақстан
Республикасының Тілдерінің күн мерекесі боп аталатын болған-ды. Осы
күнге дейін сол дәстүрді жалғай, әр жыл ағымында түрлі мерекелік
шаралардың деңгейінің негізінен жоғарылана атап өтіліп, ерекше ілтипатты
күннің баурайына куәгер болып келеміз. Бүгінгі күні осы мерейлі тойымызға
он жеті жылдың үстіне етене өтуде.

Елдің әр азаматы өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, шын
ықыласымен өнеге ететін болса ғана,  біз, Елбасы айқындағандай "Қазақстан-
2050" стратегиясына сай бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіретін
боламыз. Тоқсан ауызды сөзімнен тобықтай торсаңды қорытпағым,Қазақстан
мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді. Алаш

ардақтылары мен айбар шыңды бағындырғандардың айтқан ізгі ақыл-
кеңесін, байрақты байлығын, таптырмас құндылығын, ең бастысы ана
тілімізді келер күнімізге иек етіп, соның жолында жұмыстануымыз керек-
дағы. Бағалы бақты еліміздің балдырған баянды өмірін зор етіп, ертеңгі
күнімізге бағбан нұрын сеуетіндей үлгі етуімізді бірінші кезекке қоялық!

Сырға толы саяхат

«Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясы шеңберінде біз 2017жылы Қызылорда облысынан жетпіс оқушы Нұр-Сұлтан шаһарына саяхаттап келдік. Мектеп оқушыларына арналған «Өлкетану» жобасына алғысымыз шексіз. 25 тамыз күні Нұр-Сұлтанға келген жас саяхатшыларды Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол станциясынан облыстық білім басқармасының мамандары өте жақсы қарсы алды.

Қазақ қашаннан қонақжай, дархан, мәрт мінезді халық қой. Нұр-Сұлтандықтар бізді Қазанғап атындағы музыкалық колледждің жатаханасына орналастырды. Бұл қаланың орталығы екен.

Саяхатты ұйымдастырушылар алғашы күні-ақ бізді қаланың көрікті жерлерімен таныстырды. Атап айтсақ, алдымен Нұр-Сұлтан орталық тарихи-өлкетану музейін араладық. Өңірдің ежелгі, ортағасырлық және жаңа өмір тарихын қамтыған түрлі залдардан, әсіресе археология залынан көп мағұлматтарға қанықтық.
Мұнан соң Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен таныстық. Ұлттық ойын түрлерінен командалық сайыстар, интелектуалды байқаулар өткізді. Осындай танымдық шаралардың да куәсі болдық. Ал кешкілік Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта серуендедік.

Саяхатымыздың келесі нысаны Байқоңыр ғарыш айлағы болды. Байқоңыр қаласы тіптен бөлек әлем секілді. Ғарыш қақпасы болған қала тарихын естіп, көрікті жерлерін көріп қана қоймай, музейдегі академик С.П.Королев туралы, ғарышқа алғаш ұшқан Ю.Гагарин туралы қызықты ақпараттар білдік.

Сапарамыздың үшінші күнінде Жаңақорған ауданындағы ортағасырлық Сығанақ қалашығына бардық. Сырға толы Сығанақ қалашығы туралы керемет аңыздарды тыңдап, осындағы археологиялық қазба жұмыстарына куә болдық. Қайтар жолда Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов атындағы музей мен Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейін араладық.

Төртінші сапарымыз Қызылорда қаласы болды.Аты аңызға айналған Қорқыт атамыздың құрметіне қойылған мемориалды ескерткіш кешеніне жолға шықтық. Кешен облыс орталығынан онша алыс емес екен. Өзі үлкен тас жолдың бойында.
Алыстан көрінген ескеркіш кешен шынымен де ғажап екен. Ол жердегі музейден біз Қорқыт Ата туралы аңыздар тындап, әлемдегі түркі елдеріне ортақ ойшылдың өмір жолымен таныстық. Музей қызметкері экскурсовод Айгүл Бекмаханова апай ұлы музыкант, ойшыл бабамызға қатысты қызықты деректер, аңыз-әпсаналар айтып, мұндағы құнды экспонаттармен таныстырды.

Қорқыт Ата мемориалды кешеніне кіргеннен өзімді ерекше сезіндім. Кешеннің аумағы ат шаптырым жерді алып жатыр. Қобыз пішіндес ескерткіштен желдің соғуымен шыққан қобыздың сырлы үні құлағыма әлі естіліп тұрғандай. Бұл жерде де суретке түстік.

Кешкілік Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жас қызылордалықтардың өнерін тамашаладық. Өзіміз де коньки тебудің қыр-сырына қанықтық. Қызылордалықтар қонақтарын ереке құрметтейді екен, бізге естелік сыйлар табыстап, салтанатты түрде шығарып салды. Біздің төрт күндік танымдық сапарымызды қызықты етіп ұйымдастырған Қызылорда облыстық білім басқармасына айтар алғысымыз шексіз.

Осылайша, біз қызыққа толы қысқа мерзім ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оқушыларға арналған «Өлкетану» жобасы аясында Сыр өңірінің шежіресіне қанықтық. Енді Сыр елінің мәдениеті мен тарихын, киелі жерлері туралы көрген-білгенімізді ата-ана, достарымызбен бөлісетін боламыз. Өйткені, бізде әсерлі естеліктер көп.
«Қызылорда облысындағы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясына келген жас саяхатшылардың атынан ризашылығымды білдіремін.

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті