Ұлы тұлғаларға арналған арнаулар жинағы

0
Қазағымыз дара тұлға санайды…

 

Арнап саған өлеңімді бастайын,

Айтқаныңды оқып тоқып қостайын.

Даналығын ұлы ақынның қашанда,

Мәңгілікке жүрегімде сақтайын.

 

Хакім Абай рухына бас иемін,

Өлең жаздым балауса жүрегіммен.

Бабам салған жыр өнерін құрметтеп,

Өлең сөзді сүйіп өсіп келемін.

 

Ұрпағыңа ілім, білім, өнерді,

Үйретуге шақырып жол бастадың.

Қамын жеп келешегін қазағымның,

Саналы ғұмырыңды сарп еттірдің.

 

Хакім Абай ұлылығы мәңгілік,

Үйлеседі ұлылардың үнімен.

Әсем халқы мойындаған дананың,

Асыл сөзін ардақтайды қазағым.

 

Абай біздің ұстазымыз, піріміз,

Арналады жырымыз бен әніміз.

Жырлаймын мен, жырлай берем Абайды,

Қара өлеңге көрік берген сәніміз.

Құмарбаева Аида

 


Жаужүрек Махамбетке

Жаужүрек ата, енді өзіңдей ер тумас,

Жоқ шығар адам ерлігіңе қызықпас.

Елі үшін жанын берген нар тұлға,

Өзіңді аңсап кетер әркім арманда.

 

“Мен, мен” деген жүрегіңнен шыққан сөз,

Жақсылардың санасына барар кез.

Өлеңіңнен қайрат алған әр адам,

Батыр ата ерлігіңе тамсанам.

 

Исатайды пікір тұтқан, ардақтаған,

Тәуелсіздік жолында аянбаған.

Қазақ елін биіктету мақсаттарың,

Орындалды бұл күнде армандаған.

 

Батыр бабам, қайсар бабам тұғырым,

Мәңгілікке жырланады ғұмырың.

Сенің елің міне қандай қарашы,

Биік болсын әрқашанда тұғырың!

 

Тілеуұлы Үмбетей бабам менің

Тілеуұлы Үмбетей бабам менің,

Батырларға жырыңды арнап едің.

Бөбегбайдың өлімін Абылайға,

Естіртіп, көңіл айтып қайтқан едің.

 

Батырлармен бірге жүріп шайқаста,

Жырлар жаздың арнап қанша айқасқа.

Асыл сөздер, нақыл сөздер, өсиет,

Бізге салған сара жолғой байқаса.

 

Елінің қамын ойлаған тілеушіміз,

Атыңызды жаңғыртар тілеушіңіз.

Естен шықпай жырларыңыз қаншама,

Сіздей жырау “Жасасын!” деп тілейміз.

Қадырова Роза

 

Мен. Мен едім. Мен едім…

Еңіреген ел үшін, жан беріскен Махамбет,

Сұлтан, ханды аямай, тапаладың сақтап кек.

Ұлы арман шегіне жете алмаған Махамбет,

Ақ орданың шебінде тайсалмадың жауға кеп.

 

Сол заманғы көрініс қайғы тапқан кез еді,

Үміттенген қара жұрт бір жеңерін сезеді.

Кезеңінің жұлдызы Исатай мен Махамбет,

Елмен бірге толастап, қайғысына төзеді.

Жас жылады күшіктей, қара жерді құшақтап,

Елің қалды еңіреп, салғандай бір пышақтап.

Еділ бойын мекен қып, ел қондырсам деп едім,

Сол Махамбет арманы талайдан соң кеп еді.

 

Ханың кетті азғындап, жұртты барша табалай,

Жас-кәрісін елемей, жүре берді аямай.

Хан баоасы ақсүйек, аңдып Қазақ кебісін,

Жүре алмады жер-көкті қызыл қанға боямай.

 

Тәуелсіздік күндерін арман қылып жадына,

Елмен соққан жүрегі дүрсіл қақты қамыға.

Исатайдан қол үзіп, өкінішті дос қылдың,

Жүрегіңнің түкпірі бос боп қалды жабыға.

 

Ел арманын жетелеп кете бардың қимастан,

Сондағы кек кетті сұм жүрекке сыймастан.

Қара халық еңіреп, қалды құшақтап тізесін,

Қапаланған Махамбет мұның жұтты құймастан.

 

Егер кетпей дүниеден, қалсаң елдің жанында,

Тәуелсіздік ертерек келермеді тағы да.

Ел қуанып, жас-кәрі кеткендей боп жұмаққа,

Қуанар еді тыйылмастан тағы ағынан жарыла.

Жұмақан Қымбат

 

Шалкиіз жырауға арнау

Ел тағдырын ойлауменен,

Ғұмыр кешкен данамыз.

Толғау жазып тербеткен,

Шакиіздей жырауымыз.

 

Қилы-қилы заманда,

Ақтабандай жағдайды,

Жырыменен жеткізіп,

Жүрегіңді тербетіп,

Өсиет қып жастарға

Жаман менен жақсыны,

Өлшеп берген заманға.

 

Жыраудың әр сөзінде,

Жатады бір өсиет.

Келе жатқан болашақ,

Осы өсиетке лайық ет.

 

Жақсылығың алдыңда,

Жаманның бәрі артыңда-

деп жырлады Шалкиіз

Қамқор болған хақына.

Исабекова Анель

 

Мұқағали атама

Мұқағали кім десең,

Жауап берем білмесең.

Мұқағали ақын ақиық,

Өлеңдері тұнып тұрған тұңғиық.

 

Мұқағали шырағың,

Жырдан аққан бұлағың.

Өлеңін оқып қуанып,

Келеді кейде жылағың.

 

Мұқағали- көк теңіз,

Көк теңізге беттеңіз.

Жырларын сүйіп оқымасаң,

Болады кімге өкпеңіз.

 

Мұқағали арысым,

Өткерді өлең жарысын.

Өлеңмен елге мақтан боп,

Қорғаған поэзия намысын.

 

Қарасаздың ұланы,

Жыр-әнімнің бұланы.

Мұқағали жырлары,

Есімізде жүр әлі.

Байболов Бағдат

 

 

Келлердің оқушылардың ынтасын арттыру моделі

Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі уақытта жас мамандар ғана емес, тәжірибелі ұстаздар да баланың білімге ынтасын арттыра алмай жүр.

Осы тұста сіздерге Келлердің оқушылардың ынтасын арттыру моделін ұсынамыз:

ARCS моделі:
• Attention — назар аудару
• Relevance — маңыздылық
• Confidence — сенімділік
• Satisfaction — қанағаттану

Назар аудару :
Өтілетін тақырыпты бірнеше тақырыпшаға бөлу арқылы немесе тың идеяларды қосу арқылы оқушы назарын аудару өте маңызды.

Маңыздылық:
Белгіленген оқу курсына маңыздылық беру. Оқу курсына белгілі бір нәтижеге әкелетін дәйекті әрекеттердің алгоритмдерін ұзақ мерзімге емес, дәл сол жерде енгізген жөн.

Сенімділік:
Келесі әдіс — оқушының өзіне деген сенімділігі. Материалды түсіндіргеннен кейін, бақылау сұрақтарын қойыныз. Егер материал қиын болса — кеңес беріп, мәселенің шешімін бірге табыңыз :blush:

Қанағаттану:
Оқу жылының соңына дейін біз ынталандырудың алғашқы үш факторын қолдансақ та, оқушы ынтасы төмендейді. Себебі, өз нәтижесіне көңілі толмауы мүмкін. Осы сәтте жақсы бағалау, марапаттау сияқты қарапайым тәсілдерді ұмытпаңыз.

Ұқсас материалдар:

  1. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  2. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  3. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  4. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  5. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  6. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  7. Жас маманға 8 кеңес

Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт

Иллюстрация: Freepik.com

Сабақты қызықты жүргізу оңай шаруа емес. Оған дайындалудың өзі қиындауда. Біз дайындаған сайттар тізімі Сіздерге іш пыстырмайтын сабақтарды құрастыруға, оқушылардың белсенді қатысуына көмектеседі. 

1. LearningApps

LearningApps сайтының көмегімен сіз оқушылардың өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар жасай аласыз. Сайттың арсеналында тек классикалық сауалнамалар ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа пайдалы құралдар бар: мәтіндегі бос орындарды толтыру, хронологиялық тізбек құру, картада орын табу және сөзжұмбақ құрастыру. Сіз тіпті LearningApps-та видео курс жасай аласыз!

Мұны істеу үшін сізге бейне қосу керек (мысалы, YouTube-тан). Одан кейін оқушы бірнеше сұрақтар немесе басқа да тапсырмалар орындай алады. Қызметтің ерекшелігі: мұғалім оқушының тапсырманы қалай орындағанын көрмейді, жаттығулар тек өзін-өзі тексеруге арналған.

2. Kahoot

Интерактивті сынып викториналарын өткізуге мүмкіндік беретін сайт. Мұғалім оқушыларға ауызша сауалнама жүргізген кезде, ол бірнеше оқушыдан ғана сұрап үлгереді. Барлығына уақыт жеткіліксіз. Kahoot көмегімен мұғалімдер барлық оқушылармен бір уақытта сұхбаттасып, олардың күшті және әлсіз жақтарын бірден біле алады.

Мұғалім сайтта сауалнама жасайды. Оқушылар сыныпта смартфондар немесе компьютерлер арқылы жауап береді. Мұғалім оқушылармен бірге жауаптардың статистикасын көреді және олардың қандай проблемалары бар екенін түсінеді.

3. ПостНаука

Иә, бұл орысша сайт, алайда мұнымен оның пайдасы кеміп қалмайды. Ғалымдар қысқа бейнематериалдарда барлық ғылыми құбылыстар туралы айтады. Мұнда сіз жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытатын мұғалімдерге арналған материалдарды таба аласыз.

Мысалы, физик Дмитрий Казаков қазіргі физика тілі туралы айтады,ал лингвист Анастасия Бонч-Осмоловская лингвистикадағы үлкен деректер туралы сөз қозғайды. Постнаукада 15 тақырыптық бөлім бар: астрономия, биология, тарих, ми, психология, құқық, әлеуметтану, физика, тіл, мәдениет, математика, медицина, экономика, философия, химия. Видеодан басқа сайтта мақалалар, тіпті ойындар бар?

Осы берілген сайттар тізімі сіздердің сабақтарыңызды қызықты өткізуге көмектеседі деп сенеміз!

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  2. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  3. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  4. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  5. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  6. Жас маманға 8 кеңес

Қоғамдық көлік мәселесі

0
Қазіргі уақытта, заманның дамуына байланысты, адамның өмір сүруіне деген барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Соның бірі қоғамдық көлік болып табылады. Қала (қала сыртында тұратын адамдар да) тұрғындарының айтарлықтай көп бөлігі бұл көліктің түрін күнделікті өмірде жиі пайданалы. Жұмыс, оқу орындарына, басқа да маңызды жерлерге барып-қайту мақсатында қоғамдық көлікке  отыруға асығамыз. Алайда, өзімізді А пунктінен В пунктіне дейін жеткізіп салатын, қаражат жағынан да тиімді бұл көлік түрі әрдайым ыңғайлы болып табылады ма? 


Өздеріңіз байқап жүргендей, екі күннің бірінде осы қоғамдық көлікпен байланысты бір оқиға орын алып жатады. Оның ішіне қоғамдық көліктегі жанжалдар, ұрлық, жарақаттар тіпті қан қысымы жоғары, жасы үлкен кісілер мен денсаулығы нашар адамдардың ауаның жетіспеушілігі әсерінен талып қалуы және т.б кіреді.

 

Студент ретінде, қоғамдық көлікті қолдану мен үшін тиімді болып табылады. Дегенмен, төлем ақысын есептемей бұл мәселеге басқа жағынан қарап көрейік.  Қоғамдық көліктегі адам санының нормадан тыс болуы, мен үшін ғана емес өзгелер үшін де қиындықтар туғызатыны рас. Адам санының көп болуына байланысты жоғарыда айтылып кеткендей ұрыс-керіс, егде жастағы адамдардың отыратын бос орын болмағаны үшін жастарға айтатын сөздері т.б жағдайлар орын алады. Осының барлығы дерлік көлік жүргізушісі адам санына қарамай көп мөлшерде көлікке толтырып алуында. Адамдардың да үйге тез қайту мақсатында, тіпті кіретін орынның жоқтығына қарамастан, итерілісіп тқрып алуы да бар.

Ал енді “неліктен осындай жағдай орын алады” деген сұрақ пайда болады. Бір жағынан, теледидардан тамашалап отырған жаңалықтардан белгілі бір автопаркке 100 дана автобус сатып алынды деген хабарларды естіп, көріп жатамыз. Соның өзінде бұл мәселе шешіле қойған жоқ. Себебі, автобустардың жүру жиілігі, яғни уақыты 20-30 минутқа дейін барады. Әсіресе жұмыстан/сабақтан шыққан уақытта немесе таңертен автобустағы адам саны нормадан 2, одан аса 3 есе көп болады.

 

Осының барлығы, автобус паркінің жұмыс істеу  принциптеріне келіп тоқталады. Әр автобус жүргізушісінің тарифы, жолаушы санының неғұрлым көп болуы оның жалақысына тура пропорционал. Сондықтан оларға негізінен адам комфорты маңызды емес. Осы жайыттарды еске ала отырып, қоғамдық көлік маселесін төмендегідей жолдармен шешуді ұсынамын:

1) барлық жүргізушілерді тарифқа қатысы жоқ тұрақты жалақымен қамтамасыз ету;

2) автобустар арасындағы жүру жиілігінің катаң сақталуы.

Қорытындыға келетін болсам, осы талаптар орындалған жагдайда қоғамдық көлікпен байланысты туындайтын мәселелер жартылай болса да шешіледі деген ойдамын.

                                                                                                                                                                  Әнел САДЫҚ

Патриоттық өлеңдер

0
“Елім деп соғар жүрегім…”

Туған жерім, оттан да ыстық өзегім,

Таза ауа мөлдір бұлақ өз елім.

Туған жердей болмас маған ешбір жер,

Мәңгілікке “елім” деп соған жүрегім.

 

Туған жерім, неткен көркем құшағың,

Сені көрсем, бақытымды құшамын.

Таулы қырат, ойыс үстірт жазығың,

Тыныс алсам тірілгендей боламын.

 

Туған жерім, таза ауа мөлдірім,

Өзіңсіңғой қарашығы көзімнің.

Қайда барсам өзіңді аңсап жүрем,

Көңілімнің қуанышы өзіңсің.

 

Туған жерім, жүрегімнің бөлшегі,

Бола ма саған мазаббаттың өлшемі.

Шетел асып, сұлтаны болып жүргенше,

Елде қалып, ұлтаны болып жүрсемші.

Қадырова Роза

Біз…

Біз
Туымызды мақтан етеміз.
Ардақтап мәңгі сақтап өтеміз.
Қазақтың туы асқақ болсын деп,
Ұран етеміз жаттап өтеміз.

Біз
Ту үшін барын беретін елміз,
Тек бір Аллаға сенетін елміз.
Бір Қазақ күні қиындап жатса,
Бар Қазақ болып келетін елміз.

Біз
Туды жанынан артық көреміз.
Ар үшін бәрін сарқып береміз.
Қазақтар жайлы абайлап сөйле,
Тап осылай деп айтып келеміз.

Біз
Отанымызды шын сүйеде аламыз.
Отан алдында бас иеде аламыз.
Отан деп суға түседе аламыз,
Отан деп отқа күйеде аламыз.

Біз
Байтақ даланың ұландарымыз,
Алаштың ақ иық қырандарымыз.
Қазақтың айтар жыр әндарымыз,
Бабадан мирас ұрандарымыз.

Біз
Қонақжайлығы жарасқан елміз,
Ұрпақ қамымен санасқан елміз.
Өле жегегше бөле жейік деп,
Көрші-қолаңға қарасқан елміз.

Біз
Тұлпар үстінде ойнаған елміз,
Күнде қуаныш тойлаған елміз.
Ия біз Қазақ ұлтымыз,
Ата дәстүрін жоймаған елміз.

Біз
Желтоқсанда от қойған елміз,
Жанды жерлерге дөп қойған елміз.
Тәуелсіздікті қолға келтіріп,
Жеке елдікті бек қойған елміз.

Біз
Мың өліп мың бір тірілген елміз.
Керегесі нық тігілген елміз.
Тәнім арымның садақасы деп,
Ары үшін білегі түрілген елміз.

Біз
Ұлы даланың балаларымыз,
Бөрілі байрақ бабаларымыз.
Абай, Мұқтар, Ахметтерден,
Көрінер асқақ саналарымыз.

Біз
Осындай елміз,жаттап алғайсың,
Жүрекке терең сақтап алғайсың.

Есхат Тәлетұлы

Бұл Тәуелсіз Қазақстан!

Жастары құштар өлең менен білімге,

Халқы қонақжай, ақкөңіл бұл өңірде.

Қариясын құрметтен сыйлап өткен,

Тараған “Ұлы Қазақ” деген тектен.

 

Ерлері биік қойған ар менен намысын,

Қару алып, атқа отырып, жауға шапқан.

Елі менен жерінің қамын ойлар,

Жалынды жастар еліміздің бағысың.

Қыздары болып, “қарапайымдық” белгісі,

Ұзын көйлек, ақ жаулығы оның үлгісі.

Кешегі бабалар еккен, тамыры терең ағаштың,

Бұл күнде сендерсіңдер жемісі.

Тұғыры биік, тәуілсіз менің қазағым,

Жыр-дастан қылып тарихыңды жазамын.

Осы қалпыңнан таймасаң сен егерде,

Бүкіл Әлем аударар саған назарын.

Тогтқан Айсулу

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргідей озық технологиялар, жаһандану үрдісі тамырын тереңге жайып, бәріміз ұлттық құндылықтардан қол үзіңкіреген тұста ердің құнын бір ауыз сөзбен шешкен халқымыздың шешендік ұлағатты сөздерінің қадір-қасиетін жан тәніңмен ұққандай боласың.

Сондықтан баланаң болашағын жарқын, келешегі кемел болсын деген ұлттық тәлім тәрбиенің тұрған асылдарымен інжу маржандарын теріп алып, бойларына сіңіре білген абзал. Ол үшін білім мекемелерінде білім мен тәрбиеге қатар көңіл бөлінсе, ел қорғаны, қалқаны болатын азаматтардың қатары қалыңдай түсері сөзсіз.

Елбасы терең ойлы мақаласында мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүру керек, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс, «Жаңғыру халықтың ұлттық тамырынан нәр алуы керек» деп ұлт көкейіндегі асыл ойды дөп баса білген. Сөйтеді де : «Егер жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп аландаушылығында білдіреді.

Яғни ел дамуындағы ең бір өзекті мәселенің бірі рухани жаңғырудың басында ұлтымызбен оның ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтары тұруы тиіс. «Ұлттық салт- дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз барлық жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанды, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі болуы тиіс» деп көрсетеді.

Президент аталмыш мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжіриебе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс . Керісінше, заман сыңынан сүрінбей өткен озық дәстүрдерді тасбысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет екендігін айта келіп, бұрынғы тәжірбие мен дәстүрлерді сақтап, білім саласына әлемдік озық мемлекеттердің даму бағыттарына сай инновацияларды енгізу, оқу сапасын арттыру қажеттілігін айтты.

Осы орайды қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамда соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы- ұстаз үйреткен білімде. Осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңғыру жолындағы жас мұғалімдердің қолында екендігі анық. ».

Өзім Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін Дәстүрлі музыка мамандығы бойынша 2015 жылы тәмәмдап, сол жылы Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебіне домбыра сыныбының оқытушысы болып орналастым. Қиындығы мен қызығы мол, жауапкершілігі жоғары мамандықты бастаған кезде мектептің ұжымымен жақынырақ араласып, адамгершілік, сыпайлық, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді үйрендім.

Саз мектебіне өнерлі боламын деп келген балалар ешнәрседен хабарсыз болып келгеніменен есту, есте сақтау қабілеттеріне қарай үйреткенді тез қабылдауға машықтанып алады. Мен өз шәкірттеріме түрлі композиторлардың шығармаларын үйрету арқылы оларды түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жол ашып, олардың көңілін табуды бірінші кезекке қоямын. Философиялық ұғымда, маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есте сақтаймын, ал өзімді іс әрекетке қатыстырсаң үйренемін деген даналы сөзді білім алушыларға ақпараттық технологиялық негізінде пайдалана отырып өздіктерінен ізденудің маңызды екендігін айтқан жөн.

Қазіргі кезде менің де шәкірттерім түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлдегер атануда.

Атап айтар болсақ осы руани жаңғыру идиясына байланысты өткен 2017 жылы Бақытты елдің ұрпағы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республиклық «Дала сазы» байқауында Асқар Елнұр қатысып жүлделі 3-ші орынды иеленсе, Ақжелең триосы 2-ші орынды иеленді.

Жаңғыру жолындағы жас маман –ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден өз мамандығына деген шексіз шынайы сүйіспеншілігі мен шығармашылық қабілеті болуы керек. Осы орайды айтайын дегенім Рухани жаңғыру аясында өткен 2017 жылы «Жыл үздігі» Жаңақала ауданы жастар сыйлығы байқауында «Үздік жас маман» аталымы бойынша үздік деп танылып, аудан әкімінің марапатына ие болдым.

Шәкірттерім қазақтың қара домбырасында күмбірлетіп күйлерді орындау арқылы қазақ халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінін таниды. Егемен елдің ертеңіне үлес қосатын қазақтың саналы ұрпағының ішкі жан

дүниесін күй құдіретімен сәулелендіріп, білімнің, өнердің биігінен көру мен үшін үлкен абырой.

Отаншыл, рухы биік, жаны таза өнерлі тәрбиелі ұрпақты, ұлт болашағын тәрбиелейтін ұстаздар баға жетпес биік тұлға екенін ұмытпауымыз қерек.

Домбыраның қос шегіне саусақты сәл тигізіп, одан ғажайып үн шығару, әрбір сабағымды ғажайып әуенге толы етіп өткізу нағыз жаңғыру жолындағы ұстаз болу, өнерлі шәкірт тәрбиелеу менің де арманым. Шәкәрім атамыз айтқандай «өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» озық әдіс-тәсілді мұғалім өзі оқытатын баланың ерекшелігін ескеріп, деңгейіне қарай қолданса қиындықтарды жеңе алады.Қазіргідей жахандану заманында иновациялық, ақпараттық технологиялар арқылы мұғалім өзінде барды шәкіртіне үйретуді, оларды ғылымға биімдеуге күш салу керек.

Елбасымызың рухани жаңғыру аясында айтылған «Атамекен» бағдарламасына сәйкес қазірде өз туған жерімді көркейту мақсатында жұмыс атқарып жатқанымды да айта кетуга болады. Күні кеше ғана осы мақалаға байланысты мектебімізде Қали Жантілеуовті еске алуға арналған «Қайталанбас Қали салған өшпес із» атты күйші орындауындағы күйлер кешін өткіздім.Халықтың рухани азық алуына дәл осындай іс шаралар көптеп көмегін тигізеді деген ойдамын.Ары қарайда рухани жаңғыру мақаласы аясында көптеп рухани шаралар өткізу ойда бар.

Біздер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақтың иесі жас жеткіншектерді, өнерлі де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызыды ұмытпауымыз керек

Бейсенғалива Ханзада Самиғалиқызы
Б.Қ.О. Жаңақала ауданы,
Қали Жантілеуов атындағы
балалар музыка мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі

Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?

Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі заманауи қоғамда бірнеше жұмыс орнында қызмет ету — қарапайым практика.  Себебі, тұрақты қызмет орнымен қатар, қосымша табыс көзі ешкімге артық етпейді ғой, иә?

Ал ұстаздарға қандай қосымша табыс көзі бар? 

Негізі, күш-қуат пен уақыт болса, кез келген адам мамандықтан тыс, сервистік жұмыстарды жасауына болады.

Алайда, өз қабілеттеріңізге сай, мамандығыңызбен үйлесімді табыс көзі болса жақсырақ қой.

Бұл тұрғыда:

— Қосымша білім беру орталықтары

— Біліктілікті арттыру орталықтары жақсы вариант. 

Сонымен қатар: 

  • Тіл және әдебиет пәні ұстаздары копирайтер, редактор, корректор, аудармашы;
  • Химия-биология пәні ұстаздары зертхана қызметкері;
  •  Өзін-өзі тану пәні ұстаздары тренер, коучер;
  • Дене шынықтыру пәні ұстаздары спорттық тренер;
  •  Еңбек пәні ұстаздары бұйым шеберлері бола алады. 

    Тағы басқа мұғалімдерге сондай өз қабілеттері мен білім беру ортасына қарай қосымша жұмыс орындары бар.

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  2. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  5. Жас маманға 8 кеңес

Жас маманға 8 кеңес

Иллюстрация: Freepik.com

Кешегі жоғары оқу орындарының түлектері оқу жылының алдында тек балалар ғана алаңдамайтынын жақсы біледі.

1. Әріптестеріңізден сұрауға қымсынбаңыз! 
Ішкі тәртіпке және сабақтан тыс өмірге қатысты мәліметтерді нақтылаудан тартынбаңыз!

2. Барлық жаңа әдістерді бірден қолданбаңыз! 
Күнделікті кішігірім әдеттерден бастаңыз. Ол балаларға мектеп ырғағына үйренуге көмектеседі.

3. Оқушылардың шешім қабылдауына мүмкіндік беріңіз! 
Өзін-өзі басқару жақсы, егер мұғалім шешім қабылдау процесін бағыттаса ғана..

4. Басқа адамдардың бағасынан қорықпаңыз! 
«Не ойлайды?» дегеннің өзі энергияны қажет етеді, ал оны сабақ процесінде қолданғаныңыз тиімдірек..

5. «Қиын оқушыларға» мән бермей қоймаңыз! 
Барлық бала сіз үшін бірдей екенін ұмытпаңыз. Қандай жағдай болса да ашуға бой алдырмаңыз..

6. Ұжыммен бірге болыңыз!
Сөйлесіңіз, кеңес сұраңыз, мектеп және қоғамдық шараларға қатысыңыз.

7. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз! 
Оқу процесі бағдарламаны игеру жарысы емес. Әр ұстаздың өзіндік әдіс-тәсілдері бар екенін ұмытпаңыз.

8. Қателіктер үшін өзіңізді жазаламаңыз?
Сенімсіздік пен уайым, сонымен қатар қателіктер жасау қалып жағдай екенін ұмытпаңыз!

Осы қарапайым кеңестердің сізге пайдасы тиер деген үміттеміз!

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  2. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

Аттестациядан өтетін педагогтардың портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге арналған нұсқаулық

Иллюстрация: Freepik.com

Құрылым:

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижелері.

Бөлімдер мазмұны

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

  • Бастапқы бет.

Міндетті түрде болуы керек:

— қала/аудан көрсетілген жұмыс орны;

— тегі, аты, әкесінің аты;

— атқаратын лауазымы;

— портфолионың рәсімделген жылы.

Рәсімдеу үлгісі:

«Абай атындағы №154 гимназия» КММ

Теміртау қ.

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)

Иванова Гульзия Сергеевна

Өзін өзі тану мұғалімі

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 36)

2020 ж.

(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)

 педагог қызметкердің біліктілік санатын растау немесе беру туралы өтініші ( №1 «Педагог қызметкерлерін аттестациядан өткізу ережелері» қосымшасына сәйкес нысан бойынша).

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • білімі туралы дипломның көшірмесі;
  • ғылыми атақ берілгені туралы дипломның, куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • берілген біліктілік санаты туралы сертификат пен бұйрықтың көшірмесі (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

Біліктілік санаты ұзартылған жағдайда қайта рәсімдеу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

  • мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз оқу курстарына қатысқаны туралы құжаттар көшірмелері;
  • қосымша пәндер бойынша өткен курстардың құжаттарының көшірмесі;
  • ұлттық біліктілік тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың көшірмесі;

Ескерту: құжаттардың барлық көшірмелері осы білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

 

 2 бөлім. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушыларының оқудағы жетістіктерінің қорытындылары.

Педагогтің кәсіби қызметі мен кәсіби өсуінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттары  (аттестатталу кезеңінде):

  • оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңіндегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;
  • педагогтардың кәсіби жетістіктерін растайтын және тәжірибелерін жалпылайтын құжаттардың көшірмелері (үкімет марапаттары, грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, куәліктердің көшірмелері);
  • сабақтарды бақылау парақтары (үшеуден кем емес). Сабақты бақылау парағында облыстық сараптамалық кеңес мүшесінің (Қарағанды облысының Білім басқармасының бұйрығымен бекітілген аймақтардағы сараптамалық кеңес мүшелерінің тізімі) ұсыныстары болуы тиіс;
  • оқыту курстары мен семинарларға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі.

Оқушылардың оқу жетістіктері арқылы мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттар (аттестатталу кезеңінде):

  • грамоталар, оқушылардың дипломдарының көшірмелері;
  • оқушылардың алғыс хаттарының көшірмелері;
  • оқушылардың сертификаттары, куәліктерінің көшірмелері.

«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ» БӨЛІМІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК?

  • Оқушылардың оқу нәтижелерінің динамикасы (аттестатталу кезеңінде) (таблицалар, сипаттау, диаграммалар түрінде)*

Диаграмма – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетуге арналған ең қолайлы динамика. Мұнда оқытудың әр жылының маңыздылығын пайыз арқылы көрсету қажет,

мысалы:

Динамиканы кесте түрінде де көрсетуге болады. Екі қатардан және қажетті бағандардан тұратын кесте құрыңыз. Жоғарғы жолға уақыт көрсеткіштерін (оқу жылы), төменге – процесс өлшемдерінің мәліметтерін жазыңыз.

2015-2016 оқу жылы 2016-2017 оқу жылы 2017-2018 оқу жылы 2018-2019 оқу жылы Динамика
49,2% 48% 54,7% 61,2% 12%

 

* Білім сапасының динамикасын қалай есептеу керек:

Аттестаттау мерзімі алдыңғы біліктілік санатын тағайындау (растау) сәтінен басталады (айы, күні біліктілік санатын алу туралы бұйрықта жазылады).

Алдыңғы санатты тағайындау (растау) туралы бұйрық шыққанға дейін біліктілік санаттарын беруге (растауға) өтініш берілмейді.

 Аттестаттау мерзімі 1 жыл:

  • білім сапасы тоқсандық бағалармен анықталады. Бір пән бойынша әр паралелль үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)

Мысалы:

Қазақстан тарихы

2018-2019 оқу жылы

1 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

2 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

3 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

4 тоқсан

49,2% 48% 54,7% 61,2%

Динамиканың есептелуі: 61,2% — 49,2% = 12%

Дүниежүзі тарихы

2018-2019 оқу жылы

1 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

2 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

3 тоқсан

2018-2019 оқу жылы

4 тоқсан

53% 57% 62,2% 64,5%

Динамиканың есептелуі: 64,5% — 53% = 11,5%

Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.

Аттестациялық мерзім 2-5 жыл:

  • білім сапасы жылдық бағалармен анықталады. Толық көріністі алу үшін, сертификаттау кезеңінің басындағы 1 тоқсанның нәтижелері және аттестаттау кезеңінің соңындағы жылдық қорытындыларды көрсету қажет. Бір пән бойынша әр параллель үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)

Мысалы: 8-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:

2015-2016 оқу жылы

1 тоқсан

2016-2017 оқу жылы

 

2017-2018 оқу жылы

 

2018-2019 оқу жылы

 

49,2% 48% 54,7% 61,2%

Динамиканың есептелуі: 61,2% — 49,2% = 12%

9-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:

2015-2016 оқу жылы

1 тоқсан

2016-2017 оқу жылы

 

2017-2018 оқу жылы

 

2018-2019 оқу жылы

 

53% 57% 62,2% 64,5%

Динамиканың есептелуі: 64,5% — 53% = 11,5%

Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.

Егер білім сапасының пайыздық көрсеткішін есептеу қиын болған жағдайда (жұмыс орнын ауыстыру, сыныпты ауыстыру, білім алушылар тобының ауысуы), онда мәселенің толық сипаттамасын беру арқылы, тұрақты динамиканың немесе оның төмендеуінің себептерін көрсету қажет.

Егер оқыту динамикасы жеткіліксіз немесе теріс болса – туындаған мәселеге  толық талдау беріңіз (жұмыс орнын ауыстыру, сыныптың ауысуы, «мықты» оқушылардың кетуі және т.б.). Толық негіздеу сіздің күшті жақтарыңызды бағалауға көмектеседі.

Аттестаттау кезеңінде білім сапасы 70% — дан төмен болса, сапа критериі МІНДЕТТІ болып саналмайды.

Пәндер бойынша білім сапасының қажетті динамикасы:

Педагог-сарапшы                                        білім сапасының өсу динамикасы 7%

Педагог-зерттеуші                                    білім сапасының өсу динамикасы 10%

Педагог-шебер                                          білім сапасының өсу динамикасы 15%

 «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қоғам және дін» пәндері бойынша «сынақ» («сынақталмаған») қойылуына байланысты («Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы). Осы пәндерді оқытатын мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасы (аттестаттау мерзімінде) тек өткен жылдардағы динамикаларын жөніндегі деректерді көрсетуге болады (бағалар қойылған кезді).

Педагог-психологтарға  берілген бөлімде педагог-психолог жұмыс жасайтын оқушылардың оң нәтижелерін, түзету және дамыту динамикасын ұсынады.

Мысалы, жекелеген психотүзету жұмыстары бойынша кабинетте оқитын оқушылардың санын ұсыну (басқа да нұсқалар болуы мүмкін)

Мерзімі Оқушылар саны
Мерзім басында Мерзім соңында Шығарылды
2013-2014 о.ж. 13 3 10 (76%)
2016-2017 о.ж. 15 2 13 (87%)
2017-2018 о.ж. 10 1 9 (90%)

 

Әлеуметтік педагогтар берілген бөлімде кеңес беру жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады, мысалы:

2014-2015

оқу жылы

2015-2016 оқу жылы 2016-2017

оқу жылы

Динамика
Оқушылармен жеке сөйлесу 4
43 45 55 27,9%
Ата-аналармен жеке сөйлесу
36 28 36 0%
Мұғалімдермен жеке сөйлесу
20 20 25 25%

Сонымен қоса әртүрлі есеп түрлер талдау:

2014-2015

оқу жылы

2015-2016

оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

Динамика
 ЖБМ бойынша оқушылар саны
30 27 22 36%
КТІЖК бойынша оқушылар саны
13 10 6 116%
КТІЖБ бойынша оқушылар саны
10 13 11 -10%

Білім беру сапасының динамикасының барлық деректері басшының қолы және ұйымның мөрімен расталады.

 Пән бойынша оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарының нәтижелері  (марапаттары, мақтау қағаздары, дипломдары, куәліктері) (мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, мұғалім-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес).

Міндетті түрде марапат алған жыл көрсетілуі керек. Егер дипломда жыл қойылмаса, өзі жазуы керек. Дипломдардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, сертификаттардың т.б. көшірмелері қара-ақ түсті, анық болуы қажет, (бұлыңғыр фотосуреттерден көшірме жасамаңыз). Ұсақ фотоларға (әр бетте 4 не одан да көп), парақта «веермен» жинақталған суреттерге тыйым салынады.

  •  Өзінің педагогикалық тәжірибесін талқылау және тарату формалары (шеберлік-сыныптары, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, мұғалім-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес).
  • Әзірлемелерді салудың қажеті жоқ – тек мөр басылған семинар, шеберлік-сынып, дөңгелек үстел бағдарламаларының болуы жеткілікті.
  • Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметінің өнімдері (аттестатталу мерзімінде) (облыстық әдістемелік кеңес немесе Сараптау кеңесі, Республикалық ғылыми-әдістемелік немесе Сараптау кеңесі бекіткен).
  • Әзірлемелерді салудың қажеті жоқ – тек облыстық әдістемелік кеңес немесе Сараптау кеңесі, Республикалық ғылыми-әдістемелік немесе Сараптау кеңесі шешімінің көшірмесі жеткілікті.
  • Басылымдар (аттестатталу мерзімінде) (педагог-зерттеуші, педагог-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, педагог-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес)
  • Пәндер бойынша педагог қызметінің нәтижелері (марапаттар, мақтау қағаздары, дипломдар, куәліктер) (педагог-зерттеуші, педагог-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, педагог-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес)
  • Міндетті түрде марапат алған жылды көрсету керек. Егер дипломға марапатталған жылы қойылмаса, оны өзі қоюы қажет. Дипломдардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, сертификаттардың және т.б. көшірмелері қара-ақ болмауы керек, анық болуы тиіс (бұлыңғыр фотосуреттерден көшірмелер жасамаңыз). Ұсақ фотосуреттерге (беттегі 4 және одан да көп), «Веер»парағында жиналған суреттерге жол берілмейді.

 Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиосын бағалаудың 5 өлшемі:

  • оқушылардың жетістіктері
  • қызметінің жалпылау қорытындысы
  • педагогтың кәсіби жетістіктері

МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

 Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиясын бағалау (арнайы білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың педагогтары үшін)

Жеке дамыту бағдарламасын ұсыну міндетті.

Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маманның нәтижелілігі бағаланады:

Педагог-сарапшы                Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру — 50% — 60%

Педагог-зерттеуші              Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру — 60% — 70%

Педагог-шебер                     Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру — 70% — 80%

Нәтижелілікті негіздеу және растау қажет.

 Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу Ережесіне сәйкес 75-тармақ. Тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен біліктілік санаттарын беру (растау) үшін кезекті аттестаттауға аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі. Бұл тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен аттестатталушы мәлімделген санат бойынша аттестатталғанын білдірмейді.

Педагог пен оқушылардың барлық марапаттау құжаттары, басылымдары, озық тәжірибені тарату материалдары тек аттестаттау мерзімі кезеңі бойынша ұсынылуы тиіс.

Көшірме

 Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы » 27 » қаңтардағы № 83

Бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу ағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары.

 Ескерту. Ереже жаңа редакцияда-ҚР Білм және ғылым министрінің 19.12.2019 № 539 бұйрығымен.

  1. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер аттестатталушылар (бұдан әрі – мерзімінен бұрын аттестатталушылар) аттестаттаудан екі кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу;

2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

  1. Аттестатталушылар аттестаттаудың бірінші кезеңі – біліктілік тестілеуден өту үшін осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, мемлекеттік органдардың тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.

 2) бірінші біліктілік санатына:

— облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың немесе олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

— облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың немесе олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

— екінші біліктілік санаты бар, облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтықтан) қатысушыларын дайындаған тұлғалар);

— облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

— өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) жоғары біліктілік санатына:

 — бірінші біліктілік санаты бар, облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, шығармашылық, кәсіби конкурстарға, ғылыми және спорттық жарыстарға қатысушыларды немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған тұлғалар;

-облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

— бірінші біліктілік санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған тұлғалар;

— бірінші біліктілік санаты бар, біліктілікті арттыру институттарынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

— жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі және кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

— өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.

Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген кезде аттестатталушылар нұсқаулықпен танысады.

  1. Аттестатталушылардың біліктілік санаттарын беруге (растауға) козетка аттестаттау өтініш негізінде (оның ішінде қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) өткізіледі.

3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына»:

— мамандық бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар: «педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдысын меңгерген, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды: білім беру ұйымы деңгейіндегі өзі және әріптестері аудан/қала деңгейінде тәжірибе жинақтайды, олимпиада, конкурс және, аудан/қала деңгейінде жарыстар өткізу;

4) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына»:

— мамандық бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, кемінде 4 жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар: «педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын конструктивті айқындайды., Облыс/Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде тәжірибені, облыс/Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың бар-жоғын қорытады;

5) «педагог-шебер» біліктілік санатына»:

 мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар: «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа авторлық бағдарламасы бар немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдауды алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді., тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

  1. Тестілеу нәтижесі мынадай балл алған кезде оң болып саналады:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

60%- » педагог-сарапшы»;

70% — » педагог-зерттеуші»;

80%- » педагог-шебер»;

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог-сарапшы» — 30 %;

«педагог-зерттеуші» — 30 %;

«педагог-мастер» — 30 %.

  1. Тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі.
  2. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесін алған біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға аттестатталушылар білім беру ұйымы (ауданның (қаланың) білім бөлімі, білім басқармасы және тиісті саланың уәкілетті органы арқылы тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына аттестаттау кезеңіндегі кәсіптік қызметтің нәтижелілігі бойынша портфолио ұсынады:
  • 1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аттестаттауға өтініш;
  • 2) міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы диплом;
  • қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
  • берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін));

— біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар;

3) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат;

4) оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңіндегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;

5) педагогтардың кәсіби жетістіктерін және тәжірибесін қорытуды растайтын құжаттардың  көшірмелері;

6) сабақтарды  бақылау парақтары (кемінде үш ай);

7) біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың көшірмесі.

  1. Біліктілік санатын беруге козетка аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясы «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
  2. Аттесттаттау комиссиясы «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылданған кезде кезекті аттестаттау кезінде қолдаеыстағы біліктідік санаты бір деңгейге төмендейді.
  3. Егер аттестатталушы біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға мәлімделген санатқа балл алмаған жағдайда, ол аттестаттаудың келесі кезеңіне төмен деңгеймен қатысуға құқылы.
  4. Ұлттық біліктілік тесті арқылы мерзімінен бұрын аттестаттауға мынадай санаттағы тұлғалар жіберіледі.

2) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына»:

— қалалық (аудандық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;

— қалалық (аудандық) деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;

—  облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған тұлғалар (Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалалары));

— «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар»;

— ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар.

— ағылшын тілін B2 (CEFR шкаласы бойынша) төмен емес деңгейде меңгерген және ағылшын тілінде сабақ беретін тұлғалар;

— жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

—  бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын тұлғалар.

3) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына»:

— облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған тұлғалар;

— облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын тұлғалар;

— «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар»;

— республикалық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған тұлғалар;

—  ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар.

4) «педагог-шебер» біліктілік санатына»:

 республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған тұлғалар;

— республикалық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын тұлғалар;

— халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған, педагогикалық практикада оқытудың және тәрбиелеудің ғылыми негізделген әдістерін, авторлық технологияларын жүйелі пайдаланатын тұлғалар.

8-қосымша

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына

Нысан

Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиосын бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері Біліктілік санаты
Педагог-сарапшы Педагог-зерттеуші Педагог-шебер
Білім алушылардың білім сапасы 1   7%-ға білім сапасының өсу динамикасы  10%-ға білім сапасының өсу динамикасы  15%-ға білім сапасының өсу динамикасы
Сабақ беру сапасы Білім басқармасы органының сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (кемінде 2 болған жағдайда) Білім басқармасы органының сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) «НЗМ» АОО немесе білім басқармасы органының сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (кемінде 3)
Оқушылардың жетістіктері Аудан/қала деңгейі Облыс деңгейі  
Қызмет қорытындыларын жалпылау 2 Аудан/қала деңгейі Облыс деңгейі Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде)
 Педагогтың кәсіби жетістіктері Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу

1 Егер аттестаттау кезеңінде білім сапасы кемінде 70% — ды құраса, бұл критерий міндетті емес болып табылады.

2 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу туралы құжат (іс — шаралар бағдарламасы және іс-шаралар жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу, семинарлар, шеберлік-кластар өткізу.

Ескерту: білім алушылардың біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиосын бағалаудың 5 өлшемінен, педагог қызметінің қорытындыларын қорытындылау және кәсіби жетістіктері міндетті болып табылады.

Біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестатталушының портфолиясын  бағалау критериилері (арнайы білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың педагогтары үшін)

Бағалау критериилері Біліктілік санаты
Педагог-сарапшы Педагог-зерттеуші Педагог-шебер
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілігі  Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 50% -60%  Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 60%-70% Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 70%-80%
Түзету-дамыту сабақтарының сапасы  Білім басқармасы органының (аудан/қала) сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (кемінде 2)  Білім басқармасы органының сараптамалық кеңесінің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес)  Сараптамалық кеңестің ұсыныстары бар сабақтарды бақылау парақтары (кемінде 3)
Қызмет қорытындыларын жалпылау 1 Аудан/қала деңгейі Облыс/қалалар деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы и Шымкент Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде)
 Педагогтың кәсіби жетістіктері Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу

1 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу туралы құжаттар (іс-шаралар бағдарламасы және іс-шаралар жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу, семинарлар, шеберлік-кластар өткізу.

Ескерту: білім алушылардың біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттлушының  портфолиосын бағалаудың 5 өлшемінен, педагог қызметінің нәтижелерін қорытындалау және кәсіби жетістіктері міндетті болып табылады.

Енді қайда көшеміз?

0

Кезінде ата-анамның Қызылордадан Алматы шаһарына көшуінің басты себебі — біз үшін жарқын әрі бақытты болашақтың қамтамасыз етуі болды. Алайда, осы жылдар бойы Алматы тек денсаулығымыздың жағдайын нашарлатуда.


Қазгидрометтің ресми мәліметтері бойынша, Алматының ауасы «ластанудың жоғары деңгейімен» алдыңғы қатарда топ жарып келе жатыр. Тұрғындардың жалпы ауру көрсеткіші орташа республикалық деңгейден асады: респираторлық аурулар — 1,2 есе, қанайналым жүйесі — 1,2 есе, эндокриндік аурулар — 1,4 есе көп.

9-шы сыныпта мұғалімім астма (тыныстық демікпе) ауруының себебінен тұншығып, тіпті бізге сабақ түсіндіре алмай қалғаны да есімде. Қызығушылықтың есебінен одан сұрастырғанмын. Ол астма диагнозы қойылғаннан кейін, оның өмірі айтарлықтай өзгергенін айтты. Біз үшін қарапайым болып көрінетін спортпен айналысу, далаға шығу, бөлмені желдету үшін терезені ашу деген секілді нәрселер ол үшін қиындық тудырады.

Әрдайым ауа сапасы туралы ақпаратты бақылап отыруы, үйіндегі ауа тазартқышты жаңартуы, күнделікті ингаляциялық құралдарды қолдануы үйреншікті іске айналған. Сыныппен бір жерге жиналар кезде, үнемі тауға баруымызды ұсынатын. Қазір түсінемін, жыл сайын үш миллион тонна көмір жағатын өнеркәсіптік кәсіпорындар, 540 мыңнан аса автокөліктер, үйлерін көмірмен жылытып, мұржаларына фильтр қоймайтын жеке сектор тұрғындары ластаған қалаға қарағанда, тауда жеңілірілек тыныс ала алады, жөтел де мазаламайды.

Бүгін «Tengrinews» жаңалықтарын ашып қарай салысымен, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевтің атаған денсаулыққа қауіпті 10 қаласын көрдім. Ішінде, кезінде ата-анам “жарқын болашақ” үшін көшіп келген Алматы да бар. Бірақ, ол бізге бақытты болашақ сыйламастан бұрын, өлімге бір қадам жақындатып келе жатқан секілді. Енді қайда көшеміз?

 

Өтеп Жібек