Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы қандай?

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін.

Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Диабет кезінде. Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы — 2 апта.

Арықтағыңыз келсе. 5-6 жапырақты ұсақтап турап, 1 стақан салқын су құйып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең лавр суын 15 минуттай қайнатып, қақпақтың астында тағы 30 минут сақтаңыз. Қайнатпаны күніне 3 рет ішіңіз. Емделу курсы — бір жеті. Одан кейін міндетті түрде 2 аптадай үзіліс жасауыңыз керек. Сусын дәмді болу үшін бал, жаңғақ, даршын, жанжабіл, кардамон қосып ішуіңізге болады.

Ауыз қуысы ауруларына қарсы. Егер аузыңыздан жағымсыз иістер шықса, сіздің қызыл иегіңіз ісінсе, қанжел, стоматит, гингивит секілді ауруларға ұшыраған болуыңыз мүмкін. Олардың алдын алу үшін тамақ арасындағы үзілісте лавр жапырағын шайнаңыз. Нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.

Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз. Лавр жапырағының иісі дәрілік шүйгіншөптен кем тыныштандырмайды. Жастығыңыздың астына бірнеше лавр жапырағын салып жатсаңыз, жаңа туған нәрестедей ұйықтайсыз. Бұл әдіс балаларға да пайдалы. Мұндай хош иістен бала керемет қалың ұйқыға кетіп, түн ұйқысын мүлдем бөлмейді.

Ара шаққан кезде. Ара шағып алған кездегі сезім бәріңізге де таныс шығар. Егер сондай жағдайға тап болсаңыз, лавр жапырағын ара шаққан жерге қойып, байлап тастаңыз. Қабыну тез арада кетеді.

Үйіңіздегі ауаны хош иістендіреді. Лавр жапырағының құрамында эфир майы болғандықтан үйіңізді залалсыздандыратын қасиетке ие. 10-15 жапырақты алып, қайнатып, бөлмелеріңізге қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін керемет хош иіс шығатын болады.

Басқа материал:

Мектепке дейінгі педагогика және инновациялық технологиялар олимпиадасы

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының Мектепке дейінгі педагогика және инновациялық технологиялар республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасайтын қызметкерлер қатыса алады.

Олимпиаданың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды марапаттау.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді. Олимпиада қазақ тілінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 25 мамырға дейін жалғасады. Нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Пайдасы мол 10 кеңес

Иллюстрация: Freepik.com

1. Біріншіден, таңертең өте ерте ояныңыз. Өйткені ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамдардың өмір жасы ұзақ болатындығын бұрын да дәлелдеп қойған. Сонымен қатар, ерте тұратын адамдардың еңбегі де өнімді болады.

2. Екіншіден, таңертеңгі асты тойып ішіп алу керек. Себебі таңертеңгі аспен біз бір күнге қуат жинап аламыз. Екі бутерброд пен бір шынаяқ кофе сізге ас болмайды. Таңертеңгі ас барынша құнарлы әрі тойымды болса, түскі ас пен кешкі асты жұмыс күніңізге қарай ішесіз.

3. Таңертең кішігірім жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Таңғы жаттығу денеңізді шынықтырып, ұйқыңызды ашады.

4. Таныстарыңызға да, жай көшеде кетіп бара жатқан адамдарға да күлімсіреп жүріңіз. Ешкім сізді «ақымақ» деп қабылдамайды. Керісінше, сізді күлімсіреп жүретін және «өміріне риза адам» деп қабылдайтын болады. Ал ер кісілерге күлімсіреп жүрген тіпті пайдалы екен. Себебі психологтар күлімсіреп жүретін жігіттер сымбатты болмаса да әйелдерге көңілсіз сымбатты жігіттерге қарағанда көбірек ұнайтындығын дәлелдеген.

5. Ақуызы мол тамақты көбірек, тәтті мен холестерині бар тамақты азырақ жеуге тырысыңыз. Ақуыз ет пен балықта ғана емес, көкөністер мен жұмыртқада да көп. Сонымен қатар, тұзды тағамдарды да аз қолдануға тырысыңыз.

6. Тамақ ішердің алдында аш қарынға бір стақан су ішу қажет. Көптеген диетологтар суды көп ішетін адамдардың емделуге жиі келмейтіндігін айтады. Осыдан-ақ суды көп ішудің пайдасы қандай екендігін аңғару қиын емес.

7. Барлық жаңалықтардан хабардар болып жүруге тырысыңыз. Ол сізге қажет болмаса да жаңалықтарды білетін адам әрдайым жақсы әңгімелесуші және кез-келген ортаның сүйікті қонағы болады.

8. Күнделікті аздаған уақытыңызды өзіңіздің хоббиіңізге арнаңыз. Ол 1-2 сағат сізге теледидардан құр бағдарлама немесе жарнама көргеніңізден әлдеқайда жақсы әсер етеді. Егер хоббиіңіз болмаса, өзіңізге ұнайтын іс тауып алып, күнделікті соған аздаған уақытыңызды бөліп тұруға тырысыңыз.

9.Күн сайын өзіңізді кемелдендіруден талмаңыз. Ұзақ болмаса да күнделікті кітап оқыңыз. Өйткені біз кітап оқи отырып өзіміздің дүниетанымымызды жетілдіріп, есте сақтау қабілетімізді жақсартамыз. Сонымен қатар кітап ақпараттың қайнаркөзі.

10. Ұйықтар алдында таза ауада серуеңдеңіз. Балаларыңызбен немесе итіңізбен бірауық жүріп қайтсаңыз ұйықтар алдында ағзаңызға көбірек оттегі жиналады және де бұл ұйқыңызды шақырады. Тиісінше, таңертең оянуыңыз да жеңіл болады. Егер осы кеңестердің бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер орын алатын болады.

Басқа материал:

«Педагогика» бойынша мұғалімдер арасында олимпиада өтіп жатқанын хабарлаймыз

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының Педагогика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. Олимпиадаға мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатыса алады. 

Олимпиаданың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды марапаттау.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді. Олимпиада қазақ тілінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 25 мамырға дейін жалғасады. Нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы

Иллюстрация: Freepik.com
1. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады.

2. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді.

3. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді.

4. Ішек микрофлорасын жақсартады. Банан құрамындағы ферменттер арқасында ағзаға тағаммен түскен пайдалы заттар әдеттегіден қарағанда жылдамрақ сіңіріледі.

5. Іш қату. Іш қатуы бар адамдар үшін банан өте пайдалы жеміс. Әрдайым банан жеу іш қатудан мықты қорғаныш.

6.Банан асқазандағы изжога секілді жағымсыз жағдайдан құтылуға да бірден бір себеп.

7.Асқазан жарасы. Банан жегеннен кейін ол асқазан шырышты қабатында қорғаныш қабатын түзеді. Соның әсерінен ондағы қышқылды агрессивті заттар асқазан шырышына зиянын тигізе алмайды. Бұл әсіресе асқазан жарасымен аурыратын адамдар үшін пайдалы. Себебі асқазан әртүрлі бөліменде орналасқан жараларды жауып, қышқылдан қорғаған сайын, оның жазылуы да жылдамрақ жүреді.

8.Диарея кезінде көмек. Диареядан зардап шегетіндерге банан жеу ұсынылады. Бұл жақсы қалпына келтіргіш жеміс.

9.Көп жүріп, физикалық жаттығулармен айналысып, спортпен айналысатындар үшін балтыр бұлшықетінің дірілінен сақтайтын қасиеті бар, себебі банан құрамындағы калий бұлшықетке оң әсер көрсетеді.

10.Ісінулер. Бананды жиі жеу, ағзадағы ісінулерден арылтады.

11.Энергия көзі. Егер спортпен шұғылданбас бұрын банан жеп алсаңыз, бұл жаттығулардың эффективті өтуіне септігін тигізеді. Себебі ағзада қант мөлшері көбейіп, энергия жаттығулардың соңына дейін жететін болады.

12.Ас қортылудың жақсаруы. Банан құрамындағы пектин и хелат тәрізді заттар ағзадан токсиндер мен басқа да зиянды заттарды шығарып, астың жақсы қортылуына алып келеді.

13.Әйелдер үшін. Банан құрамындағы серотонин және басқа да пайдалы заттар етеккір кезінде оның симптомдарын жеңілдетіп, бұрынғыдан қарағанда қолайлырақ өтуге көмектеседі. Егер етеккір кезінде банан жесе, онда нашар көңіл күйден және оның симптомдарынан құтылуға болады.

14.Анемия. Қаны аздар үшін банан таптырмайтын тағам. Оның жұмсақ затындағы темір мөлшері айтарлықтай көп болуы, анемиясы бар адамдардың тағам рационына қосуға бірден бір себеп болып табылады.

15.Жүрек ауруы. Банан құрамындағы көп калий қан тамырлардың жағдайын жақсартып, инфаркт және инсульт пайда болу жиілігін азайтады. Гипертонияға ем.

16.Иммунитет. Бананда бар антиоксиданттар және аминқышқылдар ағзаны қолайсыз факторлардан қорғап, қорғаныштық қасиеттін, яғни иммунитетті жоғарылатады.

17.Бүйрек. Банан бүйрекке оң әсер көрсете алады. Пайдалы заттар, микроэлементтер бүйрек қызметіне көмектесіп, құм мен тастардан арылуға көмегін тигізеді.

18.Жүрек айну. Банан жүрек айну немесе жүктілер токсикозы кезінде көмектесетін ғажап тағамдардың бірі.

19.Жәндіктер шаққандағы қышу. Банан қабығы жәндіктер шаққаннан кейін пайда болатын қышуға жақсы көмектеседі. Қабығын ішкі жағынан шаққан жерге біраз уақыт қойса, нәтижесі бірден байқалады.

20.Ыстықтан қорғаныш. Банан дене температурасын қажет кезде төмендету қабілеті бар. Бұл әсіресе күн астық кезде немесе қызба кезінде аса пайдалы.

21.Шылым шегуді қою. Никотинді тәуелділіктен құтылып келе жатқан адам үшін банан жеу пайдалы. Көп мөлшердегі дәрумендер, калий, магний ағзадағы қалып қойған никотинді шығарып, темекісіз өмірге жылдам үйренуге алып келеді.

22.Ақыл ой қызметін жақсарту. Жоғары мөлшердегі калий адамды жаңа ақпарат алып, танып білу жағына қолайлы жағдай жасайды. Бұл әсіресе сабақ оқу немесе емтиханға дайындалу кезінде таптырмайтын құрал.

 

Басқа материал:

V Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы өтіп жатыр

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында V Республикалық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2021 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі. Төсбелгі иегерлерін анықтау үшін 25 ұпай алған қатысушылар арасында 17 мамыр күні 10:00 мен 18:00 аралығында ақтық сын өткізіледі. Қорытындысы 18 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы төсбелгі және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен»марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22; 8(775) 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

V Республикалық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1.        Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2.        Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады;

1.3.        Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі;

1.4.        Төсбелгі иегерлерін анықтау үшін 25 ұпай алған қатысушылар арасында 17 мамыр күні 10:00 мен 18:00 аралығында ақтық сын өткізіледі, уақытынан кешіккен қатысушылардың нәтижесі есепке алынбайды;

1.5.        Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады;

1.6.        Олимпиада тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі;

1.7.        Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.8.        Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.        Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;

2.2.        Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қолдау, ынталандыру;

2.3.        Республикамыздағы үздік Ахметтанушы педагогтарды анықтау және оларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.        Олимпиада бір кезеңнен және 25 сұрақтан тұрады.

3.2.        Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.        Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.        Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.5.        Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6.        Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7.        Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.        Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.        Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3.        Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.        Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5.        Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6.        Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7.        Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8.        Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9.        Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10.     Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушы «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы төсбелгімен (бір ұжымнан 2 қатысушы ғана енгізіледі) және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Төсбелгі иегерлерін анықтау үшін 25 ұпай алған қатысушылар арасында 17 мамыр күні 10:00 мен 18:00 аралығында ақтық сын өткізіледі. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2021 жылдың 18 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адрес арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

  Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.      

Ескерту! «Үздік ұжым» плакеткасы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор»болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

 Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; 

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22; +7 775 998 83 87

Мамандықтағы менің образым (Вебинар)

Жоспары:

  1.  «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» Сәлемдесу-танысу жаттығуы;
  2.  Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға… (Баяндама)
  3.  Ұстаздарға кеңес: оқушыны қалай жігерлендіруге болады
  4.  «Стресті жеңу үшін не істеу қажет» мини дәріс.
  5.  «Дауыс ырғағы» жаттығуы
  6.  Өзіңді таны?! Ақпараттандыру
  7.  «Мен кіммін» жаттығуы
  8.  «Кездескенше» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдер ұжымындағы және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

  •  «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» Сәлемдесу-танысу жаттығуы.
  •  «Есімдер» Сәлемдесу-танысу жаттығуы.

Мақсаты: вебинар қатысушылары бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.

Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады. Мысалы: Бақжан бақытты, балдай тәтті, білімді қыз.

Талдау: Сіздерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңіздер?

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз.

Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынан келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» деп айтып кеткен.

Қазіргі біздің заманымыздың, ХХI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

  •  біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;
  •  екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
  •  үшіншіден, мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;
  •  төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;
  •  бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті.

Қорыта келе, ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» (Халық даналығы)

Ұстаздарға кеңес: оқушыны қалай жігерлендіруге болады?!

— Оқушыларға таңдау еркін беріңіз. Балаларға ынта-жігер берудің ең жақсы тәсілі – оларға таңдау еркін беру. Оқушыларға тапсырма бере отырып, олардың өз еркімен таңдауы үшін бірнеше нұсқаны ұсыныңыз. Білім алушылар нені және қалай оқитындарын өздері таңдап алса, ішкі дүниесі жігерленеді.

— Оқушылармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Оқушылар құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде, олар сол іс-әрекетке қызыға түседі және қандай да бір іс-әрекетпен айналысқанда, мотивацияға ие болып, зерікпейді. Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына септігін тигізетін әдістерді (мүмкін, кооперативтік оқу топтары) неғұрлым көп қолданса, сыныптағы мотивация деңгейінің көтерілгенін айқын байқауға болады.

— Басқа ортада білім беру. Кейде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін білім алушыларды олардың үйреншікті ортасынан басқа бір қызықты, жаңа орынға алып бару қажет. Табиғат аясында немесе таза ауада сабақ өту арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады.

— Балалардың барлық қабілетін дамытыңыз. Әр бала сабақты әртүрлі оқиды, сондықтан әр оқушының қабілетін барынша аша білсеңіз, оқушыларды мотивациялай аласыз. Әрбір оқушының оқуға ынтасын арттыру үшін сабақ пен өзіңіздің басқарушылық әрекеттеріңізді дифференциялауды ұмытпаңыз.

— Білім алушылардың алдына мақсат қоюына көмектесіңіз. Балаларды мотивациялаудың жақсы тәсілдерінің бірі – бірнеше қолжетімді мақсаттар қоюларына мәжбүрлеу. Оқушылардан өздері қолжеткізгісі келетін бірнеше оқу мақсаттары туралы ойлануларын сұраңыз. Мысалы, математика пәні бойынша тесттен жоғары баға алу немесе көбейту кестесін толық жаттау және т.б. Кейін оларға осы мақсатқа қолжеткізетін уақытты белгілеңіз. Мақсаттар – балалардың ішкі ерік-жігерін арттыруға көмектесетін бірегей тәсіл.

— Сыныпта достық жарыстар ұйымдастырыңыз. Балалардың шағын бәсекелестікті ұнататынын жоққа шығаруға болмайды. Оқушылардың өз қатарластарымен бәсекеге түсуі арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар. Балаларды екі топқа бөліп, жарыс ұйымдастырыңыз. Қызықты жарыс ойынында қолдануға болатын оқу материалының кез келген түрі білім алушыларды мотивациялауға септігін тигізеді

— Қадағалауды азайтыңыз. Балаларды бақылауда ұстауды барлығы жақсы көреді. Оларды қадағалаудың деңгейін төмендетіп, оқушыларға еркіндік беріңіз. Мысалы, оқушыларыңыздың тестті қайда шешетіндерін немесе кітапты қайда оқитындарын өздері шешуіне мұрсат беріңіз. Сіз тіпті олардың тестті қалай тапсыратындарын (бірнеше таңдау, қысқа жауап және т.б.) немесе олардың нені оқитындарын өздері бақылауына рұқсат етіңіз.

— Сабағыңызды олардың өмірімен байланыстырыңыз. Сонда шәкірттеріңіз нені үйреніп жатқандарына мән беретін болады. Үйретіп жатқан ілімді олардың өміріндегі болып жатқан жағдайлармен сабақтастырыңыз. Жаңадан алған білімді олардың үйренген дүниелерімен байланыстырыңыз.

— Ынта-жігер берудің ең үздік тәсілі – оқушылардың бірдеңені асыға күтуіне мүмкіндік беру. Бұл экскурсияға шығу, бір оқиғаны мерекелеу немесе үй тапсырмасынан босату сияқты әрекеттер болуы мүмкін. Оқуға ынтасы жоқ сынып үшін бірдеңеге қол жеткізу – үлкен мотиватор болып табылады.

Мұғалімдерге кеңес:

— Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалау қажет.

— Сонымен қатар мынандай кемшіліктермен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т.б.

— Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және пантомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек.

— Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Мысалы:тәкаппарлық, дандайсығандық т.б.теріс қасиеттер қалыптасады. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.

Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»

Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім, ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын.Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.

«Мен кіммін?!» жаттығуы.

Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек.

Қорытынды:

  •  Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
  •  10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
  •  20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз

Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көріңіздер.

Жұмысқа байланысты кеңестер:

1 кеңес: Көмекшілерді іздеңіз. Барлығын өзіңіз атқармаңыз! Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім шүбә келтірмесі мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, оқушылар. Бір жағынан әріптестеріңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес команда болып жұмыс жасаған ұтымдырақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».

2 кеңес: Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы (собранный) болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз-сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз!

Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер:

1 кеңес: Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз!

2 кеңес Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз:

  •  12 порция ақылдылық
  •  11 порция шыдамдылық
  •  10 порция батылдық
  •  9 порция жұмысқа қабілеттік
  •  8 порция оптимизм
  •  7 порция өз ісіне берілушілік
  •  6 порция ойлануды
  •  5 порция мейірімділік
  •  4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
  •  3 порция юмор
  •  2 порция такт
  •  1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз!

Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!

«Кездескенше» жаттығуы.

Шарты: Осы күн сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер бір – бірлеріңізге вебинардан алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, әріптестеріңіздің атына тілегіңізді айтыңыз.

Құрметті әріптестер!!!

Назарларыңызға рахмет! Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп жүре беріңіздер.Сіздерге бақытты шақ пен қуанышты сәт тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Кенесова Алуа Сакенқызы
Ш.Смағұлов атындағы АОФММИ
Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пән мұғалімі  

Дәмдеуіштің адам мінезіне әсері

Иллюстрация: Freepik.com

Дәмдеуіштер – адам денсаулығына әсер ететін бірден-бір көмекші құрал. Олардың қасеиттерін игеріп алып, мақсатты түрде асыңызға қосып отырсаңыз болады.

Жанжабіл (имбирь). Қиындыққа қарсы тұратын жойқын күш береді. Ақыл-ой жігерлілігін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Физикалық және психологиялық ауыртпалықтардан, күйзелістен арылтып, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.

Сасыр (асафетида). Оны тағамыңызға қосар болсаңыз, мінезіңізде биязылық, салмақтылық пайда болады. Ағайын-туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Реңіңізді жақсартып, теріңізді жұмсартады.

Куркума адамға мәселені шешуде байыптылық береді. Оны асыңызға қоса отырып, қиын жайларға бірте-бірте қарсы тұра бастағыныңызды байқайсыз. Бойыңызға сенімділік ұялатып, ұзақ мерзімді жоспарларыңызды жүзеге асыратын күш береді.

Қызыл бұрыш (чили) дөрекіліктен арылуға жәрдемдеседі. Қарым-қатынаста түсіністік орнатады. Ең ұнатпайтын ісіңізді де оп-оңай істеп тастайтын боласыз.

Теңіз жаңғағы қиындыққа тап болғанда табандылық, қайраттылық береді, жігерін жандырады. Әлдебір сұрақтарды шешуге күш жұмылдырады.

Күнзе (кориандр). Сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. Психологиялық-адамгершілік қалыптан таймай жұмыс істегісі келетін адамдар пайдаланса жақсы көмегін тигізеді.

Кумин (зира) қолдансаңыз, сіздің атыңызға айтылған қауесетке тәуелді болмайсыз, бас ауыртпайсыз. Жаман әдетті бір бұлқыныспен жеңе аласыз. Мінез қажырлылығын, қатаң күн тәртібін сақтауға көмектеседі. Жүйке жүйесін сергітеді.

Қара қыша (горчица) майда мінез сыйлайды. Тәртіптегі дөрекілік атауымен жоғалады. Беймазалылықты жойып, ішкі әлеміңізге үңілуге мүмкіндік аласыз. Ұйқыны жақсартып, күйзеліс күшін әлсіретеді.

Басқа материал:

Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден

Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер пайдалылығымен шектелмейді, олар бұл күні өте сәнді. Табиғи өнім деп отырғанымыз —жерден өсіп шығатын көкөніс не жеміс-жидек.

Табиғат — шабыт пен шаттықтың, сұлулық пен қуаттың қайнар көзі. Сұлулық пен тән саулығы үшін табиғат берер қоректік заттар мол.

Жасыл түс — нағыз табиғи түс

 Бұл түс бізді табиғатпен байланыстырады. Психологтардың айтуына қарағанда, жасыл түске жаны құмар жандар, өмірсүйгіш, әркез көңілді жүретін, жарқын мінезді, жайдары жандар. Жасыл түсті өсімдіктердің хош иісінен дайындалатын әтірлер де қатты өткір емес, нәзік әрі жағымды.

Алма жемісі. Алманың теріге пайдасы зор. Ол бет терісін нәрлендіреді, ылғалдандырып, жұмсартады. Құрамындағы С дәруменінің арқасында алма адам ағзасына өте пайдалы элементтерді береді. Алма қабығының құрамына енген эфир майы да денсаулыққа таптырмас емдік май. Бірақ, бұндай қабықты алмалар сіз дүкеннен немесе базардан сатып алып жүрген алмаларда болмайды. Алма бағынан терілген бұл жемістердің қабығында ғана эфир майы бар.

Құрамына алма шырыны енген иісмайлар теріге қосымша микроэлементтер беріп, бет терісінде гидролипидтік қабықтың пайда болуына себепші болады. Бұндай иісмайды ұдайы қолданысынан шығармайтын нәзік жандылардың бет терісі жұмсақ әрі тегіс болады.

Күніне бір реттен алма жеп отыру да пайдалы. Алма бойдағы артық килокалорийды жоқ қылады. Ас қабылдар алдында 15 минут бұрын бір алманы жеген болсаңыз, сіз 190 килокалорийдің көзін жоясыз.

Егер қолыңыздың терісі тітіркенген, не болмаса жарылған болса, алманың қабығымен қолдың терісін сүртіңіз. Кейін, жылы сумен жуып тастайсыз. Нәтиже көп ұзамай сезіледі.

Қияр да жасыл түсті көкөністердің қатарынан. Бұл да адамға берген табиғаттың үлкен байлығы. Олай дейтін себебіміз, қиярдың да адам тәнінің сұлулығы мен саулығына берері көп. Қиярдан алынатын шырын бетті ағартады және тегістетеді. Безеу мен қара нүктелерден арыла алмай жүрген жандар үшін дерматолог мамандар қиярдан дайындалған иісмайды қолдануға кеңес береді. Қияр құрамының 95%-ы судан тұрғандықтан, артық салмақ тастауда да өте тиімді. Бар болғаны, күнделікті қабылдайтын асыңыздың мөлшерін азайтып, қияр қабылдауды жиілетсеңіз болғаны, артық салмақ көз алдыңызда жоғалады.

Егер беттегі безеу мен майлы жылтырақтан құтылғыңыз келсе, күніне 3 рет тамақ алдында тұзсыз қияр жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұл әрекеттің соңы да жағымды нәтижесімен қуантады.

Денеңізде целюлиттің пайда болғанын байқап жүрсіз бе? Оның ізін жоғалтудың амалы да — қияр. Қиярды екі бөлікке бөліп алып, денеңіздегі өзгеріске ұшыраған аймақтарды ысқылап сүртіңіз. Қияр ағзадан артық заттарды шығарып, терінің бір қалыпқа түсуіне ықпал жасайды.

Егер көз алдыңыз қарауытып немесе ісіп тұрса да, пайдаға қияр асады. Таңертең немесе ұйқы алдында, көзіңіздің үстіне қиярдан кесіліп алынған дөңгелекшені қойып, 15 минут жатыңыз. Көз үстіндегі ісік немесе көз алдындағы қарауытудың ізі жоғалады.

Сары түстен — бойға қуат

Ойды жүйрік етуге күн нұрының сары түсі жақсы, — дейді психолог мамандар. Әрқашан бойыңызда энергия қуаты болып, жадырап жүруді қаласаңыз, уақытыңыздың біраз бөлігін күн астында серуендеуге арнаңыз. Сары түстің көңілге серпін берерін есте ұстап, үйіңізде сары түсті заттардың болуына да мән беріңіз. Дастархан үстіндегі жеміс құмырасын сары апельсиндерге толтырып, қабырғаға күнбағыс суреті салынған картинаны іліп қойыңыз. Бұл заттарға қараған сайын, көз қуанып, бойда қуат пайда болады. Сары түске жаны жақын жандар көбінесе, ілгеріге ұмтылғыш, белсенді, көңілді әрі креативті келеді.

Сәбіз. Гиппократ өмір сүрген тұста сәбіз көкөнісі түрлі аурулардың бетін қайтару үшін пайдаланылған. Ал Рим сұлулары бетті тегістету мақсатында сәбізге әр түрлі майларды қосып, жаққан деседі. Тек бетке ғана емес, сұлулықтың қыр-сырын жақсы меңгерген орта ғасырдағы рим сұлулары шаштарын жұмсарту үшін де, бұл көкөністің көмегіне жүгінген. Құрамында көп мөлшерде А дәрумені бар сәбіз табиғаттан берілген, сұлу болуға арналған бірден бір құрал.

Бет теріңізге ерекше әр мен нәр бергіңіз келсе, сәбізді майда үккіштен өткізіп, оған жұмыртқа саруызын қосып, бетіңізге жағыңыз. Бұдан болар әсер: бетке қан жүгіріп, майда әжімдер жазылып, тері түсі де оңалады.

Сәбізде В1, В6, Е, К, С дәрумендерімен қоса йод, аминқышқылдар, фосфор мен кальций бар. Аталған элементтердің денсаулыққа өте пайдалы екенін сіз жақсы білесіз. Ал бұл қоректік заттардың барлығы сәбіз құрамына жинақталған.

Бет теріңіз аздап тотыққан (загар) әсерде болғанын қалайсыз ба? Бұған көмекке келетін көкөніс те — сәбіз. Ол үшін аптасына 2-3 рет мына масканы жасасаңыз жеткілікті: сәбіз майда үккіштен өткеннен кейін ботқаға айналады. Сол ботқаны дәкеге салып, бет терісіне 15 минутқа қойыңыз. 15 минут өткен соң, салқын сумен жуып тастаңыз. Сонда бет реңі басқа реңге айналады.

Шаш күтімінде де сәбіз таптырмас табиғи көкөніс. Бас жуғаннан кейін, сәбіз шырынын лимон шырынымен араластырып, басты бір шайған дұрыс. Бұл үрдіс әдетке айналса, шаштарыңыз жылтыр әрі жұмсақ болады. Сәбіз туралы әңгімеміздің тоқетері, сәбіз — тек қана азық емес, сонымен қатар, сұлу болуға көмектесетін нағыз табиғи косметикалық құрал.

Апельсин. Апельсин де теріге өзінше оң әсерін бере алады. Бұл цитрустық жеміс бет терісін тазартады және балғындық сыйлайды. Апельсиннің етінде де, шырыны мен қабығында да дәрумендер мен қоректік заттар бар. Күніне бір апельсин жеу — бір күнде 130% аскорбин қышқылын қабылдағанмен тең.

Апельсин цитрусының тәтті иісі көңілге жағымды әсер сыйлай алады, күйзелісті де басуға икемді. Әйгілі әлем жұлдызы Анджелина Джоли теледидар мен журнал беттеріне берген сұхбаттарында міндетті түрде мына кеңесті қайталайды: «Күн сайын құрамында эфир майы бар цитрусты жемісті, оның ішінде апельсинді қосып, жылы ванна қабылдау керек. Бұл ағза жасушаларын тірілтеді әрі бұл ваннадан соң ми да тынығады, бір сөзбен айтқанда, ләззат аласыз»

Апельсин майының шипасын жақсы білген британдық зерттеушілер, оны фармоцевтикалық кодекске де енгізген. Ол тек косметикалық құрал болып табылмасы анық, сонымен қоса, денсаулыққа да шипасы мол жеміс.

Мына масканы бетіңізге жасап көрсеңіз, беттегі қара дақтардың жоғалуына көмектеседі. Ол үшін апельсин етін алып, әбден езгеннен кейін, сүзбемен араластырып, зәйтүн майын қосып бетке жағасыз. Масканы бетке жағып, 20 минут жайбарақат жатқаннан кейін, жылы сумен жуып тастаңыз. Нәтижесі, бұл масканы бірнеше мәрте пайдаланғаннан кейін белгілі болады.

Бетіңіздің терісі майлы болса, апельсиннен дайындалатын лосьонмен сүртіп отырыңыз. Апельсинді қабығымен қоса үккіштен өткізесіз. Пайда болған ботқаға жарты стақан шарапты құйып, қараңғы жерге 5 күнге қойыңыз. Қоспа 5 күн өткеннен кейін қоюлана түседі. Одан сұйығын сығып алып, 1 шай қасық глицеринді тамызып жібересіз. Маска дайын: бетке жағып, 20 минут қозғалмай жатыңыз. Дайындалуы көп жұмыс пен уақытты қажет еткенімен, бұл маскадан кейін, теріңіз сізге рақметін жаудырады.

Қызыл түс: тартылыс түсі

 Ежелгі Грекияның қыз-келіншектері сүйіктілерінен айырылып қалғанда, қызыл түстің көмегімен оны қайтара алатындарына сенген. Расында да, қызыл түс магнит іспеттес, тартылыс күшіне ие. Егер қызыл түстен киім киіп, далаға шықсаңыз, ер адамдардың назарын өзіңізге аударғаныңызды байқайсыз. Адам қызыл түске құмар келсе, оның бойы қуатқа толы, өмірсүйгіш екенін аңғаруға болады.

Басқа материал:

Көк шайдың пайдасы қандай?

Иллюстрация: Freepik.com

Көк шайдың денсаулыққа пайдасын жапондықтар мен қытайлықтар бірнеше жыл бұрын білген. Жұпар иісті сусын ағзамызға, сымбатымызға қаншалықты пайдалы?

Мықты антиоксидант

Құрамындағы EGCG атты мықты антиоксидант онкологиялық аурулардың алдын алады.

Артық салмақтан арылтады

Көк шайды жиі ішіп тұрсаңыз, ағзаның ас қорыту қызметі жақсарады. Сондай-ақ іштегі майды кетіретін қасиеті тағы бар. Құрамында ақуыз мол болғандықтан, өте тойымды сусын саналады.

Өмірді ұзартады

Жүрек-тамыр ауруларының алдын алғыңыз келсе, көк шай ішіңіз. Сонымен қатар ол бүйректі сыртқы факторлардың әсерінен қорғайды.

Холестирин деңгейін төмендетеді

Көк шай ағзадағы «жаман» холестеринді азайтып, «жақсысын» арттырады. Зерттеу нәтижесіне сүйенетін болсақ, күнде көк шай ішетін адамдардың ағзасындағы холестерин құрамы әлдеқайда аз болады.

Теріге күтім жасайды

Көк шай теріні жақсы ылғалдандырып, жаңартады. Құрамында катехин мол болғандықтан, терінің ескіруіне жол бермейді. Ал полифенолдары теріні созылғыш етіп, ультрафиолет сәулелерінен қорғайды.

Тіске күтім жасайды

Тісіңіз жиі ауратын болса, көк шайды жиірек ішуіңіз керек. Ол қызыл иектің ісінуін басып, тістің бұзылуына жол бермейді. Сондай-ақ кариестің алдын алады.

Есте сақтау қабілетті жақсартады

Көк шай есте сақтау қабілетін жақсартып, зеректікті арттырады. Ол құрамындағы полифенол мен катехиннің арқасында болатын нәтиже. Себебі олар ми жасушаларының бұзылуына әсер ететін бос радикалдарға төтеп бере алатын мықты антиоксиданттар болып келеді.

Басқа материалдар:

  1. Тест: Өлең жолдары арқылы авторын тани аласыз ба?
  2. Ақша, ақша…. Әлем елдері қандай валюта қолданады? (Тест)
  3. Талапкер назарына: копирайтер деген кім?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар
  9. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы
  10. Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  11. -майынша, -ғалы, -гелі формалы көсемше қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер