Итмұрынның емдік қасиеті

0
1942
Иллюстрация: Freepik.com

Итмұрынды күзде піскен кезде жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады.

Итмұрынның жемiсi мен тамырының қайнатпасымен бүйректi тазарту: Бүйректегi тасты ұсақтап, құмға айналдырып, ерiтiп жiберу үшiн итмұрынның тамыры немесе жемiсi қажет. Ұсақтап туралған 2 стақан итмұрын тамыры на 1 стақан су құйып, 15 минут қайнатады. Суыған соң сүзедi. Бiр-екi апта бойы стақан судың 1/3-iн жылытып, күнiне 3 рет iшедi. Қайнатпаның өңi қара-қоңыр болсын. 0ңi мұндай болуы өсiмдiктiң бояуы маңызға ерiп қаныққандығы. Дәрiлiк қасиетi де осында.

Күзде итмұрынның тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды.

Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 г суға 15-20 минут ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 грамнан ішеді. Күніне үш рет 15 күн. Содан соң үзіліс жасалады.

Көз былшықтанып, басқа да жеңіл-желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып, салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді.

Асқазанды емдеу үшін: 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою керек. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне 3 мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс.

Итмұрынның жемістерді жинап алысымен 70-80° температурада кептіреді. Тез кептіргенде С витамині жақсы сақталады. Кепкен итмұрын жемісінің 6-7 штугын 1 литр суға салып бір қайнатасыз. Суыған соң ішесіз. Бұл жерде жемісі аз, сондықтан ақшыл түсті. Иммунитетті көтереді, С витаминімен ағзаны толықтырады, гемоглобинді көтереді. 15 күн ішесіз, 10 күн демалу қажет. Жүктілік және босанған соң 40 мл жеткілікті. Балаларға 5 айдан бастап 20 мл беріп бастауға болады. Аз мөлшерде болғандықтан бұл тұнбаның тіске әсері болмайды.

Итмұрыннан қою қоңыр, қызғыл түсті тұнба жасап ішетін болсаңыз, трубочкамен ішіңіз.

Басқа материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ