Үй тұрмысы мен жан-жануарларға қатысты тыйымдар

0
2092
Freepik.com

Есікті керме, табалдырықты баспа, маңдайшаны төбеңмен тіреме деген иыйымдар күні бүгінге дейін, әсіресе, ауылды жерлерде жас балаларға айтылып жатады.

Ертеде есік керу (немесе босаға керу),  табалдырықты басу, маңдайшаны төбесімен тіреу жамандықты шақыратын ырым ретінде танылған.

Жер дауы, барымта сияқты жағдайларда  айыпкер адам айыптының үйіне келіп, соя аяғын ішке аттап, оң аяғын сыртта қалдырып, екі қолымен екі босағаны кере ұстап, төбесін маңдайшаға тіреп тұрып үй иелерінен құн сұрайтын болған.

Таянышқа сүйенбе. Ертеде үй иесі өлгенде оның ұлдары мен қыздары «таянышым құлады, сүйенішім жоқ» деп есіктің таянышына сүйеніп, дауыстап жылайтын болған. Осыдан таянышқа сүйенбе деп тыйым айту қалыптасқан.

Мал қорада ысқырма. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады немесе сүтін сорып кетеді деген сенім қалыптасқан.

Жылан үйге кірсе, өлтірмейді. Жылан үйге кіріп кетсе, басына ақ құйып шығарады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Ырым-тыйымдар туралы басқа да ақпарат:

  1. Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар

  2. Бойтұмар, базарлық байғазы ырымы туралы

  3. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  4. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа

  5. Ақ құйып шығару, ауыз тию, сарқыт ырымдары туралы түсінік

  6. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ