Эпиграмма жанры кімнің шығармасында жиі кездеседі?

0
1109
Freepik.com

Эпиграмма (грек. epіgramma – қолтаңба) – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры.

Сондай-ақ Эпигондар қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпигондар фактісі мен нысанына қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды эпигондар болып бөлінеді.

  1. Жанболат Аупбаев — журналист, редактор
  2. Болашақ тележурналистерге Айнұр Омардан 15 кеңес
  3. Журналистиканың басты кейіпкері — шындық

Ал қозғайтын тақырыбына қарай әдеби, саяси және тұрмыстық эпигондарлар болып 3 топқа жіктеледі.

Эпигондар алғаш ертедегі Грекияда сентенциялық қысқа өлең түрінде пайда болып, кейін элегия жанрымен бірікті де, элегиялық дистих деген атауға ие болды. Симонид Кеосский (б.з.б. 5 ғ.) Асклепиад Самоский, Леонид Тарентский, Каллимах (б.з.б. 3 ғ.) шығарм-нан орын алды. Латын әдебиетінде Эпигондар осы күнгі сипатқа ие болып, Катулл, Марциал (б.з.б. 2 – 1 ғ.) шығарм-ның негізгі өзегіне айналды.

17 – 19 ғ. Ж.Расин, Ж.Лафонтен, Вольтер, Ж.Б. Руссо, Г.Э. Лессинг шығармаларынан бой көрсетті. Орыс әдебиетінде А.П. Сумароков, И.И. Дмитриев, В.Л. Пушкин, П.А. Вяземский, ал кеңестік дәуірде А.Архангельский, А.Безыменский, С.Швецов, С.Васильевтер Эпигондар жанрында қалам тартты.

Қазақ әдебиетінде Эпигондар нышандары халық ақындары, әсіресе айтыс ақындары шығармаларында жиі кездеседі. Абай өлеңдерінде Эпигондар элементтері мол. Қазақ әдебиетінде Эпигондар жанрына А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, К.Әмірбеков, т.б. сатирик жазушылар қалам тартты.

Дереккөз: «Тұран» университеті, журналистика мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Сұхбаттасу процесіндегі сөздер
  2. Отандық тележурналистика тарихы
  3. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  4. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  5. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  7. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  8. Ежелгі дәуір әдебиеті
  9. Лиро-эпостық жырлар. Халық ауыз әдебиетінің рухани қазынасы
  10. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ