Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес (Ата-аналар жиналысының жоспары)

0
1764
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

1. Ата — аналардың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілігін арттыру.

3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.

2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.

3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Керекті құралдар:  Презентация ,Үлестірмелі қима қағаз,

Әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ — жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата — анасы?з» тест

Түрі: кофе-брэйнг

  Мұғалім :  -Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті-әр балаға бағыт беру. Бағыт сан қырлы. Бұл-адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның  жасампаз  болуына, баларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте ортақ күш –жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер баларға адамдық үлкен бағыт бере алады.

Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып,тәрбиелеуді қара түнекке адастымен салыстыруға болады.

Ата-аналарды түрлі формадағы печеньелерді үлестіре отырып, топқа бөлу.

Психологиялық тренинг.  «Түрлі түсті 1000 шарик» видеосы

Ата-аналарға   арналған  сауалнама

1.Балаңыздың  ең  қызықты  оқу  пәні _________________________
__________________________________________________________
2.Балаңыз үшін  ең  қиын  оқу  пәні ___________________________
__________________________________________________________
3.Қандай  кәсіби  мамандыққа  балаңыз   икемсіз? _______________
__________________________________________________________
4.Мінез –құлық  ерекшеліктерін  атаңыз? ______________________
__________________________________________________________
5.Балаңыз  не  нәрсеге әуес? _________________________________
__________________________________________________________
6.Балаңыздың  оқу  дәрежесі  қандай? _________________________
__________________________________________________________
7.Балаңыздың  бойынан мына  қасиеттерді  көре  аласыз ба?
/адал, ұстамды, сабырлы  тәртіпті  т.б./ _______________________
__________________________________________________________
8.Үлкендерге  балаңыздың  көзқарасы  қалай? __________________
__________________________________________________________
9.Балаңызды  қалай  бағалайсыз  немесе  қандай баға  бересіз? ____
__________________________________________________________
10.Балаңыз  мұғалім  берген  тапсырманы  міндетті  түрде орындай
ма? ______________________________________________________
__________________________________________________________
Ата-ананың  аты жөні: ______________________________________
Жауабыңызға  рахмет.

Балалық шақтың қалай өткендігіне, баланы балалық жылдарында қолынан кімнің жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның санасы мен жүрегіне ненің енгеніне, бүгінгі балдырғанның қандай адам болуып өсуі шешуші дәрежеде осыларға да байланысты.  Тұрмыстық сипаттағы  және рухани мәдениетке тән қымбат дүниелер жас ұрпақтың еншісіне көбірек тиген сайын, тәрбиелеу соғырлұм қиындай түседі. Тәрбиеге қатысы бар адамның жауапкершілігі соғырлұм зорая түседі.

Жанұялық өмір, балаларды тәрбиелеу -өте күрделі әрі нәзік іс. Жанұялық өмірдің қуанышы,кемелдігі әке де, ана да бақыттың көзі-бастауыш үнемі толықтырып, оған бір нәрсе қосып отырған жерде ғана болады. Сөйтіп, осы қайнар көзге әйел, бала жайындағы қомқорлық аса маңызды үлес болып табылады. Баланың өмірінде өз қуаныштары мен қайғылары болады. Ата-ана ол  қуанса, қуанып, бірдеңеге мұңайса, мазасызданады. Ал, өзімшілдіктің негізі адамгершілік сезімдердің тәрбиесіздігін көрсетеді. Балалық өзімшілдік қауіпті, өйткені бұл ата-ананың балаға сәл ғана жол беруінен басталады.

Өзімшілдік әрекеттер балалар ересектердің, ең алдымен ата-аналардың, мүдделеріне нұсқан келтіру есебінен туындайды. Тәрбиелеу ісіндегі бардлық қиындықтар мен олқылықтар мектеп пен жанұя, баланың, жас өспірімдердің кұштерімен мүмкіндіктері еңбек етуді қатаң талап еткен кезін байқамай жіберіп алған уақыттан болады. Еңбек әректетсіздікке уақыт қалдырмағангдықтан ғана емес,адамды жалпы тәртіпке келтіріп отырады.Ендеше психологиялық — педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6-релаксация «Ашық хат» (алдын ала  бітіруші түлектер анасына хат жазады)
Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері  мен  құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген  еркелетін сөздермен бастап,  болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.

(Ата-аналардың жазған хаттарын конвертке салып балаларының аты-жөнін жазғызып,  балаларына келесі тренингте таратып беру керек)

Мұғалім:  Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін.

Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!
Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

Басқа материалдар:

  1. Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( ұстаз үшін жадынама)
  2. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  3. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  4. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  5. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  6. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  7. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ