Кітап бағасы туралы келіссөздер

0
1465
Иллюстрация: Freepik.com

Кітапты сату кезінде баспа қандай стратегияны қолданатынына байланысты кітаптың негізгі бағасы анықталады. Тұтынушыға (заңды немесе жеке түлғаға) кітапты сату кезінде, ең бірінші кітаптың бағасы туралы келісу қажет, өйткені фирманың каржы жағдайы сол бағаға байланысты болады.

Баска елдермен салыстырғанда, мәселен, Германияда кітап өнімдерінің бағасы оның кай жерде сатылуына байланыссыз белгілі бір деңгейге тұрактандырылған, ал біздің елде кітап бағасы келісімді.

  1. Баспа маркетингі
  2. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Бұл деген сөз, әртүрлі аймақта ғана емес, бір жердің өзінде де кітап бағасында елеулі айырмашылық бар. Сол үшін кітап бағасы туралы баспа атынан серіктесіңмен келіссөз жүргізу кезінде мына жағдайларды:

  • кітаптардың түрақтанған бөлшек сауда және көтерме сауда бағасын;
  • әртүрлі типтегі нарықтар үшін және оған қатысушылар үшін кітаптың пайдасы туралы формуланы;
  • кітаптың өзіндік құнын;
  • серіктесіңнің мүмкіндіктерін білу кажет.

Мына сызбадан (3-сызба) баспаның кітапқа белгілеген көтерме сауда бағасының деңгейіне әсер ететін кітап бағасының деңгейін анықтайтын негізгі факторлар үсынылған. Оларды 2 үлкен топка бөлеміз:

  1. Баспа ықпал жүргізе алатын, әсер ете алатын активті факторлар — олар сызбада бояумен берілген.
  2. Пассивті факторлар — олар нарықгағы жағдайдың жалпы дамуының нәтижесі болып табылады.

Кітап бағасының деңгейін анықтайтын факторлар

Көтерме және бөлшек сауда багасының деңгейі туралы мәліметтерді баспаға маркетингтік қызметпен айналысатын мамандар ұсынады, өйткені олар нарықтағы жағдайға, яғни кітаптың бағасына үнемі зерттеулер жүргізіп отыруы тиіс.

Анкета жүргізу нәтижесінде нарықтағы ең жоғары бағаға және бақылау нәтижелеріне қарап, кітапқа үқсас өнімдердің ортақ статистикалық бағасын айыра білу қажет. Осы бағалардың айырмашылығынан кітаптың көтерме сауда бағасы белгіленеді.

Кітаптың пайдасын айындайтын формула.

Кітаптың сапасын баспагер емес, тұтынушы аныктайды. Сол себепті баспаның өнімі кітап өнімінің тұтынушы үшін сапасы жағынан аса құнды кітап екенін айтып жеткізе білуі қажет, яғни бұл кітаптың тұтынушы үшін аса пайдалы дүние екендігіне дәлелді фактілер келтіруі қажет. Және бұл кітап оған өте арзанға түсіп отырғанын баса айту керек.

Егерде кітаптың бағасы да, оның пайда көлемі де бірдей денгейде болса, ол үшін, әрине, кітапты белгілеген бағаға өткізу үшін тұтынушыны үгіттеу жұмысын жүргізу қажет. Егер мұндай жұмыс өз деңгейінде жүргізілмесе, онда ол кітапты алғанмен, тұтынушының сізбен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруы күмән туғызады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:

  1. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана
  2. Арнаулы кітапханалардың негізгі атқаратын қызметтері
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері
  4. ҚР Ұлттық кітапханасындағы қолжазбалар мен сирек және парсы тіліндегі кітаптардың баспалық және жиынтық каталогтары
  5. Нарық талаптарын ескеріп кітап тарату
  6. Баспада баға қалыптастыру үрдістері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ