Кітаптың өзіндік құны және оны төмендетудің жолдары

0
1268
Иллюстрация: Freepik.com

Баспаның өкілі кітап бағасы туралы келіссөздер жүргізу кезінде, оның ең жоғары бағага сәйкес болуын көздейді. Сонымен қатар ол өз баспасының да және көтерме сауда бағасымен алушы сатушының да кітабының ең төменгі баға деңгейін білуі кажет, ол баға кітаптың өзіндік кұнының деңгейімен анықталады.

Баға туралы келіссөздер жүргізген кезде бағаның бәсекелестік мүмкіндігі үлкен рөл атқарады. Бағаның бәсекелестік мүмкіндігін арттыру үшін, баспа маркетингтің технологиялық концепңияларын жүзеге асыруы тиіс, кітаптың таралымын көбейте отырып, оларды өткізуді де сондай жылдамдықпен жүзеге асыру қажет. Кітаптың таралымын екі есеге көбейту — кітаптың өзіндік құнын 20%-ға кеміту деген сөз.

  1. Баспа маркетингі
  2. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Бұл, әрине, өте қиын проңесс, одан да кітаптың келісімді бағасын көтеру есебімен қосымша пайда табу жолы жеңілірек болып есептеледі.

Кітап бағасы туралы келіссөзді табысты жүзеге асыру баспа өнімінің жан-жақты ақпаратқа канық болу дәрежесіне ғана емес, сонымен қатар оның кітаптың бағасын белгілеу мақсатымен келіссөз жүргізу кезіндегі кәсіби білімділік дәрежесіне де байланысты болады.

Тәжірибеде, көбінесе «үш түрлі таңдау әдісі» қолданылады. Кітаптың бағасын селқос ғана айта салғаннан гөрі, осы мықты стратегияны пайдалануды ұсынамыз:

  1. Кітаптың бағасын айтқан кезде өзіңнің бағаңнан 20% жоғары бағаны белгілеп айту қажет, көп тұтынушылар 120 теңгеге алуға әзір.
  2. Сіз бағаның диапазонын (шеңберін) одан сайын көтере берсеңіз, енді өз бағаңыздан 50-100 % жоғары бағаны атаңыз, кейбір адамдар 150-200 теңге төлеуге әзір.
  3. Енді ең соңғы өзіңіз сұрайтын бағаны, яғни нақты бағаны атаңыз.

Баспаның баға саясатын жүргізуде табысқа жетуіне оның каржы стратегиясы және оның нарықтағы беделді серіктес ретіндегі имиджін көрсететін жарнамалық кампаниялар көмектесуі мүмкін.

Кітаптың өзіндік құны және оны төмендетудің жолдары.

Баспа процесінің өзіндік қүны (шығындары) баспаның ресурстарын тиімді пайдаланудың интегралды корсеткіші болып табылады. Бұл жерде басылымды басып шығаруға дейінгі, яғни қолжазбаны баспаға дайындау шығыны, баспаханалық жұмыстарды орындауға кеткен және басылымды таратуға кеткен шығындар.

Негізгі шығындардан құралатын: авторлық сыйақы, редакңиялық және жалпы баспа шығыны, баспахана жұмыстары үшін шығындар, материалдарға жүмсалған және сату үшін кеткен шығындар. Есептеген кезде шығынның жартысынан көбі полиграфиялық және соған сәйкес шығындарды қүрайды, қалғаны баспаның өз шығындарын кұрайды.

Ал баспаның шығындары жеке шығындар жинағын кұрайды. Әрине, мемлекеттік салык төлеу кұжаттарына сәйкес, баспалар да өнімнің өзіндік құнын анықтаған кезде, жалпы мемлекеттік деңгейде басшылыққа алынатын салық төлеу ережелеріне сүйенуі тиіс.

Мәселен, ЖОО баспалары, құрылымдық бөлімше болғандыктан, өз өнімдерінің өзіндік құнын есептеген кезде шығынның жарты мөлшерін жоғары оқу орнының шығындар сметасына аударуына болады, соның есебінен баға деңгейін белгілеуде ерекшеліктерге, табысқа жетуі мүмкін. Сол себепті басшылар, баспаның ұйымдас- тырушылық-құкықтық формасын өте мұқият таңдауы тиіс.

Егер баспа ЖОО-ның кұрылымдык бөлімшесі болса, онда баспа көбінесе кітапты баспаға дайындау үшін шығындар жұмсайды, ал энергия, құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, амортизациялық шығындар, сонымен бірге бюджетке төленетін төлем- ақылар және баска да шығындарды ЖОО әкімшілігі мойнына алады. Бұл міндеттер келісімшарт кезінде жузеге асырылады.

Ал кітаптың өзіндік қүнын төмендету үшін рационалды емес шығындарды іздеп табу қажет. Ол үшін көп тәсілдер мен қүралдарды қолдануға болады. Мамандардың айтуы бойынша, ең тиімді әдіс — бұл кітап басып шығару процесінің функционалдык және қүндык анализін жасау. Ол үшін кітап басып шығару процестерін атап өтейік:

  1. Әрбір баспада кітатпы редакииялық-баспалық процеске әзірлеудің өзінше қалыптасқан жүйесі бар.

Сол себепті кітап шығару процесінің негізгі кезеңдерін ғана атап көрсетеміз. Бір жағдайда, кітапты басуға әзірлеу процестерінен бастап, кітаптың түпнұсқа макетін немесе пленка дайындауға дейінгі процесті алсақ, бірде кітаптың сүйінші данасын шығарғанға дейінгі, ал 3-ші жағдайда кітап таралымының бөлшек саудаға түсуге дейінгі процесін аламыз.

  1. Кітапты баспага дайындаудың әрбір кезеңінде оган кететін шыгынның көлемін нақты анықтауга болады. Бұл жерде абсолюттік (бухгалтерлік) нақтылықтың қажеті жоқ. Тек кітап шығару процесінің әр кезеңіндегі шығынның мөлшерін анықтаса жетіп жатыр. Кітап шығару процесінің әрқайсысының кұны — баспа процесінің барлық кезеңіне жұмсалатын жалпы шығынның бір бөлігі.

Оқу әдебиеттерін шығару процесіне кететін жалпы шығындарды жеке-жеке кезеңдерде салыстыра отырып қарастыру кітап шығарудың шығындарын төмендетудің негізгі резервтері кай жерде екенін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Әрбір кезеңде атқарылатын функцияларды анықтау.

Баспа процесінің әр кезеңіне тоқталып, белгілі бір кезеңде не істелінеді және не үшін жасалады? деген мәселеге үлкен көңіл бөлу қажет және әр кітап басу процесінде қандай жұмыс атқарылатынына үлкен мән беру қажет, ол процесс қалай жасалғанында емес, қандай нәтиже шығатындығы маңызды. Сол себепті барлық кітап шығару кезеңдерін жеке-жеке қарастыру атқарылатын жүмыстардың альтернативті әдістерін қарастыруға жол ашады.

Алғашқы 3 кезеңнің нәтижесі формулярға енгізілуі тиіс. Функциялар нөмірленуі тиіс.

  1. Басылым сапасының функциясын анықтау. Басылымның түріне байланысты оның сапасы да өзгереді. Сол себепті кітаптың сапалық өлшемдерін аныктайтын функцияларды білу керек. Ол қай функцияны таңдауға болатындығын анықтау үшін кажет.
  2. Функциялардың салыстырмалы маңыздылығын аныцтау. Әрбір функцияның маңыздылық коэффициенті болады. Функцияның маңыздылығын көрсететін салыстырмалы баға осы функцияның баспа өнімінің сапасына қосқан үлесі ретінде қарастырылады.
  3. Осы функцияларды жүзеге асыруга кеткен салыстырмалы шығындарды анықтау. Әрбір функция бойынша салыстырмалы шығындарды есептеу үшін, алдымен эрбір кезеңдегі шығындарды әрбір функңияға сәйкес бөлу керек. Әрбір функцияның салыстырмалы шығындары баспа процесінің жалпы шығындарына катысты анықталады

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:

  1. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана
  2. Арнаулы кітапханалардың негізгі атқаратын қызметтері
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері
  4. ҚР Ұлттық кітапханасындағы қолжазбалар мен сирек және парсы тіліндегі кітаптардың баспалық және жиынтық каталогтары
  5. Нарық талаптарын ескеріп кітап тарату
  6. Баспада баға қалыптастыру үрдістері
  7. Кітап бағасы туралы келіссөздер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ