Кивидің 25 пайдасы

0
1555
Иллюстрация: Freepik.com

Киви секілді экзотикалық жемістер соңғы 10 жылда дүкен сөрелерінде көптеп көрінуде.

Бірте-бірте олар киви өспейтін біздің елде де күнделікті мәзіріне енді: кейбір ас түрлері мен жеңіл салаттарға, тіпті кәуапқа да киви қосылатын болып жүр.

Жалпы, киви адам ағзасына қаншалықты пайдалы?

Негізі кивидің отаны – Қытай. Бұл жемістің адам ағзасына пайдасы көп. Диетологтар кивиді витаминдер мен минералдарға бай керемет жеміс деп атайды деп жазады.

Шынында, кивидің құрамында С витамині апельсинге қарағанда бірнеше есе көп. Сонымен қатар, киви құрамында К мен Е витамині, фолий қышқылы, калий, литеин, целлюлоза, магний және фосфор секілді ағза үшін аса керекті қоректік заттар бар.
Киви сонымен қатар прибиотик.

Яғни оның құрамындағы заттар ішектегі пайдалы бактерияларды тамақтандыруға көмектеседі. Олардың көбеюі мен дамуын жеңілдетеді. Бұл ас қорыту жүйесін сау ұстаудың өте тиімді жолы.

Жұдырықтай ғана жасыл жеміс денсаулықтың басқа да проблемаларының пайда болуына жол бермейді. Мысалы, ағзаның тыныс алу жүйелесінің ауруларымен күресін күшейтеді. Қан тамырлары мен жүрек бұлшық еттерін нығайтуда және атеросклероздан сақтануда көмегі бар.

Қаны қою, жоғары қан қысымына бейім адамдар күніне 1 дана киви жеп жүрсе, аурумен күрескен болып саналады екен. Қызық ә?

Ал мұның себебі мынада – киви қан ұйығыштығын азайтады, онда көптеген қан сұйылтатын дәрілерде болатын, ағзаға жанама әсері жоқ өаттар бар. Сондай-ақ жеміс қандағы триглицерид деңгейін 15%-ға дейін төмендетуге көмектеседі.

Кивидің басқа да артықшылықтарына келетін болсақ, ол іш қатудың алдын алады, ас қорыту жүйесін жақсартады. Бұдан бөлек, суық тиюге қарсы тамаша профилактика болып табылады.

Бұл оның құрамындағы В12, С және К витаминдерінің, мырыш, иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін басқа да қоректік заттардың көп болуымен байланысты.

Ал сіз кивиді жиі тұтынасыз ба?

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ