Луций Анней Сенеканың нақыл сөздері

0
1267
Иллюстрация: Freepik.com

Б.з.д 4 ғасырда, Римде Луций Анней Сенека деген ақын өмір сүрген. Өзі философ, қоғам қайраткері болған. Ендеше Сенекадан қалған сөздерді ұсынамыз. 

? Ертеңгі күнін еш алаңсыз күтетін жанның бәрі бақытты.

? Адамдар ұсақ-түйекке бола көңілін түсіріп, өзі ойдан жасап алған іске бола өзгеге өкпелеп жүреді.

? Өз кемесі қай айлақта тұрғанын да білмейтін жанды ешқандай жел айдап алға жылжыта алмайды.

? Өз-өзіне әмір жүргізе білген жанды ғана ең мықты адам деуге болады.

? Тіліңе қарағанда құлағыңды көбірек қолдан.

? Мысал өлең секілді өмір де ұзақ болуымен емес, мәнді болуымен өлшенеді.

? Өзгерте алмайтын нәрсеңді жақсылыққа бала.

? Адамның ішіндегі қызғаныш оты өзін қаншалықты бақытсыз сезінетінінен хабар береді.

? Жұмыс істегенде түнге дейін отыру міндет емес, ақылмен жұмыс істеу керек.

ِ? Мәстекке алтын жүген тақсаң да арғымақ қыла алмайсың.

? Алтын отпен сыналады, әйел алтын арқылы, еркек әйел арқылы сыналады.

? Бүкіл ұрпақтың галереясына қарағанда бір ғана айна маңызды.

? Жасқана сұраған адам қажетін ала алмайды.

? Бір жыл егін шықпады екен деп, келесі жылы тұқым сеппей қоюға болмайды.

? Патшаға біраз нәрсеге тыйым салынады, себебі барлығы оның қол астына қарайды.

? Ашулануға қарсы ең жақсы дәрі – кейінге қалдыру.

? Отаныңды ұлы болғаны үшін емес, өзіңдікі болғаны үшін сүй.

? Сенім жоғалған жерде достық өледі.

? Рухыңды жандандыратын екі нәрсе: өзіңе және шындыққа сену.

? Бақытты қажетсінбегендер – ең бақытты жандар.

? Біреуге бір нәрсе айтар алдында оны өзіңе айтып көр.

 Дайындаған: Əсел Асанова

Басқа материал:

  1. Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ
  2. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  3. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
  10. Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ