Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ

0
1744
Иллюстрация: Freepik.com

1) Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері: (Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған және әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар)

2) Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең: (Лирикалық жанр)

3) «Бақыт іздеп, ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы — қазақ халқы, » — деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

4) Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға жататындар: (Наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және аңшылық туралы өлең жырлар)

5) Қазақтың ертедегі негізгі күнкөріс кәсібі: (Төрт түлік мал)

6) Халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі жайлы шығарылған өлең
түрі: (Төрт түлік малға, еңбекке байланысты туған жырлар)

7) «Бақташының сөзі» деген халық өлеңінің негізгі тақырыбы: (Әр түлікті
бағып-қағудың қиындығы, өзіндік ерекшелігі)

8) «Малдың баласын сүюі» не үшін айтылған? (Адамның малды бағалауы
үшін)

9) «Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай.
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, Қойды бер!» («Шопан ата») — деген шумақтағы буын, бунақ
сандары: (7-8 буынды, 2 бунақты)

10) Ауыз әдебиетінде аз тоқталады: (Сиырға)

11) Тұрмыс-салт жырлары бойынша төлін «қараңғыға баспаған қорқағым» деп
сүйетін түлік: (Сиыр)

12) Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз:
Түйе сүйеді баласын …
Жаудыраған көзіңнен тоташым деп. : (боташым деп)

13) Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың, әдеміліктің символы:
(Аққу мен ақбөкен)

14) Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырлар:
(Аңшылық туралы өлең-жырлар)

15) Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: (Мергеншілік)

16) Қазақ халқының ерте заманнан бері тойлап келе жатқан мейрамы: (Наурыз
мерекесі)

17) «Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын.
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын.» Салт өлеңінің түрі: (Наурыз батасы)

18) «Наурыз жырының» ауыз әдебиетінде жататын жанры: (Тұрмыс-салт
жырлары)

19) «Наурыз жыры» тұрмыс-салт жырларының қай түрі? (Еңбек және
шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар)

20) «Құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен»
басталатын жыр түрі: (Наурыз жыры)

21) Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең жырларға жататындар: (Тойбастар,
жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, көңіл айту, естірту, жоқтау, т.б.)

22) Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар лирикалық жанрға
жақын.

23) Тұрмыс-салт жырларының қатары: (Бата-тілек, жоқтау)

24) Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым, — деген жолдар айтылатын өлең үлгісі: (Бесік жыры)

25) Этнограф-фольклорист ғалым А. В. Васильев тұрмыс-салт жырларының қай
түріне қатысты пікір айтқан? (Бата)

26) «Бата — қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй иесіне
деген шын жүректі жарып шыққан ықылас, пейілі, ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады, » — деген пікірдің иесі: (А. Васильев)

27) …Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан
тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күтті? (Бата («Абай жолы»)

28) «Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл
Қайырымды дос берсін!» — деген: (Ас қайыру батасы)

29) Жамбылдың бата түріндегі туындысы: («Аттандыру»)

30) «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар, бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын…» — деген жолдар айтылатын жағдай: (Қыз
айттыру)

31) …Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!» — деген: (Тойбастар жыры)

32) Жырдың түрін анықтаңыз.
Бағлан серке — марқасқа қой бастайды,
Қой алдында жануар ойқастайды,
Құтты тойға кез болған жолды жігіт,
Бұрынғының жолымен той бастайды. (Тойбастар)

33) Тойбастар аяқталады: (Бата беріп, жақсы тілекпен)

34) Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: (Жар-жар)

35) Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі: (Жар-жар)

36) Жар-жар: (Қыз тобы, жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады)

37) Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: (Психологиялық
параллелизм)

38) Ұзатылатын қыз баланың ел-жұрты мен қоштасардағы элегиялық
сарындағы өлең жыры: (Сыңсу)

39) «Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам деп пе едім?!»—тармақтары қай жырдан? (Сыңсу)

40) «Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім…
деген үзінді алынған салт өлеңі: (Сыңсу)

41) Жаңа түскен келінді елмен таныстырып, тәрбие беретін жыр: (Беташар)

42) Әдет-ғұрып жырының түрі:
Келін, келін келіп тұр.
Иіліп сәлем беріп тұр. (Беташар)

43) «Айт, келін-ау, айт, келін!
Сауысқандай сақкелін!» — деген үзінді: (Беташар жырынан алынған).

44) Беташардың «Айт, келін» бөлімінің мазмұны мен мәні: (Жас келіннің
отбасы мүшелері мен үлкендерді, жора-жолдастар мен қонақтарды
сыйлау ғұрпы)

45) «Балталы, Бағаналы, ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, » — деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі
қоштасуға жатады.

46) Жамбылдың «Аттандыру» өлеңі: (Қоштасу)

47) Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңі: (Қоштасу)

48) Жоқтау, сыңсу — лирикалық жырлар.

49) Салт жырларының ішіндегі ең молырақ сақталғандарының бірі: (Жоқтау)

50) Жоқтау қандай өлең? (Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға
деген қадір-құрметін білдіретін өлеңдер)

51) «Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер,» — деген үзінді: («Алып-Ер Тұңғаны жоқтау»
жырынан)

52) Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері: (Жоқтау өлеңдер)

53) «Абай жолы» романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда
Абай жоқтау айтқызған адамның есімі: (Өйгерім)

54) Бөжейді жоқтайтын: (Сары апа («Абай жолы» М.Ә.)

55) Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгенбай…- деп жоқтау айтқан жырау: (Үмбетей)

56) Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақын: (Жамбыл)

57) «Сол ерлікпен хан болдың
Әлем асқан жан болдың…
деген өлең жолдары: (Үмбетейдің Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі)

58) Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Өлгеннің сонынан өлмек жоқ.
Өлген қайтып келмек жоқ… (Бұл — көңіл айту жыры).

59) «Түңлігімнің төрт бауы мақта, ата,
Сен кеткен соң балаңды жоқта, ата.
Жыл айналып сағынып мең келермін,
Боз інгеннің ботасын сақта, ата. » («Қайым айту») — өлең тармақтарының
буын саны: (11 буынды)

60) Ауыз әдебиетінің түрлері (көпжауапты): (Эпикалық жырлар, жұмбақ; Шешендік сөздер, ертегі; Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер)

61) Тұрмыс-салт жырларының түрлері (көпжауапты): (*Бата-тілек; Тойбастар;
*Беташар)

62) Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар: («Беташар;
*Тойбастар; *Жар-жар)

63) Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар: (*Естірту; «Жоқтау;
*Қоштасу)

64) Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалар: (*Бата-
тілектер; *Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар; *Наурыз жырлары)

65) Ананың жас сәбиіне деген арман-тілегі айтылған бесік жыр(лар)ы:
(*Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы
айырып, Жігіт болар ма екенсің?!)

66) Берілген жер қай қатарға тән?
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім. (Сыңсу)

Басқа материал:

  1. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  2. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
  9. Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ