Б.Бұлқышев туралы ҰБТ-да кездесетін сұрақтар жауабымен

0
1594

Б.Бұлқышевтың туған жылы: (1916 ж.) (1944 ж. Ұлы Отан соғысында қаза
тапты)

Б. Бұлқышев дүниеге келген жер: (Жезқазған) (Қазіргі Қарағанды облысы
Ұлытау ауданы)

Алматы сауда-қаржы техникумын, Москва сапер училищесін бітірген
жазушы: (Б. Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың шығармасы: («Айсұлу» поэмасы)

«Алматы — менің қалам» атты бітпей қалған романы бар жауынгер жазушы»:
(Б. Бұлқышев)

«Жауыздық пен махаббат», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат» т. б.
шығармалар жазған жауынгер-публицист жазушы: (Б. Бұлқышев)

Көбінесе публицистикалық стильде еңбектенген қаламгер: (Б. Бұлқышев)

Өзінің соғыста өлетінін сезіп, бірақ өмір сүргісі келетінін жар сала жазып
кеткен қаламгер: (Б. Бұлқышев)

«Шығыстан сызылып таң келеді. Мен немісті өлтіруге жөнелдім, » — деп жазған
Шығыс ұлы: (Б. Бұлқышев)

«Шығыс ұлы! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста деп басталатын үзінді Баубектің қай еңбегінен? («Шығыс ұлына
хат»)

Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасында: «Біз ерліктің екі
бірдей мектебінен тәлім алдық… деп айтылады. Ол қандай мектептер?
(Біріншісі — Қобыланды, Тарғын, екіншісі — Суворов, Кутузов)

Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасы қай жанрға жатады?
(Көсемсөз)

Б. Бұлқышев хат жазатын Шығыс кызының Шығыс қызы Жаннаға ай жарығында отырып хат жазатын боздақ жігіт.
(Б. Бұлқышев)

Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» әңгіме-хатындағы Баубектің
сүйген қызының есімі: (Шығыс қызы — Жанна)

«Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы: (Б. Бұлқышев)

Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме хатты жазған жасы:
(Жиырмада)

«Ол мені өлтіргісі келеді. Мен абайламай қалсам, ол мені өлтіреді де. Онда ол менің барлық туысқандарымды да, Жаннамды да алтіреді,» — деп, фашисті не үшін өлтіретінін дәлелдейтін жауынгер жазушы: (Б. Бұлқышев)

Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме хаттар қандай
сөйлеммен аяқтаған? («Мен немісті өлтіруге жөнелдім»)

Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме хатындағы майдандас
жолдастарының есімдері: (Федя мен Вася)

Б.Бұлқышевтың шығармасы: («Өмір мен өлім»)

Өмір мен өлім туралы психологиялық толғанысын жазған жауынгер-
жазушы: (Б. Бұлқышев)

Гетеге: «…Атақты ақын, сені біздің ел ғана шын сүйеді, Сені біз Пушкинмен қатар қоямыз. Біз, қазақ жастары, «Фаустыңды» оқи отырып, өзіңе деген құрметіміз арта түсті…» — деген жолдардың иесі: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың неміс халқының ұлы ақыны Гетемен сырласатын еңбегі:
(«Өмір мен өлім»)

Неміс халқының ұлы ақыны Гетемен ой бөлісетін қаламгер:
(Б. Бұлқышев)

«Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз,
соғыста өлеміз. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» Кімнің сөзі?
(Б. Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың қаза тапқан жылы: (1944 ж.)

Баубек Бұлқышевтың шығарма(лар)ы: (*»Алматы — менің қалам»;
«Айсұлу»)

Басқа материал:

  1. Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ
  2. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  3. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
  10. Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ