Мұ­най өнер­кә­сі­бі туралы

0
7366

Мұнай өнеркәсібі – отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала, негізгі стратегиялық шикізат көзі.

Мұнайды өңдемей қолдана алмаймыз. Одан 300-дей өнім алынады: ең қажетті өнімдер – көліктерге арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар. 1960 жылдардың ортасында Маңғыстаудағы Өзен, Жеті­бай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.

Кейінірек Қарашығанақ, Теңіз сияқты алып мұнай кен орын­дары ашылды. 1980 жылдардың басында республикамызда үшінші ірі кен орны – Құмкөл пайда болды. 1990 жылдардың басында Қазақстандағы ең үлкен мұнай кен орны – Қашаған
ашылды.

Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүниежүзінде бесінші орында.

1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш  облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір 6 облыс  өндіріп отыр. Көш бастаушы – Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға теміржол арқылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен жеткізіледі.

Негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген.

Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.

Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан, қоршаған ортаға түскенде, табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Осы зиянды азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыру қажет.

Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай мен газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдар басқа жаққа, яғни қолайлы жерге көшіріледі.

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.
  2. «Қазақстанның пайдалы қазбалары» кітабынан
  3. «Қазақстанның мұнай энциклопедиясынан»)

Ұқсас материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ