Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстырып, талдап жазыңыз

0
828
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі- арнау өлеңдер.

Сондай арнау өлеңдерінің бірі- «Қыз өлеңі». Қазақ аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыз бейнесі қаншалықты шебер суреттелді?

Халқымыз ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеп, әспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп, жаһутпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын:

«Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңкің сары алтындай көрінген қыз», — деп жырлайды. Бұл теңеулер- ізбасар ақындарға үлгі болар өрнектер еді.

Мұрат Мөңкеұлы сияқты әнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит т.б. шығармаларында көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, әйел теңсіздігін жырлады. Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің, сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың – бал, тілің шекер, нәзік таңдай,қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» — деп суреттейді.

Сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-акындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазына қосылған інжу-маржандарымыз.

«Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: «…Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, «… шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды.

Ал Ақан сері «Балқадиша» өлеңінде: «…бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» — деп мұңайса, «Ләйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды көптен сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді.

Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде: «… бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», — деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды.

Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие.

Ақындар өз шығармаларында әйел затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген.

Басқа материалдар:

  1. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  2. Мұрат Мөңкеұлның «Қыз» өлеңі
  3. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  4. Бүкіл ұлттың Мұраты. Мұрат Мөңкеұлы туралы
  5. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!
  6. ҰБТ: Талапкерлерге арналған эсселер топтамасы (72 эссе)
  7. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
  8. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз!
  9. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ