Манхэттен коктейлі туралы

0
792

«Манхэттен» дүние жүзіндегі ең атақты коктейль түрі, ол ХІХ ғасырдың аяғында АҚШ-та пайда болған.

Содан кейін Еуропа елдерінде, соның ішінде Англияда үлкен танымал болып, кең сұранысқа ие болған әйгілі коктейль түрі. Ол қызыл түсті тәтті вермуттан және бурбоннан жасалады.

Шығу тарихы: «Манхэттен» атауы Нью-Йорк қаласының ең әйгілі аудандарының бірі болып саналатын Манхэттен аралының құрметіне берілген. Манхэттен коктейлі Америка барларында ХІХ ғасырдың аяғында үлкен танымалдылыққа ие болды, содан соң Англияда және Еуропаның басқа да мемлекеттерінде әйгілі болып, кең сұранысқа ие болды. Манхэттен коктейлінің пайда болу тарихы да өте қызықты.

Бұл коктейльдің авторы болып Винстон Черчиллдің анасы саналады. Бұл коктейль түрі сэр Самьюль Тилдонның Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайлануының құрметіне Нью-Йорк қаласындағы «Манхэттен» клубында алғаш рет жасалған, сол себепті коктейль «Манхэттен» деп аталған болатын. Нәтижесінде, Самьюль Тилдон «Манхэттен» коктейлі сияқты тек қана Америкада ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге әйгілі болды.

«Манхэттен» коктейлі халықаралық бармендер ұйымының тізіміне 1961 жылы енгізілді.

Қазіргі таңда «Манхэттен» коктейлінің ерекше дәмі оған сұранысты арттыра түсуде.

«Манхэттен» коктейлінің 4 түрі бар:

  • Тамаша Манхэттен — (ағылшын тілінде Perfect Manhattan) қызыл (тәтті) және құрғақ вермуттың бірдей арақатынасы арқылы жасалады;
  • Манхэттен Бренди — (ағылшын тілінде Brandy Manhattan) вискидің орнына брендиді қолдану арқылы жасалады;
  • Астаналық (Метрополитен) — (ағылшын тілінде Metropolitan) Манхэттен Бренди секілді жасалады, ерекшелігі бренди мен вермуттың арақатынасының 3-ке 1 болып жасалуында;
  • Кубиндік Манхэттен — (ағылшын тілінде Cuban Manhattan) бұл Тамаша Манхэттен секілді, тек вискидің орнына қара түсті ром қолданылады;
  • Ром Манхэттен — (ағылшын тілінде Rom Manhattan) ақ түсті ромды қолдану арқылы жасалады.

Құрамы:

  • 60 мл канада вискиі
  • 30 мл қызыл тәтті вермут
  • 1-2 тамшы биттера Ангостур
  • Шие немесе лимон бөлігі(әшекейлеу мақсатында қолданылады)
  • Мұз

Әзірлеу барысында қажетті құралдар:Олд фешенед, шейкер.

Ұсынылатын ыдыс түрі: Үшбұрышты, биік бокалға құйылып ұсынылады (Мартиниге арналған дәстүрлі бокал).

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ