Графикалық құралдарды пайдаланбай, ақпаратты баяндауды елестету қиын.
Ақпараттың үлкен көлемін тез және жинақы баяндаудың жаңа тәсілі трендке айналды. Бұл материалды тиімді беру қажеттілігі артып келеді.
Инфографика – ақпаратты берудің ең тиімді түрлерінің бірі. Бас миының функцияларын зерттеу бизнес-коммуникация құралы ретінде инфографика мақсаттылығының қорытындыларына алып келеді. Мидың 50%-і тікелей немесе жанама түрде көру естеліктерімен байланысты.
Инфографика (лат. informatio – хабарлау, түсіндіру, баяндау және т.б. – грек. γραφικός – жазбаша, γράφω – жазамын) – ақпаратты, деректерді және білімді берудің графикалық тәсілі. Графикалық және коммуникациялық дизайн объектілерінің бірі.
Ерекшеліктері:
• ұсынылатын ақпаратпен ассоциативті түрде байланыстағы графикалық объектілер;
- пайдалы ақпаратқа жүктеме
- әсерлі ұсыну
- тақырыпты анық және мағыналы ұсыну
Инфографика әртүрлі болып келеді. Олар пайдаланылатын объектілер мен ақпарат ағындарының мақсатына, түрлеріне байланысты жіктеледі. Инфографика әрқашан белгілі бір санатқа қатаң түспейді.
Инфографиканың ең көп тараған бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
1. Статистикалық инфографика. Статистикалық инфографика фактілер мен сандарды көрсетеді. Ол сонымен қатар деректер арасындағы тәуелділікті визуалды түрде беруі мүмкін. Мысалы, адам денсаулығының қолданатын дәрумендер мен тамақтануларға тәуелділігі. Бұл – инфографиканың ең қарапайым түрі.
2. «Карталар» инфографикасы. Карта инфографикасы, әдетте, блогтар мен интернет-БАҚтарға қажет. Алайда егер сендердің карта инфографикаларың
қандай да бір ақпаратты білдірсе және егжей-тегжейлі түсіндіруді талап етпесе, оны әлеуметтік желілерде батыл пайдалана аласыңдар. Егер инфографикада резонанс туғызатын сәт болса, онда ол әлеуметтік желілерде жоғары белсенділікке ие болады.
3. «Иерархия» инфографикасы. Инфографиканың мұндай түрі статистика ретінде қолданылады – сайтқа тұрақты бөлімге ілінеді. Бұл компанияның кез келген үдерістерін немесе шешім қабылдау жүйесін сипаттау болуы мүмкін. PR-мақсатта ол ішкі PR қажеттілігі үшін – компанияның жұмыс тәртібі және ережелерін жаңа қызметкерлерге таныстыру мақсатында жұмыс орындарында сызба түрінде ілінуі
мүмкін.
4. «Матрица» инфографикасы. Мұндай инфографика бір мәселеге арналған әртүрлі деректер жиынтығын көрсетеді. Мұндай контенттің басты мақсаты – суреттегі күрделі деректер мен процестерді түсіндіру.
5. «Фото» инфографикасы. Бұл инфографика журналдарда жиі шығады. Мысалы, сапалы фотосурет жасауды ұсынуға болады.Редакцияның ақпарат жинаудағы көмегі ұзақмерзімді қарымқатынас түрінде бонустар әкеледі.
Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл
Ұқсас материалдар:
-
Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары
-
3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар