«Менің Президентім» атты жас ақындар байқауының сценарийі

0
629

Жүргізуші :

Қайырлы күн құрметті қонақтар, қадірменді қатысушылар!

Жүргізуші :

Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

ҚР Жоғары Парламентінің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға.

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым — президенттік қызмет – елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Видео

Жүргізуші :

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Бүгінгі байқаудың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Жүргізуші : Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын, көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Өлең оқылады.

Жүргізуші : Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде,

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Қымбатты көрермендер! Сахнаға келесі жас ақынымызды шақырамыз.

Жүргізуші :

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Келесі қатысушымыз …………………………

Жүргізуші : Өрімдей өсіп келе жатқан жас толқындар Елбасына деген сүйіспеншіліктерін жырларымен өрнектеуде. Келесі жас ақынымыз…….

Жүргізуші : Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Келесі жас ақынды ортаға шақырамыз!

Жүргізуші :

Президентім бар менің елі түгел

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Қазақстан көркейеді әлі де,

Достық әні шарықтайды төрімнен.

Ән орындалады. 

Жүргізуші : Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар елдің ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Келесі  үміткерімізді ортаға шақырамыз

Жүргізуші : Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндегі және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Келесі қатысушымызды шақырамыз!

Жүргізуші : Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің, Францияның президенттерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластатуға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.  Келесі ақынымыз ортада.

Жүргізуші : Елдің әлеуметтік, саяси-экономикалық дамудағы табыстары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Ол нендей іс атқарса да уақыт тынысын тап басып, салиқалы саясат ұстанып келеді. Қай істе де елге иек артты, ақсақалдың ақылына, жастың жалынына сүйенді, сертінде тұрды. Астана –отанымыздың жүрегі, Елбасы – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Келесі жас ақынымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші : Қазағымның туын тіккен – Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен – Елбасы.

Қазақ елін аялаған – Елбасы,

Қиындыққа сая болған – Елбасы.

Жүргізуші : Елін сүйген елі үшін жаралып,

Сол кісідей болса болсын әр алып.

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып.

Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық.

Ән, видео

Жүргізуші :  Жеңімпаздарды марапаттау үшін әділ-қазыларға сөз береміз!

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалары анық өшпес алтын әріппен!

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған қалалық байқауымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар жеңістеріңіз құтты болсын! Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!

Басқа материалдар:

  1. Тұңғыш президент күніне арналған сценарий
  2. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
  3. Елбасы сенген елорда
  4. Елбасы жолы – ертеңге!
  5. Менің Елбасым
  6. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» 
  7. Ұлт президенті — ұлыс президенті
  8. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні
  9. Н. Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры
  10. Н.Ә.Назарбаев – егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ