Меншік құқығы және меншіктің түрлері

0
3679
Гомотетия және оның қасиеттері

Пән: Құқықтану
Сынып: 11 «Б»  
абақ:
3  
Күні:

Тақырыбы: Меншік құқығы және меншіктің түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға  Меншік құқығы және меншіктің түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:
1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)ізденіс,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:
1)сұрақ — жауап;
2)баяндау;
3)әңгімелесу;
4)ізденіс;
5)топпен  жұмыс;
6)проблемалық;
7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Жеке және заңды тұлғалардың мәнін ашыңдар?
  • Лицензия деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Меншік дегеніміз – бұл жеке адамның затқа байланысты қарым-қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады.

Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар:

  • Жеке меншік – бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
  • Мемлекеттік меншік – мемлекеттік иелігіндегі мүліктер.

Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқық дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Заттық құқықтар – бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына беруі. Бұларға:

  • Жерді пайдалану құқығы – жеке немесе заңды тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуді және пайдалануы.
  • Шаруашылықты жүргізу құқығы – мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етудің заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
  • Оралымды басқару құқығы – меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.
  • Өзге де заттық құқықтар – сеніп тапсырылған басқару құқығы, жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы, жер асты байлығын иелену құқығы, кепіл.

Сабақты қорытындылау:елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің әр алуандығын қажет етеді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

Ұқсас материалдар: 

  1. Интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық (сабақ жоспары)

  2. Қазақстан Республикасының адвокатурасы (сабақ жоспары)

  3. Сабақ жоспары: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
  4. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (сабақ жоспары)Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары
  5. «Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары

  6. Қазақстан Республикасының прокуратурасы (сабақ жоспары)Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ