Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз

0
2575
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті қаламгері, талай тарихи төл туындылардың авторы- Ә.Нұршайықов өзінің өнегі өмір жолында халық арасында кеңінен таралған біршама туындылары болса да, ақынның кейбір жазушының есімін даралап тұратын шығармасы – “Ақиқат пен аңыз” роман – диалогі.

Бұл шығарманың қазақ романдарының тарихында өнеге мен көрегендік, танымдық маңызы үлкен.

Ақиқат пен аңыз – Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухты шығармаларының бірі бұл шығармада Ұлы Отан соғыстың даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының азаматтық ерлік тұлғасы суреттеледі.

Ол автор мен батыр арасындағы кең көлемді диалогтан құрылған шығарма. “Ақиқат пен аңыз” роман-диологіндегі батыр бейнесін автор сөздері арқылы бейнелей аламыз. Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бері, Совет армиясының үздік мектебіне шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмірі – автордың аз сөбен көп мағына ерудегі жетістікті деп білемін.

Шығармадағы батыр өзінің айтқанынан қайтпайтын, шыншыл, тәкаппар ер мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен батыр әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам, өлсе де өтрік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі ретінде суреттелетін Бауыржан бейнесі халыққы онымен сырласқан сөздерінен-ақ байқалады. Шығарманы оқыған адам Бауыржан Момышұлының өзімен тілдескендей күй кешіп, таңданысын жасыра алмасы анық.

Автор өз кейіпкерінің бойындағы асыл қасиеттердің қай-қайсысын да дәл, терең әрі көркем суреттей білді. Соның арқасында батырдың баладан данаға дейінгі, қатардағы жауынгерден қолбасыға дейінгі өсу жолы толық көрініс тапты.

“Ақиқат пен аңыз” шығармасының басты жетістігі атты аңызға айналған заман қаһарманның жардың біртұтас тұлғасын жасауында біз Бауыржанның ірі азаматтық келбетін оның әрбір іс әрекетінен, сөзі мен мінезінен айқын аңғара аламыз. Бауыржан Момышұлының қайсар мінезін танытуда: “Оған майдан даласын уақытша қалдыруға ұсыныс жасағанда, — жоқ, жолдас Менің кеудемде адамдық тілек, әкелік мейірден басқа жауынгерлік ар мен намыс бар.

Осы дивизия құрылған кезде барлығымыз да құрып бітуіміз керек. Ақырғы қасық қаны бойында жүрген азаматтар осы дивизияның құрамында болып, жеңіске жетуге міндетті”, — деген сөздерінен-ақ байқай алдым. Романың аяғында “Ерлік – адам жанының лап кеткен жалыны, жарық еткен найзағайы” дегендей Бауыржанның өмірлік тәжіребесінен сыналған өнеге, өсиет келтірілген.

Ол жастарды, келешек қауымды отаншылдыққа халықтар достығын қадірлі білуге шақырды. Жалпы алғанда, Б.Момышұлы – шынайы батырлықтың символы болса, Ә.Нұршайықов осы бейнені халыққа, ұрпаққа өнеге, үлгі етіп танытқан тұлға деп ойлаймын.

Ұқсас материал: 

  1. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  2. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  3. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  4. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  5. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  6. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  7. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  8. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  9. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  10. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  11. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  12. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  13. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  14. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  15. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  16. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  17. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  18. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ