Ортағасырлық қалалар мен сәулет өнері ескерткіштері

0
4405
Иллюстрация: Freepik.com

 Айша-бибi кесенесi– ХI–ХII ғасырларда iрге көтерген сәулет өнерi ескерткiшi. Бұл ескерткiштен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрiнiң өте мол екендiгiн көруге болады.

Аққорған – XV–XVIII ғасырларда өмiр сүрген қала. Сайрамнан 110 км жерде орналасқан.

Ақсүмбе мұнарасы – XI– XIII ғасырлардағы қарауыл қарайтын биiк мұнара. Қаратаудың солтүстiк бөктерiнде, тау етегiнен 200 м жоғары биiк жотаның үстiне тұрғызылған.

Ақыртас, Тасақыр – VII–VIII ғасырларда тастан салынған көне архитектуралық құрылыс орны. Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.

Алаша хан кесенесi– Қарахан немесе оғыз-қыпшақ заманында ХIV– ХV ғасырларда сахаралық сәулет өнерiнiң үлгiсiнде салынған ескерткiш. Қарағанды облысы, Қаракеңгiр өзенiнiң оң жағасында орналасқан.

 Аркук, Аркөк – Сырдария алқабындағы ХV–ХVI ғасырлардағы оқиғаларға байланысты деректерде жиi аталатын ортағасырлық қала. Мауараннахр мен Түркiстанды байланыстырып тұрған.

Арыстан-баб кесенесi – ортағасырлық сәулет өнерi ескерткiшi. Кесене Отырар қаласының гүлденiп тұрған кезiнде IХ–Х ғасырларда тұрғызылған.

Асанас (А с н а с, А ш н а с) – Сырдария алқабындағы жергiлiктi жартылай отырықшы оғыз тайпалары салған ортағасырлық қала. Қызылорданың оңтүстiгiнде, Сырдарияның сол жағалауынан 25 км жердегi Iңкәрдария аңғарында орналасқан.

Атлах – ортағасырлық қала (VI– ХII ғ.). Жазба деректерге қарағанда Талас алқабында болған.

Ахмет Йасауи кесенесi – Қарахан дәуiрiнде (ХII ғ.), кейiн оның қираған iргесiне Әмiр Темiрдiң бұйрығымен ХIV ғасырдың аяғы–ХV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнерi ескерткiшi. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесi жоқ зәулiм күмбездi кешендi ғимарат. Оның төңiрегiндегi қосалқы құрылыстар (мешiт, монша т. б.) бiртұтас архитектуралық ансамбль құрайды.

Аяққамыр – ортағасырлық қала (VIII–ХI ғ.). Жезқазған қаласынан солтүстiк-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан.

Аяққамыр күмбезi –ХII ғасырдың аяқ кезiндегi сәулет өнерi ескерткiшi. Қарағанды облысы, Жездi кентiнен солтүстiк-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.

Баба-Ата – қыпшақ-қарахандар дәуiрiндегi (IХ–ХII ғ.) қала. Қаратаудың шығыс етегiне таман, Шолаққорған кентiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.

Бабаджа-қатын кесенесi – Х–ХI ғасырлардағы сәулет өнерi ескерткiшi. Тараз қаласынан 18 км жердегi Айшабибi кесенесiнiң жанында орналасқан.

Баласағұн – Шу алқабындағы ежелгi қала. Әр кезде Батыс Түрiк, Қарлұқ қағанаттарының, Қарахан, Қарақытай мемлекеттерiнiң астанасы болған. Қала XV ғасырға дейiн өмiр сүрген.

Баршынкент – ортағасырлық қала. Қызылорда облысы, Сырдария өзенiнiң оң жағасында орналасқан.

Басқамыр –VIII–ХI ғасырларда өмiр сүрген қала. Жезқазған қаласынан 83 км жерде орналасқан.

Дың ескерткiштерi – VI ғасырдағы дiни құрылыстың бiр түрi. Ол киiз үйге ұқсас, қабырғасы берiк тастан қаланған.

Жанкент – Х–ХII ғасырларда оғыз билеушiлерiнiң мекенi болған қала. Қазалыдан (Қызылорда облысы) оңтүстiк-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

 Жаңқала, Жент – IХ–ХVII ғасырларда өмiр сүрген қала. Қызылордадан оңтүстiк-батысқа қарай 115 км жерде орналасқан.

Жошы хан кесенесi – қарахан дәуiрiндегi (Х–ХII ғ.) сәулет өнерiнiң айқын бiр үлгiсiн сипаттайтын ескерткiш. Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгiр өзенiнiң сол жақ жағасында орналасқан.

Жiкiл, Чигил – Талас алқабында ХII ғасырға дейiн өмiр сүрген ортағасырлыққала. Тараз қаласынан 5 км жерде орналасқан.

Икан – IХ–XVIII ғасырларда өмiр сүрген қала. Түркiстан ауданы, Икан ауылының орталық бөлiгiнде орналасқан.

Исфиджаб, Испенджаб (қазiргi С а й р а м) – Шымкент қаласының шығысына қарай Талас Алатауының баурайында орта ғасырда өмiр сүрген қала. Тарихи деректерде VII ғасырдан белгiлi. ХI ғасырда Сайрам атанған.

 Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (ХI ғ.) биiк мұнаралы етiп салынған сәулеттi кесене. Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтүстiк-батысынан 8 км жерде Сырдария жағасында орналасқан.

Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» аталатын XIII–XVIII ғасырлардағы бекiнiс. Шымкент облысы, Созақ ауданында орналасқан.

Қарнақ – ортағасырлық қала (ХIII– ХVIII ғ.). Түркiстанның солтүстiк- батысынан 25 км жерде орналасқан. Қалада ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балқыту, оқ- дәрi жасау кәсiбi дамыған. Түркiстандағы атақты мыс қазан ХIV ға сырда осы Қарнақта құйылған.

Қойлық, Қаялық – Iле алқабындағы ортағасырлық қала (IХ–ХIII ғ.). Қарлұқ қағаны Арыслан ханның ордасы болған.

 Қостөбе – Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала (I–VII ғ.). Арыс өзенiнiң сол жағалауында, Шәуiлдiр кентiнен оңтүстiкке қарай 10 км жерде орналасқан.

Құйрықтөбе – ортағасырлық шағын қала (VI–XIII ғ.). Шымкент облысы, Темiр стансасынан 14 км жерде орналасқан.

Құлан – ортағасырлық шағын қала (VII–XII ғ.). Жамбыл облысы, Луговое стансасына жақын орналас қан.

Құмкент – ортағасырлық қала (IХ– XIV ғ.). Шымкент облысы, Шолаққорған кентiнен 30 км жерде орналасқан.

Мерке – ортағасырлық қала (VII– XIII ғ.). Жамбыл облысындағы Мерке кентi қала жұртына орналасқан.

Мырзарабат сардобасы – Мырзашөлдегi байырғы керуен жолының бойында орналасқан күмбездi құдық, сардоба. Шөл далада су сақтау, ыстық күнде құдықтағы судың жылымауы үшiн салынған.

Науакет – Жетiсудағы ортағасырлық қала (VI–XII ғ.).

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала. Сырдарияның орта алқабында, темiр жол стансасынан солтүстiк-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. V–ХV ғасырларда маңызды сауда, ғылым-бiлiм орталығы болған.

Сайрам – ортағасырлық қала (IХ– ХIII ғ.). Шымкент қаласынан 12 км жерде орналасқан. Сайрам Қазақ хандығы тұсында (ХV– ХVIII ғ.) iрi сауда, қолө нер және дiни орталық болған.

Сарайшық – ортағасырлық қала (ХI–ХVI ғ.). Атыраудан 40 км жерде, Жайық өзенiнiң оң жақ жағасында орналасқан. XIII–XIV ғасырларда Ноғай Ордасының, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болған.

Сауран– ортағасырлық қала (ХI– ХVI ғ.). Түркiстанның солтүстiк- батысына қарай 30 км жерде орналасқан.

Созақ – ортағасырлық қала (VI–ХIХ ғ.). Шымкент облысындағы Созақ кентi қала жұртына орналасқан.

Суяб – Шу бойындағы ерте ортағасырлық қала (V–VI ғ.). Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған.

Сүткент – ортағасырлық қала (VI– ХV ғ.). Сырдарияның сол жақ жағалауындағы Қаракөл сайында орналасқан.

Сығанақ (С у н а қ) – ортағасырлық қала (VI–XVIII ғ.). Сырдария бойында, Төменарық темiр жол стансасынан 10 км жерде орналасқан.

Талғар (Т а л ь х и з) – Жетiсудағы ортағасырлық қала (IХ– ХIV ғ.). Алматының шығысында 25 км жерде, Талғар )зенiнiң оң жақ жағалауында орналасқан.

Тараз (Т а л а с) – ортағасырлық қала. Қазiргi Тараз қаласы көне Тараз жұртына орналасқан. VII–VIII ғасырларда Ұлы Жiбек жолындағы iрi сауда және қолөнер орталығы болған. Қала ХIII ғасырдан бастап құлдырап, шағын елдi мекенге айналған.

Түркiстан (Й а с ы) – ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстiк-батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. IV–Х ғасырларда Түркiстан қаласының орнында Шауғар мекенi болған. ХII–XIV ғасырларда қала Йасы аталды. Ахмет Йасауи кесенесi салынғаннан кейiн түрiктердiң дiни орталығына айналып, «Хазрет-и Түркiстан» деп аталды.

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  9. ҰБТ-да Қазақстан тарихынан кездесуі мүмкін сұрақтардың жауабы(І нұсқа)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ