Пиньчен шайқасы туралы

0
1059

Біздің заманымыздан бұрынғы І мыңжылдықта қалыптасқан ғұндар (хунну) тайпасы біздің заманымыздан  бұрынғы ІІІ ғасырдың соңына қарай бірігіп, қуатты әскері бар көшпелілер империясын құрған.

Біздің заманымыздан бұрынғы 205 жылдан қаған тағына Мөде отырады.  Мөде билік еткен тұста жауынгер ғұндар көршілеріне жиі шабуыл жасап, күйрете соққы беріп тұрады.

Ғұндардан сескенген қытайлықтар шапқыншылыққа тойтарыс беру үшін Ұлы Қытай қорғанын салғызады.

Ғұндарды Мөде тәңірқұт, ал Қытайды Хань әулетінен Гаоцзу билеген кезеңдеПиньчен қаласы тұсында ірі шайқас болады. Қытай билеушісі ғұндарға қарсы 320 мың әскерін аттандырады.

Бірақ дарынды қолбасшы Мөде қытайларды алдап қақпанға түсіреді. Ұрыс кезінде Мөде әскерінің бір бөлігі қаша жөнеледі. Жеңіске сенімді болған қытайлықтар олардың іздеріне түседі.

Бірақ Мөденің есепсіз әскері Бей Дин тауының етегінде оларды қоршап алады. Қоршауды бұза алмаған қытай әскері суық пен ашқтықтан өле бастайды. Өз әскерін құтқару үшін Гаоцзу Мөдемен татулық келісіміне қол қояды. Ол Мөдеге өз қызын қалыңдыққа  беріп, жібек мата, азық-түлік, киім-кешек түрінде  мол салық төлейді. Бұл қытайлықтар үшін қорлық еді.

Осылайша, ғұндар Қытайды ойсырата жеңеді.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

  1. Қазақ даласындағы ірі шайқастар. Кир патша мен Дарийдің сақтарға жорығы
  2. Томирис (Тұмар) ханша өмірі туралы
  3. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  4. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  10. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ