Power Point туралы негізгі түсінік (сабақ жоспары)

0
3494
Freepik.com

Түйіндеме: Сапалы білім беруде бағалау үдерісін ұйымдастыру маңызды рөл алады.
Сабақ кезінде студенттерді тақырып бойынша оқу мақсатына жету үшін өз іс-әрекеттерін мақсатқа сай ұйымдастыруға бағыттайтын қалыптастырушы бағалау
әдіс-тәсілдері, құралдары көрсетілген. Нәтижеде оқушының білім деңгейін нақты анықтайтын оқу критерийлері бойынша оқу мақсаттарына жету жолдары қарастырылған.

Тірек сөздер: ақпараттық технология, Power Point программасын іске қосу.

  1. Информатикадан 5-6 сыныпқа арналған тест тапсырмасы жауабымен
  2. Информатика пәнінен «Эрудит» сайысының сценарийі

Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру.

Білімділік:
1.PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету.
2.PowerPoint бағдарламасын қолдана білу.
3.Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:
1. Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
2. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Тәрбиелік:
1. Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
2.Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.
3.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Ой шақыру әдісі , түртіп алу әдісі /INSERT/, тәжірибелік жұмыс

Көрнекі құралдар: Компьютер, слайд, проектор, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: математика, физика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен амандасу.
В) Оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру.

ІІ. Үйге тапсырманы сұрау және тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ
IV. Сабақты қортындылау.
V.Студенттерді бағалау.
VI. Үй тапсырмасы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау
ІІ. Үй тасырмасын тексеру:

Жұмыс түрі:
1.Сұрақ-жауап:
1. Microsoft Excel бағдарламасы қандай бағдарлама? (кестелік)
2. Microsoft Excel-дің файлдары қалай аталады? (.xls)
3. Жұмыс кітабында неше баған, неше жол бар? (256 баған , 65 536 жол)
4.Кітаптар нелерден тұрады? (парақтардан)
5.Баған мен жолдардың қиылысы қалай аталады? (ұяшық)
6. Қандай пернелер көмегімен жаңа бетті енгіземіз? (SHIFT+F11)

2. Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
1. Еxcel —————- 1. Нысанға жан бітіру программасы (. ppt)
2. Word ————— 2. Графикалық қолданба (. bmp)
3. PowerPoint ——- 3. Мәтіндік редактор (. doc)
4. Paint —————- 4. Электрондық кесте (. xls)
Дұрыс жауабы: 1 — 4, 2 — 3, 3 — 1, 4 — 2

Жаңа сабақты түсіндіру
Power Point бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office-тің қолданбалы бағдарламасы. Көрме дегеніміз – қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.

Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады.
Power Point программасын іске қосу ҥшін мына әмірлерді орындаймыз:

Бастау ——Барлық бағдарламалар —— Microcoft Office — Microsoft PowerPoint ;

Бастау—-Бас мәзір—— Бағдарламалар—- Microsoft PowerPoint;

Тышқанның оң жағын басып—— құру- презентация Microsoft PowerPoint

МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады.

РоwerРoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
Меню арқылы: Пуск – Программы — Місrosoft РоwerРoint.

Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып:
Создать – Презентация Місrosoft РоwerРoint-ты таңдайды.
Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады.

Файл. МS Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, презентацияны WORD-қа жөнелту/;

Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т. б. өзгерту командалары;

Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т. б.);
Көрініс.Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту командалары;

Терезе. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді;
Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар мастерін пайдалануды қоса);

Презентацияны әзірлеу кезіндегі ережелер:
А) Презентацияны алдын ала жоспарлау қажет:мақсаты мен мазмұнын білу керек;
Б) Слайдтағы ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;
С) Объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
Д) Слайдты безендіру үшін контрастілі және үйлесімді түсті таңдау керек,
Е) Анимациялық ауысулар,бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады.

Деңгейлік тапсырма.

№1 тапсырма: Қазір сендердің алдарыңа видеопроектордан тапсырма шығады, сол тапсырманы компьютер арқылы 15 минуттың ішінде істейсіңдер. Бұл жұмыстарыңды қорғайсыңдар. Әрбір студент өздері дайындаған шығармаларымен таныстырып, оны қорғайды, түсіндіреді, қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді. Ой шақыру әдісі бойынша компьютерде жеті туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды Power Point бағдарламасына енгізіп слайд жасау.

Жұмыстың орындалу реті:
1. слайдқа- оқу орны, тапсырманың аты, орындаған студенттің аты-жөні, тексерген оқытушының аты-жөні, Орал 2016ж – деп жазу керек.

2. слайдқа — жеті қазынаны жазу-/ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы/

3. слайдқа -жеті ғаламды жазу- /шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты/

4. слайдқа -жеті күнді жазу-/бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына/

5. слайдқа жеті жұтты жазу-/құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала/

6. слайдқа жеті атаны жазу-/бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата/

7.слайдқа жеті қат көкті жазу-/ай, күн, шолпан,есекқырған, қызылжұлдыз, сатурн, мүштәри/

8. слайдқа жеті қат жерді жазу-/тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көкөгіз,жер/

9. слайдқа назарларыңызға рахмет- деп жазу керек.

№2 тапсырма: Слайдқа кесте құрып сабақ кестесін толтыр

№3 тапсырма: Слайд ортасына радиусы бірдей 2 шеңбер салып,оңнан солға қарай тіктөртбұрышты қозғалту, яғни айналып тұрған ара көмегімен ағашты жону процесі.

4.Сергіту кезеңі «Жұмбақтар әлемі». Жұмбақтар шешу

1.Серігі бар қасында, кілемі бар астында
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған.(тышқан)

2.Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. (принтер)

3.Мәліметті сұраған, Экранға шығарған. (монитор)

4.Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қағазға қаламсыз. (пернетақта)

5.Ұзынтұра жалқаубек,Тұрмай ылғи жатады,
Қозғала қалса артынан,Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)

6.Пернетақта ауылында тұратын,Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды, Немерелері алғашқы.
Есімдері де бір қызық, Тек қана: F (эф) әрпімен басталады. (функционалдық пернелер)

7. Бұтақ орында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені (кактус)

8.Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі, Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз бірлік (пернелік)

IV.Сабақты қортындылау.
1. Сабақты қорытындылау мақсатында ой шақыру әдісі бойынша студенттерге қойылатын сұрақтар.

1. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімі? – .ppt;

2. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды кӛрсетуді бастау әмірін қай батырма орындайды?- F5;

3. Бір фалға жинақталған слайдтар нені құрайды?- Көрме;

4. Power Point бағдарламасында сурет салу құралдар үстелінің қай батырмасымен тұтас сызықты үзік сызықпен алмастырамыз?- Штирх мәнері;

5. Көрменің түрлі нысандардан құралатын бөлігі қалай аталады? –Слайд;

6. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтары көрсетілімін қандай перне үзеді?-Esc

2. Топшаманы толтыру
Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында студенттерге түртіп алу әдісі бойынша Power Point бағдарламасына арналған үлестірме карточкасы беріледі.

Мен бүгін не үйрендім? Ұнамаған жері болды ма? Не ұнады?

V. Студенттерді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою.

VI.Үйге тапсырма: «Менің мамандығым» тақырыбына презентация құру.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Эрудит» зияткерлік сайысы. Сыныптан тыс шара (5 сынып)
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ