С – Ш дыбыстарын сөздерде ажырату (Қыс қызығы)

0
3255
Гомотетия және оның қасиеттері

Мақсаты:
С –Ш дыбыстарын сөзде дұрыс айтуға, ажырата білуге үйрену. Қыс мезгілі.

Күтілетін нәтиже:
1. С-Ш дыбыстарын сөздерде ажыратады.
2. Ұсақ қол моторикасы, тыныс алу, артикуляциялық жаттығуларды жасай алады.
3. Фонематикалық естуі артады.
4. Байланыстырып сөйлей алады.

Көрнекілігі: Айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, қоржын, с-ш дыбыстары бар суреттер. Қыс суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушымен амандасу
2. Назарын сабаққа аудару

Балалар біз бүгінгі сабақта с – ш дыбыстарын дұрыс айтып үйренеміз. Жаттығулар жасап, ойындар ойнаймыз.

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар

Кесе, тіс тазалау, ат шауып келеді, алтыбақан, сағат, түтікше.
С-Ш дыбыстарының артикуляциясын анықтау.

— Қане, ш дыбысын айтайық (ш-ш)

— Тіліміз қандай қалыпта болады? (жоғарғы)

— Тісіміз ше? (тісіміздің арасында кішкене саңылау болады)

— Ерніміз ше? (күлген тәрізді сәл керіледі)

— Ал енді с дыбысын айтайық (с-с)

— Тіліміз қандай қалыпта болады? (тӛмен)

— Тісіміз ше? (тісіміздің арасында кішкене алшақ болады)

— Ал, ауа ағымы (суық)

Сонымен ш дыбысын айтқан кезде тіл ұшы жоғары қызыл иекке тисе, с дыбысын айтқанда төменгі қызыл иекке тиеді екен.

ІІІ. С-Ш дыбыстарының айтуын бекіту.
а) Қазір біз с, ш дыбыстарын сөздерде дұрыс айтып үйренеміз. Мен сөздер оқимын сендер мені қайталайсындар.

Ұста-ұшта      Сал-шал      Сабақ-шабақ       Асу-ашу
Сана-шана     Өсу-өшу      Істі-ішті              Сақ-шақ
Аласа-алаша  Қас-қаш      Сала-шала         Асық-ашық

ә) Сөзжұмбақ шешу (әңгімелеу)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)

Байлаулы екi аяғым,
Қолымда екi таяғым.
Зырлаймын қардың үстiмен
Озамын атты кiсiден. (Шаңғышы)

Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз)

Қыста да, жазда да көктейдi,
Ал онсыз жаңа жыл өтпейдi.
Бұл не? (Шырша)

Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды. (Шана)

Қанаты жоқ,ұшады,
Аяғы жоқ, жүредi,
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

б) Мен көрсеткен суреттерді ата.

в) Енді, біз «Дұрыс жалға» ойынын ойнаймыз. Суреттерді атап, қыздың оң қолына атауына с дыбысы бар, ал сол қолына атауында ш дыбысы бар суреттерді жалғап сыз:шырша, шапан, сандық, саңырауқұлақ, сандық, сиыр, шар.

ІV. Фонематикалық есту қабілетін дамыту
Қазір біз «Кім мұқият» ойынын ойнаймыз. Мен бірнеше сөздер айтамын, сендер ш дыбысы бар, сөзде естігенде оң қолымызды, с дыбысы бар сөздерді естігенде сол қолымызды көтереміз.

Шана, сабын, су, шаңғы, шырша, сандық, шағала, сиыр, сауысқан, шапан, сандық.

V. Сергіту сәті
VІ. С-Ш дыбыстарына дыбыстық талдау жасау

а) «Адасқан әріптер» ойыны
б) дыбыстық талдау жасау

Ендеше балалар шана, суық сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз.

Шана – 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Ш- дауыссыз, қатаң.
а – дауысты, жуан.
н– дауыссыз, үнді.
а – дауысты, жуан.

Шана сөзінде 2 дауысты, 2 дауыссыз, барлығы 4 дыбыс бар.
Суық — 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс бар.
с- дауыссыз, қатаң.
у- дауысты, үнді.
ы- дауысты, жуан.
қ- дауыссыз, қатаң.

VII. Бекіту
а) берілген суреттер арасынан қыс мезгіліне байланысты суреттерді теріп, бауға өткіземіз.
ә) «с» дыбысынан басталатын ойыншықтарды «с» себетіне, ал «ш» дыбысынан басталған ойыншықтарды «ш» себетіне орналастыру қажет.

VІII. Үйге тапсырма Қыс қызығы тақырыбында сурет салып келу.

Бағалау
Қорытынды:

Бүгін біз қай дыбыстарды дұрыс айтып үйрендік?
Үйге берілген тапсырма түсінікті ме?

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ