Сөзмерген (сыныптан тыс шара)

0
1492
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру , ана тіліміздің қадір – қасиетін біліп , сөз құдіретін түсіне білуге баулу; ойлау қабілетін , тіл байлығын дамыту; тіл мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.

Түрі : жарыс-сайыс

Әдісі : сұрақ-жауап , топпен жұмыс

Көрнекілігі : суреттер, плакат, сөздер жазылған қағаздар, слайд

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар , оқушылар ! Бүгін біздің мектебімізде 2-сынып оқушылары  арасында «СӨЗМЕРГЕН» атты сайыс өткелі отыр.
( Жүргізуші қазылар алқасымен таныстырады )

«СӨЗМЕРГЕН» атты сайысымыз 4 кезеңнен тұрады .

І кезең : ― Ойлан, тап
ІІ кезең : ―Өз таңдауыңды жаса
ІІІ кезең : ―Ұшқыр ой, жылдам жауап
ІV кезең : ―Кім шапшаң ?

Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып екі топ та шықты міне,
Қонақтар қошеметпен қол соғады.

«Сұңқарлар» тобы
«Қырандар» тобы

І кезең : «Ойлан, тап!» (сұрақ -жауап)

Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров )
Тұңғыш мектеп ашқан ұстаз (Ыбырай Алтынсарин )
Ұлы ақын (Абай Құнанбайұлы )
Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

ІІ кезең : «Өз таңдауыңды жаса».

Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар ? (42)
Бие сүтінен жасалатын сусын ( қымыз )
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді ? ( 3)
Сөйлем неден құралады ? (сөйлем сөздерден құралады )

ІІІ кезең : «Ұшқыр ой, жылдам жауап»

Кітап – білім бұлағы
(Білім – өмір шырағы)

Оқысаң, озарсың ,
(Оқымасаң, тозарсың )

Жалқаудың жаны тәтті
(Еңбектің наны тәтті )

Оқусыз – білім жоқ,
(Білімсіз – күнің жоқ)

Еңбек етсең ерінбей,
(Тояды қарын тіленбей )

Күлме досыңа,
(Келер басыңа )

ІV кезең : «Кім шапшаң ?» (өлеңді жалғастыр)

Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз
Анамыздан тарайды,
Біздің ана тіліміз

Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін

Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз .
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.

Ауыл жақсы біледі
Біздің ағай дәрігер
Сөмкесінде жүреді
Неше түрлі дәрілер.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Білім – толқын , жатқандай асып — тасып,
Біреу – мығым , біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып!
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі .

Сайысты қорытындылау. (Марапаттау, сыйлықтар тапсыру).

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Мен және менің отбасым (Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш)
  2. Тіл сырына саяхат. Артық болмас, білгенің…
  3. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  4. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  5. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  6. Тіл өнері мен сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер
  7. «Парасатты ару мен ержүрек азамат» сайысы (5-7 сынып оқушыларына арналған)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ