Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз

0
1668
Иллюстрация: Freepik.com

Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дәріптеу негізінде жырға қосқан.

Өлеңге жыр ете отырып табиғи сұлулықты жарастыра білген. Ол кезде көптеген ақындар теңеу образы ретінде аркды-аққу, лашын, бұлбұл құсқа теңеген. Олардың өзіндік ерекшіліктері бар.

Теңеу образындағы құс атаулары адам бойындағы ерекшеліктерді таныта білді. Қазақ елінде ежелден сал-серілер өлеңдерінде қазақ қызының инабаттылығын ерекше бейнелеген. Оның әр жүрісінен тәрбиелігін аңғарған. Сондай-ақ ежелден қазақ қызын тыйым салып өсірген.

Мұның барлық қыздың өз орны бар екендігін айқын көрсетеді. Оларға: ақша маңдай, перизат, аймақ ауыз, сүмбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай, алқызыл гүл деген тәрізді көптеген эпитеттер жазған. Ақындардың осындай өлеңдері әсерлі әдемілікті осылайша айқындайды.

Ақындар шығармаларында әйел затын ерекше бейнелейді. Мұнда бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының мұңы мен мүддесін негізге ала отырып жырлайды. Ақындарымыз қазақ қыздарын өз заманынан-ақ жоғары бағалаған.

Жаяу Мұса өзінің «Әйелдер сипаты» өлеңдерінде әйелдердің қаіретін, қайғы-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға,бағалауға үндейді.

Кім мінер ел көшкенде тауып атын,

Адам көп танитұғын адам затын.

Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,

Гүл жүзді, сырлы қөзді жақсы қатын

Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,

Оларға айту керек орынды сөз

Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң…

Шығып кете жаздайды бойыңнан жан-деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді.

Сал-серілердің бір айырмашылығы, олар ақын да, әнші де болған. Сол әндерін де, өлеңдерін де қазақтың қыздарына арнағанын көремін. Өйткені қазақ қыздары осы өмірдің пәк, таза гүлі. Оны біз:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары,жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі…» деген сөзді.

Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?-деген өлең жолдарынан түсінеміз.

Ұқсас материал: 

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
  2. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  7. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
  8. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  9. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ