«Ұстаз — Ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған сценарий

0
1505
Иллюстрация: Freepik.com

Зал қараңғы,сахна шарлармен безендірілген.
Видео ролик жүреді.
Бишілер пуантемен билейді,сосын жартылай шеңберге тұрады.

Алмат: Сәлеметсіздер ме!

Нәби: (есіктен сығалап) Ойбай,бетім ай бетім,не мынау? Осылайда адам амандасады ма? Не иынау? Е,бүгін ұстаздар күні ғой.Қара үйрен ,үйрен де жирен. Ассалаумағалейкүм.

Асқар: (көрермендер залынан) Ей,осылайда амандасады ма?

(артқа сальто жасап) Ассалаумағалейкүм.

Дарын: Ой,мынау не? Осылайда сәлемдеседі ме екен? Тұр былай,былай амандасады: ахлан уа сахлан, мархаба, хола, джо на пуд, чау, алоха, гейа соу, шалум, селамат, хэлло, здраствуйте,ассалаумағалейкүм!

Нәби: Ойбай-ойбай, мынаған қарағанда менікі күшті ғой.

Алмат: Ей,менікі дұрыс еді ғой.

Дарын: Қойыңдаршы жігіттер! Әр ұлттың тілінде амандасу әрбір азаматтың қолынан келмейді ғой.

Асқар: Ей,тоқтатыңдаршы жігіттер. Біз өзіміздің қыздарымызсыз еш нәрсе істей алмайды екенбіз. Оданда біздің қызғалдақ қыздарымызды ортаға шақырайық.

Музыка әуенімен қыздар шығады.

 Сымбат: Абай колледж өткізетін той болсын,

Барлығында ақылды бір ой болсын.

Актерлардың ұлдары мен қыздары,

Құттықтайтын керемет бір той болсын.

Дариға: Мерекеңіз құтты болсын ұстаздар,

Ұстазданда асып өтер  ұстаз бар,

Бәрін де Абай колледж ұстазы,

Ақылдылық даналықпен ұштасар.

Замира: Ұстаз деген дана халық ұлы ғой,

Ұлық емес ұлы іс ол біліп қой.

Үгіттейтін жақсылықты үйретіп,

Құттықтаймыз біз сіздерді той қылып.

Сымбат:Қ ыздар  естідіңдер ме,сол бантиктерді тағып жүруші едік қой.

Замира :Әрине есімізде,сол бантиктерді тағып алып мәз-мейрам болып жүруші едік.

Асқар: Ия қыздар, шынымен, сол ақ бантиктерің өздеріңе керемет жарасушы еді.

Дариға: Онда сол кішкентай кезімізге саяхат жасап, шашымызға ақ бантик тағайық.

Нәби: (ән) Ақ бантик. Дамир-Ақерке,Мадияр-Әсем.

Нәби: Колледжіміздің директоры Биназаров Айдархан Дүкенбайұлына құттықтау сөзін береміз.

Мадина: (ән)Мерекем.

Мақал-мәтел(скетч).Асқар мен Жәнібек.

Сағыныш: образ.

Жәнібек: Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке қандай биік алыпсыздар?

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Асқар:Құрметті ұстаздар,сіздерді алдарыңызда күміс-көмей, жез таңдай әнші қыздарыңыз Саматқызы Самалдың сазды әуенін тыңдай отыра құлақ құрышын қандыра отырыңыздар.

Самал: (ән)Ұстазым.

Бишілер: Еврей биі.

Сағыныш: образ.

Шеше мен бала:Замира,Ерасыл.

Поэзия(арнау):Дарын,Жәнібек,Әсем,Назым.

Әмірбек:(ән)Қазақ елі.

Сағыныш:образ.

Бишілер:Тұмар ханшайым.

Ұстаздар  өлең:Асқар,Замира,Алмат,Сымбат.

Асқар:Ұстаз деген-жарық күні ғалымның,

Ұстаз деген -анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сенде одан адам болып жаралдың.

Замира:Ұстаздарды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Олда бірге қуышқа кенелген.

Алмат:Сол арқылы сенде өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой,ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңн орындалған арманың.

Сымбат:Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген  кім бар жанды ұғып.

Қасиетті бас иелік мәңгілік!

Соңы!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
  2. Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
  3. «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
  4. Ұстаздар күнінің шығу тарихы
  5. Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
  6. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  7. Сүйікті ұстаз (Шығарма)
  8. ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
  9. Ұлы ұстаз өнегесі
  10. Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…
  11. Ұстаздар күніне құттықтау сөз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ