Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған поэзиялық кештің сценарийі

0
1765

Сахна декорациясы : Сахна түгелімен ақ матамен жабылып тұрады, күз мезгілі, тастар , сулармен, ақ кайыңдармен және жапырақтармен безендіріледі.

№1 бөлім

1.Дариға

2.Көркем

3.Асқар

4.Нәби

5.Сағыныш

6.Алмад

(Мұқағали кіреді, табиғатты тамашалап жүреде, сөзсіз этюд)

 

Балалар:(бәрі билеп келеді, Симми-симми деген әнге, Мұқағалиды көріп қалып:)

Балалар: Ұят болды-ау, ұят болды-ау ағадан (бірге)

Мұқағали: Сенде кеттің ,менде кеттім,ол да кетті ауылдан ,

Осынымыз ұят болды-ау қауымнан,

Момын жұрттың  арқа сүйер азаматы біз едік,

Тұлпарлардан тұғырлардан қалған бір -бір із едік,

Жеке -жеке бақыт іздеп,

Жеке өмір түзедік,

Жетер енді,

Туған жердің топырағына тізе бүк!

Дариға: Сұрашы ,сұрашы ,кім екен бұл кісі?

Асқар: Аға,аға сәлеметсіз бе,сіз кім боласыз?

Мұқағали: Мен қазак,қазақпын деп мақтанамын ,

Ұранға «Алаш»  деген атты аламын

Болғанда әкем қазақ,шешем қазақ

Мен неге қазақтықтан  сақтанамын?

Ей,мынау кең дүние ,

Маған да бір қарашы,

Танымасаң танып қой,

Мен қазақтың баласы!

Мен Мұқағали Мақатаевпын!

Балалар :Аға ,рас па ?

 Жігіттер: Ассалаумағалейкум!

Қыздыр: Сәлеметсіз бе?

Асқар: Біз барлығымыз бір сыныпта оқимыз, менің есімім Асқар, қасымдағы Дариға есімді кыз,мынау Нәби, одан кейін тұрған Сағыныш пен Көркем қызғалдақтарымыз, ал мына жігіт сыныбымыздағы сабақты ең жақсы окитын Алмад. Аға біз сіздің өлеңдеріңізді жатқа білеміз,оқып берейікші?

Мұқағали: Жарайды (Осы кезде Нәби Мұқағалиға томар әкеліп , отырғызыды)

Асқар :      Таулар,сулар

Көркем:     Қамыстар,шилер,бейіттер,

Қажыған күйлер кейіптер,

Алмад:       Борандар ,бұлттар,жауындар!

Нәби:         Тоналған жұрттар,ауылдар,

Қураған ,оңған  далалар,

Суаттар ,нулы жағалар,

Шуақтар ,шулы балалар,

Дариға:     Жаздар,қыстар ,көктемдер,

Қаздар,құстар өпкен жер,

Сағыныш: Жылғалар,көлдер,бұлақтар,

Тырналар,дөңдер,лақтар,

Алмад:            Асқарлар,қырлар,биіктер,

Арқарлар,құрлар,киіктер,

Нәби:         Қырандар,түндер,перілер,

Дариға:     Жыландар,құздар,түлкілер,

Ұландар,қыздар,күлкілер,

Асқар:       Қайғылар ,мұңдар,бақыттар,

Айтылар,сырлар уақыттар!

Нәби:         «Дала данышпаны»

Дала жатыр өн бойы тұнған өлең,

Абай, міне, жапанда тұрған емен.

Ата сөзі тербеткен бесігімді,

Ата сөзін өмірде тыңдап өлем.

…                Ұлы емес Абай жалғыз сахараның,

Мен емес, солай деген аталарым.

Сол ұранды ұрпаққа апарамын,

Мен қазақ — Абай болып атанамын.

Уһ, дала!

Дала толған көл-көсір жыр,

Дала — қобыз, тұтпайды пернесін кір.

Тірі Абайды әлдиле, дархан далам,

Өлең селі өңіріңді тербесін бір.

Дала, дала…

Сал дала селеулеген,

Жырмен ұйықтап, оянған өлеңменен.

Дала деген — күй сандық бұл қазаққа,

Абай десе, құлағы елеңдеген.

Жылдар, жылдар…

Қаншама алыстадың,

Қаншама өзен өзгертті ағыстарын.

Уақыт озды, сен бірақ қалыспадың,

Уа, армаысың, арысым, данышпаным!

Дариға: «Елім»

Елім!

Саған ғашықпын.

Ғашықпын саған:

Құмарымды қандырмап едім.

Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,

Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.

Мен іздеп жүрген жер көкте,

Арманым менің, ақылым менің.

Елім — уілдеп жатқан жөргекте —

Сәбиім менің, батырым менің.

Өмірдің қосын доғарып,

Бітсе екен сенің туында демім.

Жүз рет өшіп, жоғалып,

Қайыра тағы оңалып,

Табылған елім!

Бауырмал елім!

Мұқағали :                  «Жанарсыз адам келеді»

Сағыныш:          «Ауыл түні бозғылт…»

Асқар:                 «Қарлығашым келдің бе?»

Мұқағали:          Бәрекелді!!!Жарайсыңдар!

Нәби:                  Жүріңіз аға , ауыл ішіне кірейік!? Жолдан шаршаған боларсыз?

Мұқағали:          Жарайды,жүріңдер (сахнадан балалармен бірге шығып кетеді)

                                           №2 Бөлім

Әсем мен Дарынның сахнасы      (этюд ғашықтар)

Махаббат диалогы

Әсем:         Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

Дарын:      Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

Әсем:         Отқа түсіп ,өртенсем не етер едің?

Дарын:      Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Әсем:         Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Әсем:         Қайғы әкелсем басыңа ,не етер едің?

Дарын:      Қойшы сәулем, бәрінде көтеремін…(дәл осы кезде сахнаға Замира, Самал, Ақерке, Сымбат шығады, Дарын мен Әсемді көріп күліп жібереді)

Дариға:     Сәлем қыздар! Мұнда жүр екенсіңдер ғой, Мұқағали ағаның келгенін естідіңдер ме?! Мен қазір…қазәр шақырамын оларды

Сымбат: болсаңшы енді ,тағатымызжы тауыспай

(Барлығы сахнаға шығады)

Асқар: Мұқағали аға мына қыз -жігіттер де біздің сыныбымыздың оқушылары,таныстырып отейін :мына аппақ қыздың есімі-Ақерке,сосын Самал-ақылына көркі сай,келесі тұрған Сымбат-өзі поэзия десе жанын береді,ал мына тұрған томпағымыздың есімі-Замира ,сыныбымыздың старостасы,бұл екеуі енді біздің қос ғашығымыз-Дарын мен Әсем, енді екеуі махаббат туралы олен оқып берсін.

Балалар: Иә,иә оқысын

Дарын: Ғашықпын

Әсем: Мен сені сағынғанда

Сымбат: Ойлайыншы не берді  жастық маған,

Замира:     Жастық маған от берді,жалындат деп,

Жастық маған оқ берді    жауыңды ат деп.

Ақерке:      Жастық мені шыңдады,шынықтырды,

Жастық маған өмірді шын ұқтырды.

Самал:      Ризамын жастыққа текке өтпеді,

Әзір тұр гүл бағыңды көктенкелі

Дарын:      Жастық маған ақыл-ой сана берді,

Амал не жастық өзі қалады енді…

Самал:      Махаббатым өзімде

Елдос:        Махаббат

Сымбат:   Қысқы түн, аяз…

Ақерке:      Махаббат па?

Замира және Дарын: Сезім

МұқағалиЖарайсыңдар! Рахмет құлындарым, рахмет!

Замира: Айтқандай аға біз сізден автограф алмаппыз ғой, міне маған автограф беріңізші? (Самал мен Замираға бірінші автогаф береді,сосын қалғандарына автографты оқи жүре береді)

Мұқағали:Автограф

Балалар:Аға біз кеттік сабаққа, мейлі жақсы, кетіп қалмаңыз, біз қайтіп келеміз

(Қоңырау соғылады,барлығы кетіп қалады)

Мұқағали:Құста болғым келмейді,қанатым бар

Қанатым бар күмістен жаратылған,

Сәби болғым еледі,сәби болғым

Мына өмірден хабарсыз жаңа туған…(Осы ән кетеді)

                                    №3 Бөлім

Мұқағали:Сырласу

Анасы(Көркем):Балам….

Мұқағали:Анашым….Анашым..Бүгін бүгін мұғалима бізге Бақыт туралы шығарма жаз деді,ал мен не жазарымды білмедім,ана…

Анасы:Балам…Бақыт деген-сенің бала күндерің,

Бақытсыз -ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да ,басқасын да білмеуің,

Бақытсыз -ақ ойнағаның ,күлгенің

Бақыт жайлы осы менің білгенім.

Мұқағали: Анашым

Анашым -асыл анам,есіл анам

Елжіреп есіркеймін ,есіме аламын

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам болып жүрмін несіне адам.

Анашым жаратылдың бағыма шын,

Білемін көңілсізсің сағынасың,

Қайда жүрсем қамқоршым Отаным бар,

Қапа болма мен үшін не қыласын.

Әкесі:Құлыным…

Мұқағали:әкешім…

Әкесі:Ұлыма

Жүре-жүре мен өмірге қанықтым,

Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым,

Қызбатаптық күндерімді ұзатып,

Енді, міне, әек боп та қалыппын.

Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,

Әке жүрген соқпақтардан қаш балам!

Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,

Өмір жолын әкең былай бастаған.

Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,

Ал анамның ақылына көнбедім.

Тіпті, кеше оқушылық кезде де

Тізгінімді ешбір жанға бермедім.

Өмірімде бір иілген емеспін,

Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.

Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»,

Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.

Қызы: Әкешім, әкетайым, әкешім….

Әке, әке қымбат әрине,

Сол қамқоршы семьяға әр үйге.

Көңілімде ән көгімде күн көруші ем,

Барғанда маған ылғи гүл беруші ең,

Отан үшін, семья, үшін мен үшін,

Аямады ол не өмірін, не күшін.

Қызы: Әке, әкетайымммм…..

Мұқағали:(қызым, қызым)

Фариза: Мұқан, сәлеметсің? Қал жағдайың қалай?

Білесіңбе сен едің ғой ғашығым бағыма қонған,

Білер бізді түсінер басы бар жан!

Мұқағали: Фариза,

Фариза жан Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз

Шыдай — шыдай ақыры жалығармыз,

Бәрімізден бәріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

(Фариза әні ойналады, сөзсіз этюд)

Артынан тағдыр жайлап келеді (ЗАМИРА)

Мұқағали: Хабар жоқ саған кеткен елшілерден,

ЕЙ, тағдыр сөйлесейік келші бермен.

Қаншама соқпақтарға бастасаңда,

Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен

Тағдыр: Білесіңбе?

Мен саған бағынбаймын,

Барма тағы беретін зарың, қайғың?!

Көлденеңдеп долыңда тау боп тұрсын,

Мен мұнарқан басыңда сағымдаймын.

Сондықтан да жіберн деп жалынбаймын.

Мұқағали: Неге жаның ашымай тірі адамға,

Неге сала бересің бұралаңға

Өз тағдырым өзіме ана емеспе ең,

Жұбатпайсың неге сен жылағанда.

Тағдыр: Жақсылықтың қимайсың қалдығында

Қарғысыңба қалдырған жарлығыңба?

Мен дегенде жыландай жиырылып,

Керісінше істейсің барлығында…

(Осы кезде барлық елестер шығады)

Тағдыр(Замира):Болады деп арманда

Ал, енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба

Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,

Жалғанға!

Анасы(Көркем):Мына өмірде, жүргеніңде,

Бойыңда ыстық қан бар да

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда.

Әкесі(Асқар):Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам таңданба

Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,

Алданба!

Фариза(Әсем):Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға

Мәзіріңе, әзіріңе әклекі боп,

Алданба!

Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға

Үмітпенен қарағайсың, жүркгіңде жан барда.

Қызы(Назым): Өтер кетер, өтер кетер,

Дейміз ғой бір мұңайып.

Дейміз-дағы, жамаймызкеп, бір айыпқа

Бір айып,

Отандастар, ойлайықшы ойымызға лайық,

Құласақта , тек биіктен,

Құзға барып құлайық.

(Әкесі кетеді, жарық өшеді, сахнаға қызы келеді, диолог)

(Фаризамен сахна)

(Мұқағали жалғыз)

Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,

Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.

Қыранның құдіретін қимасаңдар,

Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.

Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,

Қашан атып алғанша құламаймын.

Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,

Жанарымда жайнаған тұнады айдын.

Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,

Сыңсыған ну орманмен сырласамын.

Қарауылға ілексем, ілігейін,

Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.

Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,

Өткен өшті.

Енді оған қайрылмаймын.

Қыран да, құралай да болмақ емен,

Атымнан адам қойған айрылмаймын.

Арпалысып жүргенде өмірменен,

Қай-қайдаға әкетпес көңіл деген.

Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.

Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!

Жыламаймын, сондықтан көңілденем.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ