Шорман бидің өмірі туралы

0
1342
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Кезінде Шоқан Уәлиханов Шорман би туралы «Ақыл-айласымен атағы шыққан Шорман «шешен» деген құрметті атқа ие болған. Шешендігі арқасында 14 жаста бас би болып, үлкен даулы мәселеде, Уәлиханның алдында, өз елінің адамдарын асқан беделмен қорғап қалады», -деп жазған болатын.

Шоң он бес жасар Шорманды Қаржасқа төбе би қып сайлаған. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да кезінде: «Шоң, Шорман едік, Бір-бірімізге қорган едік…» — деп жырлауы да осындай себептерге байланысты сияқты.

Белгілі мүсінші Шота Уәлиханов Шоң би туралы өзінің «Шорман әулеті» атты мақаласында: «…Қазақ даласына даңқы кең жайылған қаржас Шорман би он төрт жасынан билік айтқан. Екі елдің, рудың, атаның арасындағы дау-жанжалға әділ төрелік айтып бір-екі ауыз сөзбен қарсыластарды бітістірген күндері болған дейді…».

Шорман туралы ел арасында аңыз көп. Соның бірі: «Қаржас елі керей елінен барымталап жылқы алыпты. Соған орай Тоқсан би көп адам ертіп Қаржасқа барады. Билік басталады. Қаржас жағынан шыққан Шорман би:

— Тоқсан, Тоқсан дегенде әлде қандай болмай, бері кел, көріселік. Тоқсан, Тоқсан деп қанша көтермелегенімен елің керей ғой, нәсілің кедей ғой, өзің де қулықтың қүлынындай, томаша торғайдай, кішкене ғана кісі екенсің, атағың қалай алысқа жайылып жүр? — деп сұрайды.

Сонда Тоқсан кідірместен:

— Е, ел болсам керей шығармын, .
Керейдің биі шығармын,
Кішкентай болсам бүйі шыгармын.
Қулықтың құлыны болсам,
Жылқының дүлділі шығармын.

Томаша торгай тоғыз табады,
Біреуі бұлбұл болады деген
Ішіндегі бұлбұлы шығармын… — дегенде Шорман қарсы сөз айтпапты.

Біреуді тыңдай білу, тапқырлыққа табыну, жүйелі сөзге тоқтау үшін де ақыл керек-ау», — деп толғанады.

Қ.Исабаев Шоң мен Шорман билердің өмірінен алып, «Серт» атты трилогия жазған. Осы тарихи шығармада Шоңмен қатар Шорман биге де жазушы тарапынан жоғары баға беріледі.

Мәселен, бидің бір тапқырлығы туралы автор: «Шорман ауылында болмай шықты. Ащының бас жағындағы пішеншілерге кеткен дегеннен кейін, Тұрар атына қайта қонған. Табылды-ау! Жанында Байтемір би бар екен. Мәнжайды түсініп алғаннан кейін үшеуі соңдарына ерген жігіттермен сол жерден Нұраға тура тартты. Тұрсын жайлауында екен.

— Жүр, Қарқаралыға! — дейді Шорман оған.

— Ей, Қарқаралының аға сұлтаны сен бе, мен бе? Барғым келсе барамын, барғым келмесе қаламын. Сен бе едің, мені жетектеп апаратын?

— Жандаралдан хат алдық. Сен орыс кіресін тонаған Төртұлы адамдарын ұстап отыр екенсің. Шын болса, өзің жүріп қолыма тапсырасың. Ал, егер барудан бас тартсаң, онда жандаралға жазғандарыңның бәрі өтірік.

— Рас, — дейді Тұрсын. — Адамдарың қамауда отыр.

— Жүр! Тапсыр қолыма!

Тұрсынның дәл бүгін Қарқаралыда шаруасы бар ма еді, жоқ па еді, онда Шорманның шаруасы болмады. Тұр да, түр! Жүр де жүрдің астына алып, атқа мінгізді де, нөкерлерімен бірге шу десті.

Қарқаралы үйлерінің ең ұзынын «қазына адамдарының жайы» дейді екен. Бұл әскери казактар жататын үй. Соның астындағы жерден қазылған қуысында жаңағы төрт адам отыр екен.

Аға сұлтанның айтуымен «төрт ұры» сыртқа шығарылды. Үсті-бастарында сау-тамтық жоқ. Бет-ауыздары көкала қойдай. Қаракесек жігіттері мен орыстардан жәбір көргендері сонша, біреуі Шорманның алдына құлап түседі.

— Кешір, би ием. Бәрі жоқтықтың, бәрі жетімсіздіктің …

— Әне! — деді Тұрсын. — Не көрсек те Төртұлыдан көретін болдық!

Сол жерде Шорман төрт қап сұрайды.

— Немене, қапқа салып әкетемісің? Мен бұл адамдарды саған бермеймін. Өзім Омбыға апарып тапсырамын, — деуінен Тұрсынның бұл адамдардан айырылғысы келмегені байқалады. Бірақ Шорман «бірер күннен кейін қолыңа әкеп тапсырамын», — дегеннен кейін, бидің бұлармен не істерін біле қоймаса да босатады. Шорман сол жерде бәрінің де басына қап кигізіп, атқа қондырады да, өз адамдарына жетектеткізіп жолға шығады.

Жаз айында түндік бойы азғантай ел. Орыс кіресі шынымен тоналған болса, ол жолға жақын осы Түндік бойы ауылдарының жігіттерінен келеді. Шорманды өзен бойында отырған ауылдардың бірінен соң біріне жетектеген де осы ойы еді.

Ауылға жетеді, қотанға жүртты жинайды, үрылар басынан қапты алады. Бірақ «таныдық» деген адам шыға  қоймайды. Шорман тобы әрі жылжиды. Міне, сәт. Кезекті ауылдың қотанында ұрылар басынан қаптың алынуы сол еді, кенеттен шаршы
топ арасынан баланың «әкелеген» даусы саңқ етсін.

Иә, ұрының бірі ана баланың әкесі болып шығады. Шорман аттан түсіп, ауыл арнайы
үй тігіп, ана төртеуі сол жерде тергеуге алынады. Біреуі осы ауылдікі екені анықталғаннан кейін, басқалары жалғандыққа баруға амалы болмайды.

Ұрылар төңіректегі ауылдардан екен. Шорман Қарқаралы дуанының қазиы Ортабай баласы Олжабайды ертіп алған. Оқиғаға куәгер сол. Ол үнсіз жер шүқылап тыңдайды да отырады.

Сөйтсе, Шоң мен Шорманға өшігіп алған Түрсын «Жандаралға» жазған хатының артын шындыққа айналдыру үшін Түндік бойынан төрт адам алдырып, ақы беріп, «Күлік руынан деп айтатын боласыңдар» деп жауып қойған екен. Алайда бүлардың ақ-қарасын анықтауға арнайы адам келеді, ол адам Шорман болады.

Шорман келсе де осыншама шүқшия із кесе қояды деп ойламаған, «Кім келсе де көреді де, сеніп жүре береді» — деп ойлаған Тұрсын опық жеп қала береді.

Шорман Шоң үйін тез тапты. Төртұлы билерінің көбі осында екен. Төрден орын алған Шорман ұрылар жәйін айтып, Шоңның өзі мен басқа отырғандарды көңілдендіріп тастады», — деп нақты істің өткір шешімін көрсеткен.

Дереккөз: Бір туар дара тұлғалар, Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Бапхкеева

Басқа материалдар:

  1. Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы
  2. Ел мен жердің намысын қорғап қалған батырлар (Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр)
  3.  Қара қылды қақ жарған (Айдабол, Едіге би)
  4. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  5. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  6. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  7. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  8. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  9. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  10. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  11. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  12. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ