Сыйлық бокстарын әзірлеудің қандай артықшылығы бар?

0
842
Иллюстрация: Freepik.com

Кейде туған-туысқандар мен жақындарымызға сыйлықтарды таңдау моральдік сарқылуға дейін жеткізе алады.

Ерекше сыйлық арқылы жүрекке жақын жандарымызға шынайы қуаныш сыйлағымыз
келеді. Бірақ, дұрыс сыйды таңдау әрқашан қиынға соғады. Қазіргі уақытта кеңінен тараған сыйлық  бокстары осындай жағдайлардың таптырмас шешімі
болып табылды.

Бизнес ретінде сыйлық бокстар өте тиімді болып саналады:

• арнайы ғимаратты талап етпейді;

• арнайы жұмыс кестесімен емес, өзіңіз қалаған уақытта айналыса аласыз;

• жұмыс күшін қажет етпейді;

• интернет арқылы тапсырыстар қабылдай аласыз;

• қосымша табыс тапқысы келетіндер үшін өте ыңғайлы.

Сәйкесінше тиімсіз жақтары:

• жарнамаға көп уақыт кетеді;

• алғашқы табысыңызды алу, бірнеше айларға созылуы мүмкін;

• жоғары бәсекелестік.

• сыйлықты жеткізуші курьер жалдауға тура келеді.

Сыйлық бокстары инстаграм арқылы жасауға болатын, үйде отырған келіншектер үшін таптырмас бизнес болғанымен, бұл істі бастаушы адамның бойында мынадай қасиеттер болған жөн:

1. жұмысқа деген ептілік;

2. креативтілік;

3. сыйлықтарды құрастыруда үлкен фантазия болған жөн.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  11. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ