Тәнді тұздан тазалаудың 4 тәсілі

0
510
Иллюстрация: Freepik.com

Бал мен мейіз

1 кило сүйексіз мейіз бен биылғы балғын балды 20 күн бойы үздіксіз, бірақ кезегімен жеп тұру керек. Алайда бұл тәсілді жылына бір мәртеден артық қолдануға болмайды. (Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жақпайды). Бұл тәсіл ағзадағы су – тұз тепе-теңдігін қалпына келтіреді, буындарда тұз жиналуының алдын алады.

Лавр жапырағы

Ыдысқа салынған 4-5 орташа жапырақтың үстіне 1,5 стакан қайнаған су құяды да, 3 минут қайнатып, сосын термосқа құйып қояды. Таңертең сүзіп алады. Күніне 3-4 мәрте, тамақ ішер алдында 2 шай қасықтан ішіп тұру керек.

Емделу курсы – 3 күн. Ол ағзадан артық тұзды қуады. Оны кіші дәретке шығуды ңжиілеуі мен зәрдің түсі қызғылт тартуынан аңғаруға болады. Жайсыз жағдай тудырмаса, емді бір апта үзілістен кейін қайталайды. Одан кейін жарты жылдан ерте емес кезеңде қайталауға болады.

Емді қолданған кезеңде майлы, ащы, қуырылған тағамды азайту, алкогольден бас тарту керек. Көкөніс, сүт өнімдерін тұтынған пайдалы.
Есте сақтар жайт, мұндай тұнбаны жүкті, бала емізетін әйелдер, қант диабетімен ауыратындар, асқазан және ішек жарасы бар, іші жиі қататын адамдар қабылдауына болмайды.

Итбүлдірген

Бұл өсімдіктің жемістері қабынуға қарсы, зәр айдайтын қасиеттерге ие. Сондықтан ол ағзадағы тұзды қууға да қолданылады. Одан шай демдеп ішу керек.
Ыдысқа 10 грамын салып, үстінен 100 миллилитр қайнаған су құяды. 2 сағат тұндыру қажет. Сосын одан күн сайын таңғы ас алдында және ұйқыға жатарда 2-3 ас қасықтан ішіп тұру керек. Ем кірсы – 2 ай.

Оның піскен жемістерін 1 литрлік шыны немесе фарфор ыдысқа үштен бір деңгейіндей етіп салады да, үстінен қайнатылған салқын су құяды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бір апта тұндырып алып, қажет кезінде, ешқандай шектеусіз ішіп тұруға болады. Тек асқазан қышқылы көп адамдар абайлауы керек, жайсыздықтар туындатуы мүмкін. Өйткені онда органикалық қышқылдар көп.

Күріш

Түнге қарай 1 литр суға 3 ас қасық күріш салып қою керек.Таңертең сүзіп алып, үстіне таза су құйып, 5 минут қайнатады. Осылай тағы екі мәрте қайнатып алу керек. 4 мәрте қайнаудан өткен осы күрішті таңертең жыл күйінде жеп алу керек.

Сосын 3 сағат бойы ештеңе ішпеген дұрыс. 10 күннің ішінде жағдай жақсарады.
Міне, ағзаны тұздан тазартудың осындай тәсілдері бар. Оларды медициналық еммен қабат жүргізуге де болады. Дегенмен дәрігер кеңесін алып, оның қадағалауында болу жағын ұмытпаған абзал.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ