Тәрбиелі бала өсіру үшін ТОП-7 кітап

0
4187
Иллюстрация: Freepik.com

1. Пайғамбарлардың бала тәрбиелеудегі әдістері

Барлық пайғамбар — адамзатқа ұстаз. Ұстаз болғандықтан тек үлкен азаматтарды ғана тәрбиелеуді үйретпеді. Сонымен қатар біз балаларымызға қандай қатынас жасауымыз керектігін үйретті. Адам пайғамбар Мұхаммед пайғамбарға (Алла Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын) дейін әрқайсысы ерекше өнеге көрсетіп қалдырды. Осы кітаптан әр пайғамбардың өмірінен бала тәрбиелеуге қатысты мағлұмат аласыз.

2. Ақылды бала

Сигел Д. Дж., Брайсон Т. П.: Ақылды бала. Баланың ақыл-ойын жан-жақты дамытудың 12 озық стратегиясы - 1

«Ақылды бала» кітабында бала миы қалай жұмыс істейтіні және даму барысында қандай кезеңдерден өтетіні туралы айтылады. Авторлар – медицина ғылымдарының докторы, көптеген марапаттарға ие болған педагог әрі балалар психологы Дэниел Дж. Сигел мен балалар мен жасөспірімдердің тәжірибелі психотерапевті Тина Пейн Брайсон баланың тентектігі мен еркелігінің астарында не жататынын ашып түсіндіре отырып, осы бағыттағы ғылыми-танымдық теорияларды түсінікті тілмен баяндайды. Оны түсініп оқыған адам бала тәрбиесінің қыр-сырын толығымен білетін болады.

3. Баланы жазасыз тәрбиеле

Баланы жазасыз тәрбиелеудің маңыздылығы қарастырылған. Балаға қысым жасаудың зардабы берілген. Жазаланған балаларда кездесетін ауытқулардың себептері көрсетілген. Баланы қалай жазасыз тәрбиелеуге болатыны айтылған.

4. Балам жақсы болсын десеңіз

Қолдарыңыздағы кітап әке-шешенің бала тәрбиелеуде ескеретін негізгі ұстанымдары мен ақыл-кеңестеріне құралған. Еңбек бүгінгі күннің тәрбие ісіне психологиялық әрі әлеуметтік тұрғыдан үлес қосуымен, бала тәрбиесін кешенді қолға алудың сан қырын ашып көрсетіп, күнделікті өмірден алынған мысалдар беруімен құнды. Кітап ата-ана мен жалпы тәрбиешілерге арналған.

5. Проблема балада ма?

Ата-анаға нұсқаулық ретінде ұсынылып отырған осы кітапта балаларда кездесуі мүмкін мінез-құлықтық, физиологиялық, психикалық проблемалардың шығу төркіні, туындау себептері және оларды емдеу, тәрбиелеу және жақсарту жолдары түсіндірілді.

6. Исламдағы бала тәрбиесі

Еңбекте бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары қамтылған. Дәлірегі, кітапта қалыңдық таңдау мен жанұя құрудың мән-маңызы, ұрпақ тазалығы, сәби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-жоралғылар, баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері және мұсылмандық тәрбиенің мәйегі мен негіздері баяндалады. Еңбек бала тәрбиесіне жауаптылықпен қарайтын барша оқырман қауымға арналған.

7. Өз бетімен әрекет ететін бала

Бірнеше жыл бұрын жарын көрген “Неліктен мен еріншек анамын?” атты мақала ғаламтор желісінде әлі күнге дейін шарлап жүр. Мақала барлық танымал ата-ана форумдары мен топтарды аралап шықты. Көптеген пікірталастар мен талқылауларға себеп болды. Қарап отырсақ, қазіргі ата-аналардың көпшілігін баланың өз бетінше әрекет ете білу дағдысы мен баланың ерке, бейқам, жалтақ болуы алаңдатады екен. Осы кітапта отбасы және балалар психологы Анна Быкова аталмыш сұраққа өз көзқарасын білдірген. Баланың өз бетінше әрекет ете білуі үшін соған сай шарттары бар екен. Егер балаға әркез кеңес беріп, ақыл айтып, бұйырып жүретін болса, ол өз бетінше әрекет етуді үйренбейді. Сондықтан баланың игілігі үшін кейде “жалқау ана” қағидасын ұстанған абзал.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ