Тау асулары дегеніміз не?

0
1852
Freepik.com

Асу деп тау жотасының салыстырмалы түрде аласа, табаны жалпақ, екінші жағына асып өтуге қолайлы жерін айтады. 

Олар тау арасындағы кезеңдердің биіктігіне сәйкес болады. Асулар пайда болуына қарай:

-Эрозиялық (өзендердің тау басындағы аңғарының қарама-қарсы беткейлеріндегі кері эрозиялық әрекет нәтижесінде жақындасуынан пайда болады);

-Тектоникалық (қатпарлардың майысуы, яғни өз осі орнында шөгуінен немесе күмбезді қатпарлықтың жарықты бойлай төмен түсуінен пайда болған);

-Мұздықтық (қардың бір-бірімен қосылуы және одан әрі тапталуы нәтижесінде пайда болған) болып бөлінеді. 

Табаны тарлау асулардан жаяу адам немесе салт атты адам өтеді. Кең, табаны жалпақ асулар арқылы автокөлік өте алады. Егер Іле Алатауындағы асулар 2910-4200 м биіктікте жатса, Жетісу Алтауында — 780-3376 м, Оралда — 400 м биіктік аралығында болады.

Қазақстан тауларында елімізге белгілі Абай (Іле Алатауы, 3650 м), Ақсу (Күнгей Алатау, 4061 м), Алтынемел (Жетісу Алатауындағы Алтынемел жотасында, 1711 м), Арқарлы (Жетісу Алатауы, Айгүл тауында), Күйік (Қаратау жотасындағы Боралдай тауы, 1200 м).

Қордай (Шу-Іле тауларының Кіндіктас және Жетіжол жоталары аралығында, 1233 м), Күрметі (Күнгей Алатаудың Таушілік бөлігінде, 3552 м), т.б асулары бар. Олардың кейбіреулерінен тек жаз айларында ғана салт атты адам өте алса (Күрметі, Абай, т.б) басқа біреулерінен автокөлік өте алады (Арқарлы, Күйік, Қордай, т.б).

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Алатау мен Алтай тауы

  2. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  3. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  4. Сыр бойы туралы ақпарат

  5. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  6. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  7. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  8. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ