Мақсаты: Балалардың білім деңгейін анықтай отырып, ой-өрісін , тіл байлығын дамыту, білімділікке баулу.
Көрнекілігі: білім туралы цытатылар, шарлар,гүлдер.
Бағдарламасы:
1. «Мыңның жүзін білгенше,бірдің атын біл!» (Таныстыру)
2. «Ойнап өсте,ойлап өс!» (Сұрақ-жауап)
3. «Артық болмас білгенің» ( Абайдың бір өлеңінен үзінді айту)
4. «Қызықты математика» (Есептер шығару)
5. «Сиқырлы сөздер» (Сөздер оқу)
6. Қорытынды.
Құрметті қонақтар, тәрбиешілер,бүлдіршіндер!
Біздің балабақшада «Ересектер» тобында өткелі отырған «Топжарған» білім сайысына қош келдіңіздер! Қатысқалы отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, ортаға шақырайық.
Әділ-қазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп,сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
Жүргізуші:
Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып сайыскерлер шықты қане,
Көрермен қошеметпен қол соғады.
1-сайыс бағдарламасы бойынша сайыскерлер өздерін таныстырады.
Қане балалар сендер өздеріңді таныстырып болдыңдар. Ал енді сайыстың келесі бөлімі «Ойнап өсте,ойлап өс!» (Сұрақ-жауап) яғни сұрақ-жауап бөлімі. Екінші бөлімді бастамас бұрын мен сендермен ғажайып бір сәт өткізгім келеді. Ол үшін көрермендерге және сендерге жарты парақшадан таратамын. Түстес келген парақшалары бар кісілер ортаға шығады.
Көрермендер қолындағы парақшаның түсіне қарай сайыскерлерге ерекше тыңдалмаған тілегін айтып сәттілік тілейді. Көрермендерге рахмет,ал сайыскерлерге сәттілік тілей отырып ,
«Ойнап өсте,ойлап өс!» (Сұрақ-жауап) бөліміне кезек береміз.
Қазір мен сендерге сұрақ қоямын, кім тез және дұрыс жауап берсе,соған 10 ұпайдан қойылады. Сұрақты жауап берер кезде қолымыздағы текшені жоғары көтереміз.
1. 5 санынан кейінгі қандай сан?
2. Қандай пішіндерден үй салуға болады?
3. 3 бұрышы ,3 қабырғасы бар бұрышты ата?
4. Жеті санынан тұратын ертегіні ата?
5. Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады?
6. Бұта аласа,ал ағаш ………
7. Піл үлкен, ал тышқан ?
8. Аспанда қанша күн бар?
9. Қоянның құлағы нешеу?
10. Аида қыз бала, Нұрсаят ………..
Жарайсыңдар балалар! Сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Ал енді келесі бөлімге көшпес бұрын сендермен және көрермендермен психологиялық жаттығу жасайық.
Жаттығу «Шапалақ жаңбыр» деп аталады.
Ал сіздер білесіздер ме,шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен.Қане бәріміз бірге сол алақанға оң қолдың сұқ саусағымен соғамыз.Содан соң екінші саусақты қосамыз да,екі саусақпен соғамыз.Содан кейін үш саусақпен,төрт ,бес яғни тұтас алақанмен шапалақтаймыз.
Енді үш рет шапалақтаймыз. Жарайсыздар. Көңіл-күйлеріңіз шамалыда болса көтерілді ме? Енді сайысымыздың үшінші бөліміне көшейік.
«Артық болмас білгенің» ( Абайдың бір өлеңінен үзінді айту). Бұл бөлімде Абай атамыздың кез келген бір өлеңінен үзінді айтамыз.
Жарайсыңдар. Сендер Абай атамыздың өлеңдерін жатқа біледі екенсіңдер. Ал енді «Қызықты математика» (Есептер шығару)
әлеміне саяхатқа барайық. Ол үшін мен сендерге бір-бір конверт таратамын. Ішінде бір есептен жасырылған. Бұл логикалық есептер:
1. Ағашта төрт құс отыр,оған тағы екі құс келіп қосылды. Ағашта қанша құс отыр?
2. Қолыңда бес алма,табақта екі алма барлығы болады неше алма?
3. Қойбүлдіргеннің сабағында 5 бүлдірген өсіп тұр.Екі қойбүлдірген пісіп үзіліп түсті.Сабақта қанша қойбүлдірген қалды?
4. Қоянда 4 сәбіз бар еді, ал оған кірпі тағы 3 сәбіз берді. Сонда қоянда барлығы неше сәбіз болды?
5. Сымда 6 торғай отыр еді, 2 –еуі ұшып кетті. Сымда неше торғай қалды?
6. Жайылымда 3 бұзау жайылып жүр еді, оған тағы 2 бұзау қосылды. Жайылымда неше бұзау болды?
Балалар сендер есеп шығарып шаршап қалған сияқтысыңдар. Бәріңді ортаға шақырамын. Қане бәріміз бірге сергіту жаттығуын жасайық.
Қане ,қатар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Дөңгелене билейік,
Бишілерше бұралып.
Домбыраны қолға алып,
Күй шертейік толғанып
Алақанды ұрайық,
Орнымызды табайық.
Балалар енді бойымызды сергітіп алсақ, «Сиқырлы сөздер» (Сөздер оқу)бөліміне кезек берейік.
Бұл бөлімде сендерге парақша таратамын. Онда сиқырлы сөздер жазылған. Сол сөздерді еш мүдірмей оқу керек. Ал сәттілік тілеймін.
Қош демейміз ,әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен ортаның жұртынан қалыспаңдар-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
ҮІІ.Қорытынды.
Балалар бүгінгі сайысты қортындылағалы отырмыз. Барлығымыз кім жеңімпаз болғанын білгісі келіп отырған шығар. Ендеше әділқазыларға сөз береміз. Бүгінгі «Топжарған» білім сайысына келіп қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Әрқашанда қадамдарыңызға нұр жаусын!.
Басқа материалдар:
- «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
- Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
- «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
- «Білімді информатик» сайысы
- Жасанды интеллект деген не?
- Информатика пәніне қатысты глоссарий
- Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
- «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы
- «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп оқу сайысы
- «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты интеллектуалдық ойын сайысы