Толағай. Отбасылық сайыс сценарийі

0
2395
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Балалардың  денсаулығын  нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын арттыру.Балалар  мен  ата-аналарға  спорттық  ойындарды  орындата  отырып спортқа  деген  қызығушылығын  арттыру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Шынықсаң  шымыр  боласың
Сауығып  айдай  толасың,
Спортты  серік  ете  біл,
Жақсы  азамат  боласың!
Жеңімпаз  болу  оңайма?
Арман  болған  талайға
Болмасаңда  ұқсап  бақ,
Жарысқа  түсіп  қалайда.

ІІ Негізгі  бөлім

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер   бүгінгі  «Толағай»  отбасылық   сайысымызға  қош  келдіңіздер! Көңілді  жарысқа «Күншуақ» тобының  бүлдіршіндері  мен  ата-аналары  қатысады.

Жарысқа  қатысушыларды  ортаға  шақырамыз.
Әр  таңды  бақытпен  атырамыз,
Өнерлі  ой  көгінде  бақылаңыз.
Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға,
Отбасын  шақырамыз.
Сайысты  бастамас  бұрын,  сайысымызға  әділ  баға  беретін  әділқазылар  алқасымен  таныс болайық.

Сайысымызды  бастаймыз!

1. «Жалын» тобы      …………………  отбасы
2. «Бірлік» тобы        …………………. отбасы
3. «Ынтымақ» тобы   …………………. отбасы
4. «Достық»  тобы    ………………….. отбасы
ортаға  шақырамыз

Ойын  мынадай  шарттардан  тұрады:

1. Бетпе-бет.
2. Кенгуру.
3. Баскет  доп
4. Рикша
5. Қаптың арасына  өту
6. Пияз  жинау

1-ойын: «Бетпе-бет»

2-ойын: «Кенгуру»
 
3-ойын: «Баскет  доп»
 
4-ойын: «Рикша»                      

5-ойын: «Қаптың  арасынан  өту» 
 
6-ойын: «Пияз  жинау»
Қорытынды  бөлім:   Жарыс заңы  ежелден
Жеңімпазды  анықтау
Жеңімпаз  болу  шарты  сол
Еңбектену , жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу  артта  қалады.
Бұл  сайыстан ренжімей
Тараса  бізге  жарады — демекші  сайысымыздың  шарттары  бойынша   қорытынды  шығарып    жеңімпазды  анықтап, марапаттау  сөз  әділқазыларға  беріледі.

Жарысқа  қатысушы  ата-аналар мен  бүлдіршіндерге  арналған  сыйлықтарын  табыс етпекші. Қабыл  алыңыздар!

Уа,халқым  назар  аудар денсаулыққа!
Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.
Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді,
Құр  айтпаған  ұлы  Абай  данамызда – демекші  құрметті қонақтар,  келгендеріңізге  көп-көп рамет!

Басқа материалдар:

  1. Перспективалық жоспар (Балабақша жоспары)
  2. Рәміздер туралы тәрбие сағаты (Балабақша)
  3. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  4. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  5. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  6. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  7. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  8. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  9. «Төрт түлігім – ырысым» (балабақша жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ