XIII — XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет (сабақ жоспары)

0
2902

Сабақтың мақсаты:
— күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау.

Зерттеу сұрағы
XIII — XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

Оқулық
XIII — XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет. 162–166 беттер.

Тірек сөздер
— Жыраулар
— Жыр
— Толғау

Ресурстар
1. Қазақтың халық творчествосы. Алматы. Ғылым. 1989. 416 б.
2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Ғылыми-зерттеу мақалалары.
Құрастырған Р.Бердібаев. Алматы. Жазушы. 1985. 367 б.
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. Аруна. 2010.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. Ана тілі. 1991.

Көрнекілік
Мектеп кітапханасымен біріккен жұмыс нәтижесіндегі тақырыпқа бағытталған шағын кітап көрмесі.

Мақсатты айқындау
Жыраулардың қоғамдағы орын айқындап көрсету. Асан Қайғының кімекенін жеткізу. Қазтуған жырау шығармашылығымен таныстыру.

Сабақтың деректік материалдары
“Жырау — қазақтың ежелгі поэтикалық дәстүрдің қалыптастырған, әрі оны сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған көшпелі мәдениеттің аса көрнекті өкілі.

Қазіргі кезде ұлтымыздың рухани игілігіне айналып отырған батырлар, ғашықтық, тарихи, лиро-эпостық жырлар мен толғау,терме, арнау, естірту, жоқтау сияқты тек жыраулар шығармашылығына тән ежелгі поэзияның сан алуан жанрларының басты авторлары да, орындаушылары да жыраулар болды.

Жыраулар жыр шығарушы ғана емес, оны өлеңмен (әуенмен, сазбен, мақаммен) қобыз немесе домбыра сияқты аспаптар арқылы орындап, көпшілікке жеткізуші де.

Замананың болмысы, айтулы оқиғалардың, сол кезеңдегі көшпелі тіршіліктің бейнеленуі жыраулар поэтикасының ең басты қасиеті” (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 2-том. Алматы, 2012. 558 б.)

“Толғау — қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэззиясында кең тараған жанр. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген ХІІ — ХIV ғасырларға сәйкес келеді.

ХV — XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті
өкілдері: Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетай, Бұқар, Дулат, Маханбет, Базар жырау т.б. Хандық дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды.

Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады” (Ұлттық Энциклопедия)

Сабақ түрі мен әдісі
Қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыстағы кіріктірілген сабақ.

Сабаққа қатысты ескертпелер
XIII — XV ғасырлардағы қазақ халқының ақын-жырауларының мұраларын
оқығанда дауыс ырғағы (интонация) арқылы оқушыларға патриоттық сезім
тудыру керек.

Интерактивті тақта арқылы, XIII — XV ғасырлардағы ақынжырауларының шығармалары экраннан жүргізіліп оқылатын бағдарлама арқылы жасалған слайдпен қатар көрсетілсе мақсат етіп қойған тақырыпты тез игеруге болады. Олардың реконструкциялық суреттері көрсетіледі.

Сабаққа “Қазақ әдебиеті” пәнінің мұғалімін қатыстырып, тақырыпты кезектесе отырып түсіндірсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі.

Бағалау мүмкіндігі
Сабақ барысында қамтыған мәселелер мен сұрақтарға жауап бергеніне қарай бағалау керек.

Қосымша тапсырмалар
XIII — XV ғасырлардағы қазақ халқының ақын-жырауларының бірінің шығармашылығын талдап келу.

Білімін шыңдауға берілетін тест
Тесттен 1 дұрыс жауабын тап!

1. Жошы ханның өлімін Шыңғыс ханға жеткізген “Ақсақ құлан” күйінің
авторын белгілеңіз:
А) Қорқыт         Е) Доспамбет
В) Асан қайғы   F) Марғасқа
С) Жиембет      Д) Қазтуған
G) Ақтамберді   H) Кетбұға

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. ХІІІ—ХV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия
өкілдерін көрсетіңіз:

А) Махамбет         Е) Тәтіқара
В) Сүйінбай        F) Асан қайғы
С) Үмбетей         G) Қазтуған
Д) Құрманғазы   H) Қорқыт

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  2. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  3. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  5. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  6. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  7. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  8. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  9. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  10. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  11. XIV-XV ғасырлардағы әлеуметік-экономикалық қатынастар және мемлекеттердің мемлекеттік әкімшілік құрылысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ